Сабақ тақырыбы Қайталанбалы және қайталанбайтын терулер



бет2/6
Дата29.03.2024
өлшемі0.55 Mb.
#496894
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
1 Қайталанбалы және қайталанбайтын терулер

Бағалау критерийлері

Оқушы оқу мақсатына жетеді:
1) Қайталанбалы және қайталанбайтын теру ұғымдарын біледі, оларды ажырата алады;
2) Қайталанбалы және қайталанбайтын теруді есептеу формулаларын біледі;
3) Қайталанбалы және қайталанбайтын теру формулаларын есеп шығаруда қолданады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:
Қайталанбалы және қайталанбайтын терулерді есептеу үшін формулаларға ауызша сипаттама бере алады және осы формулаларды қолданып, есептер шығару барысында өз жауабына түсінік бере алады.
Пәнге тән лексика мен терминология:
Жиын, терулер/орын ауыстырулар, n-нің ішінде r элементтерін таңдау, орналастыру тәртібі, реттеу, қою, қайта реттеу.
Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:
Қайталанбайтын теру дегеніміз...
Қайталанбалы терулерді есептеу үшін ...
Қайталанбалы теру және қайталанбайтын теру арасындағы айырмашылық ...

Құндылықтарды дарыту

Оқушылар жаңа жағдайға бейімделеді, мәселені қойып шешімін іздейді, жұпта жұмыс жасай алады, бір-бірінің пікірін тыңдап үйренеді. Барынша өз ойын дұрыс қорыта алады. Құндылықтарды дарыту осы сабақта жоспарланаған іс-әрекеттер арқылы жүзеге асады.
Ұлттық құндылықтарды дарыту есеп шығару арқылы жүзеге асырылады. Оқушылар есеп шығару барысында КЕРЕГЕ деген кілт сөзін анықтайды.
Мұғалім кереге туралы қысқаша ақпарат береді.

Пәнаралық байланыстар

Комбинаториканы қолдану салалары:
-лингвистика (әріптердің комбинациясын қарастыру)
-география (карталарды бояу)
-биология (ДНҚ кодын зерттеу)
-химия (химиялық элементтер арасындағы мүмкін болатын байланысты саралау)
-экономика (акциялардың сатуын/сатып алуын саралау) және т.б.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет