Сабақтың тақырыбы:
|
Жасөспірім және ата-ана
|
Күні:28.02.2019ж
|
Мұғалімнің аты-жөні:Мырзахметова А.
|
Сынып:8 А,Ә
|
Қатысқандар саны:
|
Қатыспағандар саны:
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары
|
8.1.3.1 тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну, ұсынылған ақпараттан астарлы ойды анықтау
8.4.4.4 жай сөйлемдерді айтылу мақсаты мен құрылымдық ерекшелігіне сай қолдану
|
Сабақ мақсаттары
|
Тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну, ұсынылған ақпараттан астарлы ойды анықтайды.
Жай сөйлемдерді айтылу мақсаты мен құрылымдық ерекшелігіне сай қолданады.
|
Тілдік мақсат
|
Бүркіт,таудың қиясы,қасиетті қыран, үш балапан, сынақ.
|
Бағалау критерийлері
|
Ақпаратты іріктейді, ішінара ізденушілік жұмыстарын жүргізеді.
Тілдік бірліктерді нормаға сай қолданады.
|
Құндылықтарды дарыту
|
Мәңгілік ел құндылығы: бұл-тарихтың, мәдениет пен тілдің ортақтығы.
Мектеп құндылығы: жұмыс барысында мәдениеттің дамуына, тілдің мәртебесіне көңіл аударту
|
Пәнаралық байланыстар
|
Тақырыпқа байланысты кейбір ұғымдарды түсіндіру үшін биология пәнімен байланыстыруға болады.
|
Бастапқы білім
|
Жасөспірім және заң. Синтаксис
|
Жоспарланған уақыт
|
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
Басталуы 5 минут
|
1.Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу. Сынып реттілігін қадағалау. Оқушыларды түгелдеу. Оқу құралдарын байқау.Топқа бөлу.
2.Психологиялық ахуал қалыптастыру:
Оқушыларға сабақтың мақсаты мен бағалау критерийлері таныстырылады. Оқылым мәтіні бойынша топқа сұрақтар таратылады.
3.Үй тапсырмасын тексеру.
|
Оқулық, дәптер, қалам
|
Жаңа білім 10 минут
|
Білу және түсіну. Сұрақтарға жауап бер.
1. Қыранның сұрағын қалай түсінесіңдер?
2. Қыранның балапандарын аман қалдыру үшін мәтінді қалай аяқтар едіңдер?
3.Тыңдалымдағы "Ата-анамыз өзіне тиісті құрметті көріп жүр ме?" деген сұраққа қалай жауап берер едіңдер?
4."Әкеміз бен анамызға пана болып, жылы сөздермен қуанту, әрдайым жандарынан табылу күнделікті өмірдегі басты қағидамыз болуы керек" дегенді қалай түсінесіңдер?
|
Сұрақ-жауап
|
Сабақтың ортасы.
20 минут
|
Қолдану. Ата-аналар балаларға арнап төмендегі әріптерден басталатын бұйрықты сөйлемдер құраңдар.
2.Сұрақтарға жауап бере отырып, берілген суреттерге қатысты әңгіме құрастырыңдар.
Ата-ана мен бала құқықтары жөніндегі қандай ұйымдарды білесіңдер?
Бала құқығы туралы Конвенцияның балалар құқығын қорғауда қандай маңызы бар?
Дескриптор:
-мәтін мазмұнын түсінеді;
-коментарий жасайды;
-сұрақтарға жауап береді.
|
А4 парағына жазылған сөздер
|
|