Тапсырмасын орындау.
Мұғалім: Кішкентай кездеріңнен ата-аналарың сендерге «мұны жасауға болады» және «мұны жасауға болмайды» деген сөздерді айтып, ненің жақсы, ненің жаман екенін үйретіп келді.
Сосын «Сен дұрыс жасадың» немесе «Сенің жасағаның дұрыс болмады» деп айта бастады.
Сендер ертегілерді тыңдадыңдар, мектепке келгенде өздерің оқи бастадыңдар. Ертегіден сендер мейірімді және жауыз кейіпкерлердің болатынын білдіңдер. Сендер жақсылық
жасауды үйрендіңдер. Үлкендердің берген бағасына және ертегі кейіпкерлерінің іс-әрекетіне қарап, өздеріңнің дұрыс немесе бұрыс жасағандарыңды білдіңдер.
Ал енді өскенде ше? Неліктен ата-аналар «Бала кішкентай кезінде алтын еді, қазір тыңдамайды, барлығын керісінше істейді» деп айтатын болды?
Себебі, сендер өстіңдер және өмірдің ертегі емес екендігін ұғындыңдар. Ал адамдар ертегідегідей жақсы және жаман кейіпкерлерге бөлінбейтіндігін түсіндіңдер. Жамандықты жақсылықтан үнемі айыра бермейсің. Себебі жамандықты білдіртпей жасауы мүмкін, бірден барлығын ұғыну, түсіну қиынға соғады. Кей кездері өзің де айыра алмай, шатасып қалуың мүмкін.
(Ж). Оқулықтағы «Қиын мәселелерді шеш» тапсырмасы
Әдепті адам қандай болу керек? Бір-біріңе сынақ жүргізіп көріңдерші:
Біреудің үйіне немесе пәтеріне кірместен бұрын не істеу керек?
Адамдар бір-бірімен кездескенде және қоштасқанда қандай сөздер айтады?
Кім кімге орын беруі керек? (қонаққа барғанда немесе қоғамдық көлікте).
Қонаққа, театрға, кітапханаға келгенде баскиімді шешу керек пе?
Сен кәмпит жеген соң, оның қағазын не істейсің?
Жануарларды ренжітетін адамдарды әдепті деп атауға бола ма?
Неліктен нағыз әдепті, сыпайы адамдар ешқашан өтірік айтпайды, мақтанбайды, өзінің
|