Сабақ Ортақ тақырып: Жанды табиғат Бөлімше: климат және ауа райы Табиғат жағдайлары және олардың әсері



бет99/113
Дата23.04.2024
өлшемі438.28 Kb.
#499660
түріСабақ
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   113
Дүниетанудан 3 сыныпқа ҚМЖ топтамасы

«Зиянды» сұрақтар.

  1. Бұрауды жалаңаш теріге таңуға бола ма? (Жоқ)

  2. Қандай шөп қан кетуді тоқтатады? (Жолжелкен)

  3. Қанның көктамырдан немесе күретамырдан шығып жатқанын қалай білуге болады?

Карточкалар Оқулық


Түрлі-түсті суреттер


Бұрау, таңғыш


Карточкалар Оқулық
Жолжелкен







(Көктамырдан қара-қошқыл, ал күретамырдан алқызыл қан шығады)
2.
Сен үзіліс кезінде ойнап жүрдің, кенет сенің мұрныңнан қан кетті. Іс-әрекетің қандай болады?
Жауаптары:

  1. Алға қарай иіліп отыру

  2. Мұрынға мұз қою

  3. Егер көмектеспесе, мұрынды 5-10 минутқа саусақпен қысып отыру.

  4. Егер көмектеспесе, тұз ерітіндісіне мақтаны сулап алып (бір стақан суға 1 шәй қасық тұз) мұрынға салу.

  5. Егер көмектеспесе, дәрігерге қаралу.

«Зиянды» сұрақтар.

  1. Мұрыннан аққан қан тамаққа қарай ағылуы үшін шалқалап жатуға бола ма? (Жоқ)

  2. Қанды сутек тотығымен тоқтатуға бола ма? (Иә)

  3. Мұрыннан қан кеткеннен кейін шәй, кофе ішуге бола ма? (Жоқ)

3.
Бақшада жүргенде сені сона немесе ара шағып алды. Іс-әрекетің қандай болады?
Жауаптары:

  1. Теріден араның бізгегін бас бармақтың тырнағымен қысып отырып алып тастау;

  2. Жараға суық компресс қою.

  3. Оның аяқтары басынан жоғары тұруы үшін арқамен шалқалап жату;

  4. Тыныс алуды жеңілдету (белдікті, көйлектің жағасын ағыту)

  5. Көрпе жамылу;

  6. Ештеңе ішіп, ештеңе жемеу керек.

«Зиянды» сұрақтар.

  1. Сонаның бізгегін алып тастау керек пе? (Жоқ, сона бізгегін қалдырмайды)

  2. Ал егер ара тіліңді шағып алса, ол күлкілі ме? (Жоқ, бұл өте қауіпті, тұншығып қалуың мүмкін)

  3. Ара немесе сона шаққан кезде есіңнен танып қалуың мүмкін бе? (Иә, мүмкін, тіпті соңы өлімге алып келу де мүмкін)

Түрлі-түсті суреттер


Мақта, тұз, стақан
Бұрау, таңғыш
Түрлі-түсті суреттер







4.
Сендер от тұтандырып, балық сорпасын қайнатамыз деп шештіңдер. Ыдыстағы қайнап жатқан су төңкеріліп түсіп, досың қолын күйдіріп алды. Іс-әрекеттерің қандай болады? Жауаптары:

  1. Күйген жерге мұз салынған қалтаны немесе суық суды 5-10 минутқа қою.

  2. Күйген жердің айналасын спиртпен, жасыл дәрімен немесе марганец ерітіндісімен сүрту.

  3. Тазартылған таңғышпен байлау.

  4. Күйіп қалған адамға ауырсынуды басатын дәрі беру.

  5. Оны ауруханаға жеткізу.

«Зиянды» сұрақтар.

  1. Күйген жерден зақымданған теріні, киімнің қалдықтарын алып тастауға бола ма? (Жоқ)

  2. Күйген жерді спиртпен, жасыл дәрімен, йодпен, маймен, жақпа маймен сүртуге, ұнтақ жағуға бола ма? (Жоқ)

  3. Күйген жерді таңғышпен қатты байлауға бола ма? (Жоқ)

Дәптер

Суық компрес

Суық су, спирт, марганец ерітіндісі, таңғыш

Йод, жақпа май, таңғыш



Рефлексия

«Нысананы көзде» дәптермен жұмыс.

Дәптер

Үй тапсырмасы

Оқулықтағы «Өзім жасаймын» тапсырмасы.

Оқулық

Мектеп: Мұғалімнің аты-жөні:
Сынып:

Пән: Дүниетану № 31 сабақ
Ортақ тақырып: Демалыс мәдениеті. Мейрамдар. Бөлімше: 1.1 Менің отбасым.

Күні:

Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:

Тақырып:

Отбасының берекесі бәрінен де қымбат.

Оқыту мақсаты

3.1.1.3 Өз отбасыңның құндылықтарын анықтау.

Сабақтың мақсаты
(Күтілетін нәтижелер)

Барлық оқушылар:
– отбасы мүшелерін жақсы көреді, оларға құрмет көрсетеді, қамқор болады;




– отбасылық құндылықтарды сақтаудың мәнін түсінетін болады.




Көптеген оқушылар:
– «отбасы», «бақытты отбасы» деген түсініктердің мағынасын ұғынатын болады.







Кейбір оқушылар:
Сыныптағы оқушылардың бірігіп, ұжымдасып жұмыс істеуіне жағдай жасайды, мүмкіндік туғызады.

Тілдік мақсат

Оқушылар ойланып, өз пікірлерін дәлелдеп, қорытындылар шығара алады.
Пәндік лексика және терминология:
Отбасы. Береке. Бақыт.
Диалогке/хатқа арналған пайдалы фразалардың топтамасы.
Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі.
Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Бақытты болу үшін не керек?

  • Барлық отбасылар бақытты ма?

  • Қандай рухани құндылықтар бізді бақытты қылады?

Хат:
«Сиқырлы сөз» жоспары бойынша әңгіме құрастыру

Алдыңғы білімдер

Менің отбасымның рухани құндылықтары

Сабақтың жоспары

Сабақ кезеңдері

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Ой қозғау

Мұғалім: Барлығыңның жақсы көңіл күйде болғандарыңды көргеніме өте қуаныштымын. Жақсы көңіл күймен сабағымызды бастасақ, жақсы нәтижелерге жетеміз деп ойлаймын. Сабақтың басында мына аңызды көңіл қойып тыңдағандарыңды қалаймын.
Ерте, ерте, ертеде, көптеген ғасырлар бұрын аспанда қазіргі кездегідей көп жұлдыз болмапты. Түнде аспан ашық болған кезде тек бір ғана жұлдызды көруге болады екен. Ол жұлдыз бірде қатты жарқырап тұрса, бірде көмескі, күңгірт тартып тұратын болған. Бір күні Ай жұлдыздан былай деп сұрапты: «Жұлдыз, неге сенің жарығың әртүрлі: кейде түннің өзін самаладай
жарық етіп жібересің, кейде білінер-білінбес күңгірттеніп тұрасың»? Жұлдыз ұзақ үнсіз қалды да, терең демалып, жауап берді: «Мен жалғызсыраған кезде менің жарығым күңгірттенеді. Себебі менің жанымда мен сияқты, маған ұқсайтын бірде-бір жұлдыз жоқ. Ал мен қасымда жұлдыздардың болғанын қалаймын, оларды күнде көріп, күнде дауыстарын естігім келеді». «Ал қай кезде сен жарқырай түсесің?» – деп сұрады Ай. «Мен асығып кетіп бара жатқан жолаушыны көргенімде одан сайын жарқырай түсемін. Олардың қайда, кімге асығып бара жатқандығын үнемі білгім келіп тұрады». «Сен олардың қайда асығып бара
жатқандығын білдің бе»? – деп сұрады Ай. «Иә, – деді Жұлдыз.
– Бір күні мен осы сұрақты жолда көп уақыт жүрген жолаушыдан сұрадым. Оның жол

Баяу музыка







жүруден әбден шаршағаны, қатты жүдегені көрініп тұрды. Әрбір басқан адымы оған қиыншылықпен келіп жатты. Бірақ көздері…». «Ал оның көздері қандай еді»? – деп ай
таңдана сұрады. «Бақыт пен шаттықтан олардың көздері жарқырап тұрды», – деп жауап берді де, терең демалып, қайта жалғастырды.
– Сенің көздеріңнен бақыт пен қуаныш көріп тұрмын, себебі не, жолаушы»? Жолаушы былай деп жауап берді: «Қақаған қыста тоңып, нанның бір үзіміне зар болып, күннің ыстығына тұншығып жүрсем де, мен барлық қиындықтарды артта қалдырып, тек қана алға жүріп
отырдым. Себебі үйде мені сағына, тағатсыздана күтіп отырған отбасымның – әйелім,
балаларым, немерелерімнің барын ешқашан естен шығармадым. Олардың бақытты жүздерін көру үшін, мен мүмкін емес нәрселерді жасауға дайынмын». Жұлдыз сәл үндемей тұрып,
былай деді: «Міне, өз үйіне, өз отбасына асығып бара жатқан жолаушылардың жолын
жеңілдету үшін, мен оларға жарық сыйлауға тырысамын». Ай Жұлдызға қарады да, былай деп сұрады: «Менің кішкентай ғана көмекшім! Ал сен өз отбасың болғанын қалайсың ба?» «Ал
бұл мүмкін бе?» – деп Жұлдыз үмітке толы көздерімен қарады. Осыдан кейін Ай бірде-бір сөз айтпастан, ойланбастан алтын түстес киімінің жеңімен бір сілтеп қалып еді, сол арада аспанда мыңдаған жұлдыздар пайда болып, айнала жарқырай түсті. Барлығы да кішкентай Жұлдызға жарықтарын төге, жылтылдай: «Біз сенің жаныңдамыз, біз осындамыз, енді біз – бір
Отбасымыз» деп сөйлегендей болды.
– Бұл ертегі не туралы? Дәл осы ертегіні не үшін тыңдадық, қалай ойлайсыңдар? Біз
сендермен қандай тақырыпты сөз етеміз? Дұрыс, біз сендермен отбасы жайында сөйлесетін боламыз.
Отбасы – жылы ұямыз, Тірегі – ата-анамыз.
Уыз сүт еміп осында, Уылжып біздер өсеміз. Осында үлгі аламыз, Осында адам боламыз. Еркелеп, ойнап, еліктеп,
Осында өсіп толамыз. (Естеу Нүсіпбеков)




Жаңа сабақ

Балалар, барлық адамдар бақытты болғысы келеді, солай емес пе? Егер барлық адамдар
бақытты болғысы келсе, онда барлығы да бір нәрсені ғана армандайды деген сөз бе? Яғни, бақыт деген ұғымды әр адам әрқалай түсінеді. Қазір қиын емес тапсырманы орындаймыз. Адам өміріндегі бақыт деген ұғымға сәйкес келетін маңызды нәрселерді маңыздылығына










қарай нөмір қойып жазып шығыңдар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   113




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет