1300
|
Қорлар
|
1310
|
Шикізаттар мен материалдар
|
1311
|
Материалдар
|
1312
|
Сатып алынатын жартылай фабрикаттар және жинақтаушы бұйымдар
|
1313
|
Отын
|
1314
|
Ыдыс және ыдыстық материалдар
|
1315
|
Қосалқы бөлшектер
|
1316
|
Өзге материалдар
|
1317
|
Қайта өңдеуге берілген материалдар
|
1318
|
Құрылыс материалдар және басқалар
|
1320
|
Дайын өнім
|
1330
|
Тауарлар
|
1340
|
Аяқталмаған өндіріс
|
1350
|
Өзге қорлар
|
2. Еңбек заттары біртекті емес. Олардың бір-бірінен өндірісте атқаратын міндеттеріне қарай, физикалық және химиялық қасиеттеріне қарай өзара айырмашылықтары бар. Осымен байланысты ТМҚ төмендегідей жіктеледі:
1) Шикізаттар – бұрын азды-көпті еңбек сіңірілген заттарды айтады. Құрамына кен өндіруші өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы мекемелерінің өндірген өнімдері – мұнай, кен, мақта, тері, ағаш т.б. материалдар жатады.
2) Негізгі материалдар – қатарына өнімнің өзіндік құнын құрайтын өңдеуші өнеркәсіп өнімдері – ұн, мата, кірпіш т.б. жатады.
3) Өндіріс процессінің бір сатысынан толық өтіп әрі қарай өңдеуді қажет ететін материалдар жартылай фабрикаттар деп аталады. Материалдрдың бұл түрін әрің қарай өңдеу арқылы дайын бұйымдар алынады. Олардың аяқталмаған өнімнен айырмашылығы, оны сол күйінде сатуға болады. Сатып алған ұйыдар ары қарай өңдейді. Жартылай фабрикаттарға құрылыс ұйымдарында – бетон және ағаш бұйымдарын, металлургияда – шойын мен болатты жатқызуға болады.
4) Көмекші материалдар - әр түрлі химикаттар мен мйланатын, сүртетін және жөндеуге керекті басқа да материалдар жатады. Көмекші материалдардың негізгі материалдардан өзгешелігі, олар өнімнің материалдық негізін құрамайды, тек өндіріс процессі барысынданегізгі материалдарға өзінің қандай да бір тиісті әсерін тигізіп, негізгі материалдардың түсін немесе басқа жақтарын өзгертеді. Мысалы: бояулар, әктер.
Материалдық қорлардың ішінде бөлек топ болып отындар, ыдыс және ыдыстық материалдар, қосалқы бөлшектер, құрылыс материалдарыжәне т.б. есептеледі. Отындар тобына техникалық мақсатта энергия өндіруге, үй жайларды жылутуға пайдаланылатын материалдардың барлық түрі жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |