Материалдық емес активтердің келіп түсуі
Материалдық емес активтерді жасауға байланысты шығындарды оның түрі мен оны жасаумен айналысатын бөлімшеге байланысты 8030, 8040 – шы бөлімшелердің шоттарында ескеруге болады.
Шаруашылық серіктестіктері туралы ҚР Президентінің Жарлығына сәйкес – шаруашылық субьектілері жарғылық капиталға салым ретінде салынған құқықты енгізуге құқылы. Олар кірістік әдіспен немесе капиталданған жалдық көлемнің бағасы бойынша қысқартылған түрде бағаланады. Үйлерді, ғимараттар мен жабдықтарды уақытша пайдалану құқы құнының сомасы есепке алынады, бұл сомаға Д-т 2700 К-т 5020. Уақытша пайдалануға алынған үйлердің, ғимараттардың және жабдықтардың өзі баланстан тыс 001-шотта ескеріледі.
Материалдық емес активтердің амортизациясының, материалдық емес активтерді түгендеудің есебі
Өндірістік-шаруашылық қызмет процесінде материалдық емес активтер моральдік жағынан тозуға ұшырайды.
Есептелген тозудың мақсаты – пайдаланудың белгіленген мерзімі ішінде тозуды өндіріс пен айналымның шығындарына қосу есебінен олардың құнын өтеу үшін көздерді қалыптастыру. Материалдық емес активтердің амортизациясын есепке алу үшін «Материалдық емес активтердің амортизациясы» бөлімшесінің 2740 шоттары көзделген. Бұл шот пассивтік, әрі реттеуші сипатта. 2740-шотының кредиті бойынша материалдық емес активтер амортизациясының ай басындағы қалдығын, ай ішінде есептелгенін және есепті айдың соңындағы қалдығын көрсетеді, ал 2740 шотының дебеті бойынша МЕА амортизациясының есептен шығарылуы көрсетіледі.
Амортизация нормасының мерзімін анықтау мүмкін емес. МЕА бойынша мерзім 10 жылға, бірақ субьектінің жарғыда белгіленген қызметінен аспайтындай болып есептелінеді.
Амортизациялық аударым мөлшері МЕА-дің бастапқы құнымен олардың пайдалану мерзіміне қарай анықталады. МЕА-дың пайдалану мерзімі кәсіпорынның қызмет атқаратын уақытынан аспауы керек. Егер МЕА-дің пайдалану мерзімін анықтауға мүмкіндік болмаған жағдайда, амортизациялық аураым он жылға есептелінеді.
Курс тақырыбы 1.3.: «Негізгі құралдар мен материалдық емес активтер»
Достарыңызбен бөлісу: |