Ағымдағы құны - бұл ұйымның белгілі бір уақыттағы негізгі құралының нарықтық бағасы болып табылады.
Баланстық құны - ұйымның бухгалтерлік есебінде көрсетілген негізгі құралдардың бастапқы құнынан жинақталған тозу сомасын алып тастағандағы құны.
Келісілген (сату) құны - кез келген екі жақтың, яғни негізгі құралдарды сатушы мен сатып алушының арасындағы келісілген құн.
Қалдық құны - негізгі құралдардың пайдалану мерзімі аяқталғаннан кейін оны бұзу, жоюдан алынған іске жарамды бөлшектерінен құнынан объектіні есептен шығаруға байланысты жұмсалатын келешектегі шығындарды алып тастау арқылы анықталынады.
3. Негізгі құралдардың есебі 2400 шоты бөлімшелерінде жүргізіледі:
2410-Негізгі құралдар шоты
2411-Жер
2412-Ғимараттар
2413-Машиналар мен жабдықтар
2414-Көлік құралдары
2415-Компьютерлер, перифериялық қондырғылар, және деректерді өңдеу жөніндегі жабдықтар
2416-Кеңсе жиһаздары
2417-Өндірістік құрал-саймандар мен керек жарақтар
Негізгі құралдардың келіп түсуі, бір цехтан екіншісіне орын ауыстыруын, қоймадан пайдалануға берілуін рәсімдеу үшін, сондай-ақ басқа да субъектілерге берілген кезінде (жарғылық капиталға қосқан үлестерді, сатуды сыйларды) негізгі құралдың құрамынан шығару үшін қабылдау-тапсыру (орнын ауыстыру) актісі қолданылады. НҚ қабылдауды рәсімдеу кезінде ұйым басшысы бекіткен комиссия қабылдап 1 данада акт құрып, осы объектіге техникалық төлқұжат тіркеліп бухгалтерияға беріледі, оны бас бухгалтер қол қойып, басшы бекітеді.
Қабылдау-тапсыру (орнын ауыстыру) актісінде, міндетті реквизитттермен қоса, комиссия қызмет ету мерзімін және болжамдық жою құнын көрсетеді. Қызмет ету мерзімін шаруашылық жүргізуші субъект дербес анықтайды, яғни ол техникалық жағдайынан, нормасынан басқа да көрсеткіштерінен шығады. Ал болжамдық құны есеп саясатында көрсетілуі керек, комиссия көзбен (визуально) анықтайды немесе бастапқы құнның 0,01-ден 2%-ке дейін сомасы алынады.
НҚ ұйым ішінде орын ауыстыруын цех қызметкері екі данада толтырады. Алушы мен тапсырушының қолдары қойылып, біреуі бухгалтерияға беріліп, ал екіншісі тапсырушыцехта қалады. Ақысық берген кезде екі данада тапсырушы және қабылдаушы субъектілерге толтырылады. Басқа субъектіге сату кезінде 3 данада: 1- қозғалысы т/лы есеп беруге құралдың нақты болуын көрсетеді, 2- е/а төлем құжаттарына тіркеледі, 3- қабылдаушы адамға беріледі.
Бухгалтерияға келіп түскен объектіні МЖТ бекітіп, мүліктік карточка ашады. Объектіге мүліктік тізімдеу нөмерін беріп, Мүліктік тізімге алады.
Достарыңызбен бөлісу: |