Сабақтың алгоритмі:
Бақылау: проблемалық жағдаят туғызу
Гипотеза: болжам жасау
Эксперимент: зертханалық жұмыс электр тізбегі
І топ Айнымалы ток тізбегіндегі актив кедергі
ІІ топ Айнымалы ток тізбегіндегі сыйымдылық кедергі
ІІІ топ Айнымалы ток тізбегіндегі индуктивтік кедергі Теория: заңдылықтарды тағайындау, формулаларды қорытып шығару
Қорытынды: тұжырымдар мен орындалатын заңдылықтар бойынша интерпретациялау және қорытынды жасау
Қолдану: формулалар мен заңдылықтарды қолданып есептер шығару
Сабақ барысы.
Проблемалық жағдаят туғызу:
Тізбекке конденсатор жалғанса, ол тізбекте тұрақты ток пайда бола ала ма? (Жоқ, конденсатор тізбекті ажыратып тастайды)
Ал ол тізбекте айнымалы ток жүре ала ма? (Иә, айнымалы ток бұл – конденсатор разрядталғанда және зарядталғанда пайда болатын, электромагниттік тербеліс)
Қалай ойлайсыздар, конденсатор электр тогына кедергі келтіре ме? (Иә.) Ол кедергі қандай шамаларға тәуелді болуы мүмкін.
Сабақтың тақырыбы «Айнымалы ток тізбегіндегі актив және реактив кедергілер»
Гипотеза.
Сыйымдылық кедергі конденсатордың сыйымдылығы мен айнымалы токтың жиілігіне тәуелді.
Индуктивтік кедергі катушканың индуктивтілігі мен айнымалы ток жиілігіне тәуелді.
Өткізгіштің кедергісі тегіне, ұзындығына және қимасының ауданына тәуелді.
Эксперимент.
І топ. Сыйымдылық кедергі конденсатордың сыйымдылығы мен айнымалы ток жиілігіне қалай тәуелді екендігін зерттеу.
ІІ топ. Индуктивтік кедергінің катушканың индуктивтігіне және айнымалы ток жиілігіне қалай тәуелді екендігін зерттеу.
ІІІ топ. Актив кедергінің өткізгіштің тегіне, ұзындығына және қимасының ауданына қалай тәуелді екендігін зерттеу.
І топ.
Құрал жабдықтар: Кернеуі 6-12 В ток көзі, сыйымдылығы әртүрлі екі конденсатор, жалғағыш сымдар, кілт, шамдар.
ІІ топ.
Құрал жабдықтар: Кернеуі 6-12 В ток көзі, индуктивтілігі әртүрлі екі катушка, жалғағыш сымдар, кілт, шамдар.
ІІІ топ.
Құрал жабдықтар: Кернеуі 6-12 В ток көзі, меншікті кедергісі әр түрлі екі өткізгіш сым, жалғағыш сымдар, кілт, шамдар.
Топтар эксперимент нәтижесімен таныстырып, қорытынды жасайды
Теория.
Теориялық түрде кедергілердің формулаларын қорытып шығарайық. Топтарға тапсырма. «Мозайка» әдісімен постер құру.
Критерийлер:
1. Тізбектегі өтіп жатқан процестерді сипаттау
2. Кернеу мен ток күшінің теңдеуін қорытып шығару
3. Теңдеулерді графигі бойынша салыстыру
4. Айнымалы ток тізбегіндегі ток күші мен кернеу арасындағы фазалық арақатынасты анықтау
Достарыңызбен бөлісу: |