Сабақ тақырыбы: «Ағымдағы банктік шотының операциялары есебі»



бет21/44
Дата08.04.2024
өлшемі0.58 Mb.
#497966
түріСабақ
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   44
«Қаржылық есеп» пәнінен дәріс материалдары

Курс тақырыбы 1.3.: «Негізгі құралдар мен материалдық емес активтер есебі»
Сабақ тақырыбы №11: «Ғимараттар мен құрылғыларды мердігерлік және шаруашылық әдістермен салу есебі»
?1. Негізгі құралдады жөндеу есебі
?2. Ғимараттар мен құрылғыларды мердігерлік және шаруашылық әдістермен салу және жөндеу
1. Ұйымдар негізгі құралдарын тозып, істен шығып қалмау үшін белгілі бір уақыт аралығында жөңдеп отырады. Негізгі құралдарға жүргізілетін жөндеу жұмыстары өзінің ұйымдастырылуына қарай ағымдағы және күрделі болып бөлінеді.
Ағымдағы жөндеу дегеніміз НҚ тозып, істен шыққан бөлшегін жұмыс процессі барысындаауыстыру немесе оны қалпына келтіру болып табылады. М/ы: майлау, сырлау.
Күрделі жөндеу дегеніміз алдын ала жоспарланып, тозған НҚ бөлшегін толығымен ауыстырып, оларды түгелдей жаңартуды айтады. Күрделі жөндеуден кейін негізгі құралдардың бастапқы құны өседі.
2. Ұйымдар құрылыс монтаждық жұмыстарын екі әдіспен шаруашылық және мердігерлік әдіспен жүзеге асырады. Неғұрлым прогрессивті және үнемді болып саналатын мердігерлік әдісте негізгі құралдарды арнайы жабдықталған субъектілер жөндейді, ал шаруашылық әдісі бойынша жөндеу субъектілерінің өз күшімен және қаражатымен жүзеге асырылады.
Үйлер мен ғимараттарды шаруашылық әдіспен салу кезінде құрылыс материалдары, құрал-жабдықтар, құрылыс машиналары механизмдерінің жұмысы, жұмысшылардың еңбекақысы, үстеме шығысының тиесілі үлесі , сәулетшілер, заңгерлер көрсетілген қызметінің төлемі, құрылысты салу кезеңіндегі сақтандыруға жұмсалатын шығыстар, құрылыс салу кезеңінде берілген несиелер бойынша пайыздар, құрылыс салу үшін рұқсат алуға жұмсалатын шығыстар, жобалық-сметалық құжаттардың құны, құрылыс бойынша жұмсалған шығыстардың барлығы бастапқы құнға қосылады.
Мердігерлік әдіспен тұрғызылған үйлер мен ғимараттар бойынша объектіні тұрғызу бойынша жүргізілген жұмыстардың келісілген құнына құрал-жабдықтарды сатып алуға жұмсалған шығыстар қосылады, егер оның құны тапсырыс-беруші тарапынан төленген болса.
Басқа ұйымдарға өзінің құралдарын жөндету барысында кәсіпорындар мердігерлік ұйыммен келісім-шарт жасасады. Ол шартта жөндеу үшін керекті материалдар мен қай ұйымның қамтамасыз ететіндігі, жөндеу жүргізу мерзімі, жөндеу жұмысының құны, есеп айырысу тәртібі және т.б. жағдайлар көрсетіледі. Жөндеу жүргізілген НҚ ұйымда тағайындалған комиссия мүшелерінің шешімімен қабылдап алады. НҚ қабылдау барысында үлгі түрі
НҚ-2 «Жөнделген, қайта құрылған және жаңартылған объектілерді қабылдау-тапсыру актісі» толтырылады. НҚ-ң төлқұжаттарына, түгендеу карточкаларына жүргізілген жөндеуге байланысты тиісті деректер жазылуы тиіс. Мердігерлік әдіс кезінде акт 2 данада, 2-ші данасы жөндеген ұйымға беріледі.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   44




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет