Сабақтың тақырыбы:
|
Жастар туралы көзқарастар
|
Күні:19.02.2019ж
|
Мұғалімнің аты-жөні:Мырзахметова А.
|
Сынып:8 А,Ә
|
Қатысқандар саны:
|
Қатыспағандар саны:
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары
|
8.1.2.1 әлеуметтік-қоғамдық, мәдени-тарихи тақырыптарға байланысты диалог, монолог, полилогтердегі (интервью, пікірталас үзінді) автор көзқарасы мен экспресивті-эмоционалды сөздердің рөлін талдау;
8.4.4.4 жай сөйлемдерді айтылу мақсаты мен құрылымдық ерекшелігіне сай қолдану.
|
Сабақ мақсаттары
|
Әлеуметтік-қоғамдық, мәдени-тарихи тақырыптарға байланысты диалог, монолог, полилогтердегі (интервью, пікірталас үзінді) автор көзқарасы мен экспресивті-эмоционалды сөздердің рөлін талдайды.
Жай сөйлемдерді айтылу мақсаты мен құрылымдық ерекшелігіне сай қолданады.
|
Тілдік мақсат
|
Жастар, рухани деңгей, білімділік, біліктілік, көпшілік орта.
|
Бағалау критерийлері
|
Ақпаратты іріктейді, ішінара ізденушілік жұмыстарын жүргізеді.
|
Құндылықтарды дарыту
|
Мәңгілік ел құндылығы: бұл-тарихтың, мәдениет пен тілдің ортақтығы.
Мектеп құндылығы: жұмыс барысында мәдениеттің дамуына, тілдің мәртебесіне көңіл аударту
|
Пәнаралық байланыстар
|
Тақырыпқа байланысты кейбір ұғымдарды түсіндіру үшін биология пәнімен байланыстыруға болады.
|
Бастапқы білім
|
Жасөспірім және заң. Синтаксис
|
Жоспарланған уақыт
|
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
Басталуы 5 минут
|
1.Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу. Сынып реттілігін қадағалау. Оқушыларды түгелдеу. Оқу құралдарын байқау.Топқа бөлу.
2.Психологиялық ахуал қалыптастыру:
Оқушыларға сабақтың мақсаты мен бағалау критерийлері таныстырылады. Оқылым мәтіні бойынша топқа сұрақтар таратылады.
3.Үй тапсырмасын тексеру.
|
Оқулық, дәптер, қалам
|
Жаңа білім 10 минут
|
Білу және түсіну. "Сұрақ ілмегі" әдісі бойынша сұрақтарға жауап бер.
1. Мәтіндегі қазіргі жасөспірімдердің бойынан көруге болатын қандай қасиеттер аталмады?
2. Мәтінде қанша тыныс белгісі бар? Олар не себепті қойылған?
3. Айтылу мақсаты мен білдіретін эмоциясына қарай сөйлемдерді қалай топтастырар едіңдер?
4. Эмоциялық мәні басым қандай сөздер қолданылған?
Дескриптор:
-мәтін мазмұнын түсінеді;
-коментарий жасайды.
|
Сұрақ-жауап
|
Сабақтың ортасы.
20 минут
|
Қолдану.1. Қазақ халқының бала тәрбиелеудегі таным-түсінігі туралы ойларыңды 4-5 сөйлеммен тұжырымдаңдар.
Қазақ - баласының санасына қарнының қамын емес, халықтың қамын ойлауды о бастан-ақ сіңіріп өсірген. Осы қасиеттердің барлығын бала санасына ертеден құя білген қазақ халқы он бестегі ұлына ел басқартқан, шешендің сөз өнеріне қатыстырып тәлім берген."Баланы жетіге дейін хан көтер, он беске дейін құлыңша жұмса, он бестен кейін ақыл сұра" деп, бүкіл тәрбиені бір-ақ ауыз сөзбен тұжырымдаған.
2. Өздерің жазған тұжырымдамағахабарлы сөйлемдерді сұраулы, бұйрықты, лепті сөйлемдерге айналдырыңдар.
Үлгі: Қазақ халқы бала тәрбиесіне үлкен жауапкершілікпен қараған. Қазақ халқы бала тәрбиесіне қалай қараған?..
|
А4 парағына жазылған сөздер
|
|