Сабақ Ортақ тақырып: Жанды табиғат Бөлімше: климат және ауа райы Табиғат жағдайлары және олардың әсері


(Ұ, Ж) Балалармен бірге сабақтың тақырыбын анықтаймыз: «Тарихи және мәдени ескерткіштерді не үшін сақтау керек?»



бет66/113
Дата23.04.2024
өлшемі438.28 Kb.
#499660
түріСабақ
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   113
Дүниетанудан 3 сыныпқа ҚМЖ топтамасы

(Ұ, Ж) Балалармен бірге сабақтың тақырыбын анықтаймыз: «Тарихи және мәдени ескерткіштерді не үшін сақтау керек?»
Сабақтың мақсаттарын атаймыз:

  • тарихи және мәдени ескерткіштердің түрлері жайында білеміз;

  • ескерткіштерге ұқыптылықпен қараудың жадынамасын құрастыруды үйренеміз.




Жаңа сабақ



Оқулықтағы мәтінді оқимыз және тапсырманы орындаймыз:
Мұғалім: Иллюстрацияларды қарап шығыңдар және мына сұраққа жауап беріңдер? Тарихи және мәдени ескерткіштердің қандай түрлері болады?
Оқулықтағы иллюстрацияларда мүсін, ғимарат, ескерткіш, ежелгі қаланың қираған орны, петроглифтер (тасқа қашалып салынған суреттер), мәңгілік алау бейнеленген.
Бұл ескерткіштерге қарап біз нені түсінеміз?


Оқушылардың жауаптары.
Мұғалім: Алдарыңдағы Түркістан, Алматы, Орал, Семей қалаларындағы, Алматы облысындағы тарихи және мәдени ескерткіштер. Қай ескерткіш сендерге таныс, атап шығыңдар.
Жауаптары:

  • Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесі;

  • Оралдағы облыстық өлкетану мұражайы (бұрынғы орыс-қазақ қолөнер мектебі);

  • Алматы облысындағы Тамғалы шатқалындағы петроглифтер (тасқа қашалып салынған суреттер);

  • Семей қаласындағы мешіттің ғимараты;

  • Алматыдағы Вознесенский шіркеуі.

Электронды қосымшадан слайд-презентацияны көру (тапсырмаға дейін).
(Т) Оқулықтағы тапсырмалар бойынша топпен жұмыс жасау:
1-топ
Өздеріңді экскурсия жетекшісімін деп елестетіңдер. Сыныптастарыңа өзіңнің қалаң (ауылың)

Оқулық Оқулық
Электронды қосымша Топқа арналған
тапсырмалары бар парақтар







бойынша ойша экскурсия жаса.
Мына сұрақтар бойынша әңгіме дайындаңдар:

  • Біздің қаламызға (ауылымызға) қанша жыл?

  • Өлкеміздегі қандай тарихи орындарды білесіңдер? Олар тарихтың қай кезеңі жайлы ақпарат береді?

  • Біздің қаламызда (ауылымызда) ескі заманнан қалған ғимараттар сақталған ба?

  • Олардың ішінде ең ескісі қайсысы?

  • Біздің ауылымызда (қаламызда) қандай ескерткіштер бар? Олар кімнің құрметіне немесе қандай оқиғаға байланысты тұрғызылған?

2-топ
«Менің сүйікті ескерткішім» тақырыбында эссе жазыңдар.
Кез келген ескерткішті таңда (ауылыңдағы, қалаңдағы, еліміздегі). Бұл ескерткіш саған несімен ұнайды, соған қатысты 7-8 сөйлем жаз.
3-топ
Баяғыда бір данышпан «Ескерткіш тұрғызған адам болашақты ойлайды» деп айтқан екен. Сендер данышпанның пікірімен келісесіңдер ме? Дәлелдеріңді келтіріңдер.
4-топ
Жер бетіндегі тарихи және мәдени ескерткіштер сақталуы үшін мен не істей аламын?» жадынамасын құрастырыңдар.
Топтардың тапсырмаларды көрсетуі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   113




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет