Сабақ Ортақ тақырып: Жанды табиғат Бөлімше: климат және ауа райы Табиғат жағдайлары және олардың әсері



бет102/113
Дата23.04.2024
өлшемі438.28 Kb.
#499660
түріСабақ
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   113
Дүниетанудан 3 сыныпқа ҚМЖ топтамасы

Мен және қоғам

Оқыту мақсаты

3.1.2.3 қоғамда өзін-өзі ұстау әдеп нормаларын түсіндіру.

Сабақтың мақсаты (Күтілетін нәтижелер)

Барлық оқушылар:

  • жанжалсыз, даусыз қарым-қатынас құрудың этикалық нормаларын білетін болады;

  • қоршаған әлемді позитивті қабылдай алатын болады.

Көптеген оқушылар:

  • алған білімдерін өмірде пайдаланатын болады.

Кейбір оқушылар:
Сыныптастарына деген өзінің қарым-қатынасын түзейтін болады.




Тілдік мақсат

Оқушылар қоғамда өзін қалай ұстау керектігін үйренеді, тәртіпсіздік жасаудың соңы неге алып келетіндігін түсінеді.
Пәндік лексика және терминология:
Адам, қоғам, мейірім.
Диалогке/хатқа арналған пайдалы фразалардың топтамасы:
Әдептілік – әдемілік белгісі
Талқылауға арналған сұрақтар:
– Адамдардың арасында өзіңді қалай ұстау керек?

  • Рухани құндылықтар дегеніміз не?

  • Келеңсіз жағдайлар орын алса, оны қалай түзетуге болады?

Хат:
Берілген тапсырмадағы сұрақтарға жауап беру.

Алдыңғы білімдер

Отбасының берекесі бәрінен де қымбат

Сабақтың жоспары

Сабақ кезеңдері

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Ой қозғау

Мұғалім:
Адамның бақытты ғұмыр кешуі үшін табиғат барлығын жаратты: ағаштар, жарқыраған күн, таза су, құнарлы топырақ, және де бізді – күшті, әдемі, дені сау, саналы адамдарды. Барлық адам бақыт үшін жаралады. Оның жүрегі тек қана мейірімділікке, қайырымдылыққа толы
болуы керек.
Өмір – адамға берілген баға жетпес сый. Өмірдің әрбір сәтіне қуана білу керек. Айналаңдағы табиғаттың әсемділігіне сүйсіне білу керек. Адамдарға жылы сөздер айтып, күлкіңмен қуаныш сыйласаң, сенің де өмірің бақытқа толы болады.

  • Егер менімен келіссеңдер, «Өмір – бізге берілген бағалы сыйлық!» деп айтыңдар.

  • Балалар, бүгінгі сабаққа дейін біз сендермен әдептілік жайлы, өзіңді ұстау мәдениеті жайлы көптеген әңгіме жүргіздік. Бүгінгі сабағымыз осы әңгімелердің жалғасы болмақ. Бірінші

сыныптан бастап біз сендермен мектепте, көшеде, қоғамдық орындарда өз-өзіңді қалай ұстау керек деген мәселелерді оқыдық. Сендерге кішіге ізет, үлкенге құрмет көрсетуді, адамдарға қуаныш сыйлауды, қайырымды, мейірімді болуды үйреттік.
Сендер өздеріңді қоғамдық орындарда қалай ұстайсыңдар, үнемі әдептілік танытып
жүресіңдер ме, адамдарға деген қарым-қатынастарың қандай? Осы мәселелерді ойланып көріңдерші. Сендер ештеңе жасырмай, барлығын ашық айтады деп үміттенемін.

Слайдтар




Жаңа сабақ

Мұғалім: Бүгін біз «адам» деген ұғыммен жақын таныса түсеміз. Қалай ойлайсыңдар, «адам» және «қоғам» деген сөздер бір мағынаны білдіре ме? (оқушылардың пікірі тыңдалады) Оқулықтағы «Ненің артық екенін анықта» тапсырмасын орында.
Мұғалім: Адам басқа адамдардың қасында тұрғанда өзін жақсы сезінуі үшін нені білуі керек деген мәселеде әңгімелесейікші.
Адам қоғамда өзін қалай ұстау керек, қалай өмір сүру керек?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   113




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет