Сабақ тақырыбы Қайталанбалы және қайталанбайтын терулер



бет4/6
Дата29.03.2024
өлшемі0.55 Mb.
#496894
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
1 Қайталанбалы және қайталанбайтын терулер

1-сабақтың ортасы
8 мин


7 мин

7 мин

10 мин

1-сабақтың
соңы
3 мин



II. Жаңа материалды меңгеру.
1. Қайталанбайтын теру ұғымын енгізу.
Мұғалім жаңа тақырыпты бастау үшін оқушыларға видеоматериал көрсетіп, оқушыларға қайталанбайтын теру анықтамасын өз бетімен тұжырымдауға жетелейтін сұрақтар қояды.
Содан соң мұғалім қайталанбайтын теру анықтамасын және оны есептеу формуласын енгізеді.


Әр түрлі есептерді талдау. Оқушылар тапсырмаларды жұпта орындайды, олардың шешуін талдайды. Мұғалім оқушыларғы сұрақтар қояды, оқушылар жауап береді, формулалардың қолдануын талқылайды. Оқушылар өзін-өзі жұпта бағалайды.
Мысал 1. Математика үйірмесіне қатысатын 7 оқушының ішінен олимпиадаға қатысатын екі оқушыны неше тәсілмен таңдап алуға болады.
Мысал 2. Араластырылған 36 карта колодасынан кездейсоқ 4 карта таңдап алынды. Таңдап алынған 4 картаның да тұз болып шығу ықтималдығы қандай?
Мысал 3. Екі бірдей жолдаманы 5 адамға неше жолмен беруге болады?
Мысал 4. Бөлімде 5 үздік маман және 8 бас маман жұмыс істейді. Іс-сапарға 2 үздік және 2 бас маманды жіберудің қанша тәсілі бар?
Мысал 5. Бір оқушының 6 математика кітабы, ал екіншісінің 8 кітабы бар. Неше тәсілмен бірінің үш кітабын екіншісінің үш кітабына ауыстыра алады?
Мысал 6. Шахмат үйірмесіне 2 қыз және 7 ұл бала қатысады. Жарысқа қатысу үшін 4 адам тұратын команда құру керек. Команда құрамында жоқ дегенде бір қыз болу керек. Команданы неше тәсілмен құруға болады?
Мысал 7. 10 адамды 5 адамнан тұратын екі баскетбол командасына неше тәсілмен бөлуге болады?

Оқушылар енгізілген формула негізінде


келесі қасиетті дәлелдейді: .

Содан соң мұғалім Паскаль үшбұрышы туралы баяндайды және оның кейбір қасиеттерін оқушылармен талқылайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет