3. Ой толғаныс. Бұл кезеңде үйренушілер жаңа мәліметтерді өздерінің бұрынғы білімдері- мен салыстыра отырып өзгертеді. Кезеңнің басты мақсаттары: Үйренушілер өз ойлары мен түсініктерін өздері игерген мәліметтер арқылы жеткізеді. Зерттеу және түсінік – өзіндік, дербес ұғымдар. Үйренушілер бір – бірімен ой бөліседі. Пікірлесу арқылы үйренушілерде өзіндік пікірлердің пайда болуына ойталқыда келтірілген көзқарастардың сан алуандылығы септігін тигізеді. - 7 – сыныпта қазақ әдебиеті пәні бойынша Т.Әбдіковтың «Қонақтар» әңгімесін оқыту барысында төмендегідей әдістерді қолдану арқылы оқушылар кейіпкерлерді салыстырады, бағалайды, мәселені анықтап, өмірмен байланыстырады, өз пікірін жүйелі жеткізе білуге, қорытынды тұжырым жасауға, сыни ойлауға үйренеді.
- «Қос диаграмма» әдісі
- Әдеби шығарманың кейіпкерлері Ерғабыл мен Сапабекке салыстырмалы мінездеме береді.
| - «Попс формуласы» әдісі бойынша оқушылар шығарма кейіпкерлерінің іс-әрекеті туралы өз ойларын айтады.
- 1. Менің ойымша ...
- 2. Себебі, мен оны былай түсіндіремін ...
- 3. Оны мына мысалдармен дәлелдей аламын ...
- 4. Осыған байланысты мынадай шешімге келдім ...
| - Ережесі: Тақырыпқа байланысты видео көрсетіледі. Кез келген кадрда стоп басып, ары қарай жалғастыру ұсынылады. Ауызша да, жазбаша да орындауға болады. Бір уақытта бірнеше сыныпты қамтуға немесе бірнеше оқушыға бөліп беруге болады
- Мақсаты: ойын жүйелі жеткізуге дағдыландыру, ойлау қабілеттерін арттыру.
- Ережесі: оқушы ойын, пікірін, көзқарасын, дәлелін, мәселені шешу жолдарын тек 20 сөзбен ғана жеткізу керек
- Шығарма кейіпкерлеріне хат жазғызу;
- Белгілі бір тақырыпқа байланысты өз пікірін, дәлелін 20 сөзбен ғана жеткізу;
- Сұраққа 20 сөзбен жауап жаз (сөз санын өзгертуге де болады)
|