Сабақ тақырыбы: «Ағымдағы банктік шотының операциялары есебі»


Іс-сапарға жіберілген қызметкерге келесідей шығындарды өтеуге береді



бет15/44
Дата08.04.2024
өлшемі0.58 Mb.
#497966
түріСабақ
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   44
«Қаржылық есеп» пәнінен дәріс материалдары

Іс-сапарға жіберілген қызметкерге келесідей шығындарды өтеуге береді:
1. екі жағына жол жүру билеттері
2. әрбір күнге тәуліктен (2 МРП - айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде)
3. тұрғын үйді жалдау шығындары (түбіртекті көрсету бойынша)
4. жол жүру билеттерін және қонақ үйінде пайдалану, төсек-орын жабдықтарын пайдалану шығындары, оларды растайтын құжаттары болған жағдайда.
5. жол жүру билеттері болмаған жағдайда жол шығындары көлікпен жүрудің ең төменгі құны бойынша қайтарылады.
Есеп беруші тұлға белгіленген мерзімде өзінің шығындары туралы аванстық есепті бухгалтерияға 3 күннің ішінде тапсыруға міндетті. Бухгалтерия аванстық есепті тексеріп, ұйым басшысы бекітуге жататын сома шығындарын анықтайды. Есеп беруге тиісті тұлға мен есеп айрысудың жинақтау есебі №7 журнал-ордерде, айналым тізімдемесінде, ал талдау есебі аванстық есеп, 1252 талдау шотында жүргізіледі.
Есеп беруге тиісті тұлғалар бойынша әрекеттер № 1252 «Есеп беретін сомалар» шотында жүргізіледі. Бұл шот активті, негізгі, есеп айырысу болып табылады.


Курс тақырыбы 1.2.: «Ақшалай қаражаттар, есеп айрысу және несиелік әрекеттер есебі»
Сабақ тақырыбы №7: «Банк несиелерінің есебі»


?1. Банк несиесінің түсінігі мен қажеттілігі
?2. Банк мекемелері несиелерінің есебі


1.

Курс тақырыбы 1.2.: «Ақшалай қаражаттар, есеп айрысу және несиелік әрекеттер есебі»
Сабақ тақырыбы №8: «Дебиторлармен есеп айырысу есебі»


?1. Дебиторлық берешек есебін ұйымдастыру
?2. Дебиторлармен есеп айырысуын есепке алу


?1. Кәсіпорындар мен ұйымдардың басқа заңды немесе жеке тұлғалардан оларға сатқан тауарларың көрсеткен қызметтері, сондай-ақ аванс ретінде алдын-ала төлеген төлемдері үшін борыштарыдебиторлық берешектер деп аталады. Осы кәсіпорындар мен ұйымдарға берешегі бар заңды және жеке тұлғалар дебиторлар болып табылады.
Ұйымның қаржы жағдайын сипаттайтын көрсеткіштердің қатарына дебиторлық берешектерінің айналымы жатады. Яғни дебиторлық берешектердің есептелген уақыты мен өтелу уақытының арасындағы мерзім күндерінің саны. Бір жылдан астам уақыт бойы алынбаған дебиторлық берешектер Ұзақ мерзімді дебиторлық берешектер болып есептеледі. Кәсіпорындар өз тауарларын сатқанда кейде сатып алушыларға баға жеңілдіктерін береді. Ұйымдардың мұндай қадамға баруының басты себебі сатып алушыларды қызықтыру арқылы сатылатын тауарларының сатып алушыларды қызықтыру арқылы сатылатын тауарларының көлемін арттыру болып табылдады.


?2. Ұйымның дебиторлық берешегі оған байланысты кіріс танылған жағдайда ғана анықталады. Дебиторлық берешектер сатылған өнімдер мен тауарлардың құнынан баға жеңілдіктерін (скидки) және қайтарылған тауарлардың құнын алып тастағандағы қалдық сома бойынша есептелінеді.
Өтелетін уақытына қарай 1200 «қысқа мерзімді дебиторлық берешегі» және 2100 «ұзақ мерзімді дебиторлық берешек» шоттарында жүргізіледі.
Дебиторлық берешек келесідей бөлімдерден тұрады:

    • Сатыпалушылар мен тапсырыс берушілердің берешегі

    • Күдікті қарыздар бойынша резервтер

    • Еншілес (тәуелді) серіктестіктердің дебиторлық берешегі

    • Басқа да дебиторлық берешек

    • Алдағы кезең шығындары

    • Берілген аванстар

Ұйымдардың бухгалтериясы дебиторлық берешек есебін жүргізу барысында мына төменде аталған құжаттарды (есептіркегіштерді) қолданады:
- №7 журнал-ордер - «Жұмысшыларменбасқа да тұлғалардың берешегі»
- №8 журнал-ордер - «Алынуға тиісті ҚҚС», «Есептелген пайыздар», «Басқа да дебиторлық берешек», «Берілген аванстар»
- №9 журнал-ордер қосымша тізімдеме – «Берілген аванстар»
- №10 журнал-ордер – «Күдікті қарыз бойынша резерв», «Алдағы кезең шығындары»
- №11 журнал-ордер – «Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің берешегі», «Еншілес (тәуелді) серіктестіктердің дебиторлық берешегі».
Есеп нысанын таңдау құқығы толығымен бас бухгалтердің құзырында, яғни ол алғашқы құжаттарды топтастырудың ең қарапайым түрін таңдап, шоттар корреспонденциясын жүргізуге міндетті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   44




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет