Сабақ Ортақ тақырып: Жанды табиғат Бөлімше: климат және ауа райы Табиғат жағдайлары және олардың әсері


Оқулықтағы «Жер сілкінісі кезіндегі іс-әрекеттер» тапсырмасы



бет95/113
Дата23.04.2024
өлшемі438.28 Kb.
#499660
түріСабақ
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   113
Дүниетанудан 3 сыныпқа ҚМЖ топтамасы

Оқулықтағы «Жер сілкінісі кезіндегі іс-әрекеттер» тапсырмасы
Ұжымдаса отырып, Жадынаманы құрастыру.
Ғимараттың теңселуін сезсеңдер, үдеп келе жатқан гуілдің және сынған әйнектің дыбысын естісеңдер, үрейге берілмеңдер, тез арада ғимараттан шығыңдар. Далада болған кезде ғимараттың жанында тұрмаңдар, ашық алаңға өтіңдер. Егер еріксізден ғимарат ішінде қалып қойсаңдар, қауіпсіз жерге, мәселен, ішкі қабырғаға, бұрышқа, ішкі қабырға ойығына немесе көтергіш тірек астына тұрыңдар. Егер мүмкіндік болса, үстелдің астына тығылыңдар, терезелер мен ауыр жиһаздардың қасынан аулақта болыңдар. Егер үйіндінің астында қалып қойсаңдар, жағдайға қарап, аяқ-қолдарыңды қимылдатып көріңдер. Егер қан кетіп жатса, қолдағы бар құралдармен оны тоқтатуға тырысыңдар. Ыңғайланып алып, денсаулыққа зиян келтіріп тұрған өткір, үшкір қалдықтардан құтылыңдар. Босқа айқайламауға тырысыңдар.
Одан гөрі металдан жасалған бұйыммен плитаны тақылдатқан жақсы. Жақын маңнан адамдардың дауысы естіліп жатса, көмек сұрау керек.
(Ө) Берілген тапсырманы орындау.
Орындалған жұмысты жаппай көрсету.
(Т) Жағдайды іс жүзінде көрсету. Карточкалар бойынша.










1 карточка
Жер сілкінісі кезінде сендер үйде немесе мектепте болдыңдар. Іс-әрекеттерің қандай болады?
2 карточка
Сел кезінде үйде болдыңдар. Іс-әрекеттерің қандай болады?
3 карточка
Өрт кезінде сендер үйде болдыңдар. Іс-әрекеттерің қандай болады?

Карточкалар. А3 парақтары, маркерлер, тақта

Рефлексия

Мұғалім: Сендер ешқашан адам өміріне қауіп келетін жерлерде болмайсыңдар және табиғи апаттарға тап келмейсіңдер деп үміттенгіміз келеді. Алайда сондай жағдайлар болып
жатса, ең бастысы, сабырлық сақтаңдар және сабақта айтылған барлық нәрселерді еске түсіріңдер.
«Мен Құтқару қызметіне қоңырау соғамын» рөлдік ойыны және берілген тапсырманы
орындау.

Дәптер

Үй тапсырмасы

Оқулықтағы «Топпен жұмыс жасаймыз» тапсырмасын үлкендердің көмегімен Ғаламтор ресурстарын және қосымша әдебиеттерді пайдалана отырып орындауларыңа болады.

Оқулық Дәптер




Мектеп:
Мұғалімнің аты-жөні: Сынып:

Пән: Дүниетану № 30 сабақ
Ортақ тақырып: Су – тіршілік көзі. Бөлімше: 1.4 Денсаулық және қауіпсіздік.

Күні:

Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:

Тақырып:



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   113




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет