Үй тапсырмасы: 9 тапсырма, 20 бет
Бағалау.Мұғалім формативті бағалауы бойынша қорытынды балын қояды.
Қысқа мерзімді жоспар
|
Пән: Қазақ тілі Т2
Күні:
Сынып: 8
|
Бөлім: I. Білім. Ғылым. Инновация
Педагогтің аты-жөні:
Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:
|
Сабақ тақырыбы
|
8. Т.Сұлтанбеков «Ғажайып планета»
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаттары
|
8.1.5.1 тірек сөздер, автор көзқарасы мен көңіл күйі арқылы негізгі ойды анықтау
8.2.1.1 тұрақты тіркестер мен көркемдегіш құралдарды қолданып, ауызша мәтіндер құрау
|
Сабақ мақсаттары
|
Барлық оқушылар: тірек сөздер, автор көзқарасы мен көңіл күйі арқылы негізгі ойды анықтайды және тұрақты тіркестер мен көркемдегіш құралдарды қолданып, ауызша мәтіндер құрайды
|
Тілдік мақсаттар
|
Қанша? Қаншадан?
|
Сабақтың барысы
|
Сабақтың кезеңі/
уақыт
|
Педагогтің әрекеті
|
Оқушының әрекеті
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
7 минут
|
Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу.Көтерiңкi көңiл-күй oрнaту үшiн «Ізгілік шары» әдісін қолдану арқылы сабақтың басталуына жағымды ықпал ететін көңіл-күй қалыптастыру. Оқушылар ізгілік шары арқылы бір-біріне ізгі тілектер білдіреді.
|
слайд
Суреттер
|
Сабақтың ортасы
30 минут
|
1-тапсырма. Жазылым.
Мәтіндегі қою қаріппен жазылған сөздердің синонимдерін, антонимдерін , омонимдерін тауып жаз.
|
Мәтіндегі тиісті сөздердің синонимдерін, антонимдерін, омонимдерін тауып жазады.
|
«Басбармақ» әдісімен бағалау
|
Оқулық
20 бет
сөздік
слайд
|
|
2-тапсырма. Жазылым.
Мәтін мазмұны бойынша жоспар құр. Тірек сөздерді анықта. Мәтіннен қазіргі қазақ тілінде баламасы бар сөздерді тап. Шығармада ол сөздер не үшін қолданылғанын айт.
|
Жазылым тапсырмасын орындайды;
|
Дескриптор:
- Мәтін мазмұны бойынша жоспар құрады;
-Тірек сөздерді анықтайды;
-Мәтіннен қазіргі қазақ тілінде баламасы бар сөздерді табады;
- Шығармада ол сөздер не үшін қолданылғанын айтады;
|
Оқулық
20 бет
Оқулық
20 бет
|
3-тапсырма. Оқылым. Айтылым.
Мәтін мазмұнынан түсінгеніңді айт. Автордың негізгі ойы қай абзацта айтылған? Ойыңды дәлелде
|
Оқылым, айтылым тапсырмаларын орындайды.
|
Басбармақ» әдісімен бағалау
|
Сергіту сәті.
4-тапсырма. Айтылым.
Шығарма неге «Ғажайып планета» деп аталған? «Жарықтандыр», «тың», «зиялы», «тіркелуші» сөздерін қолданып, өз пікіріңді айт.
|
Сергіту сәтін орындайды
Айтылым тапсырмасын орындайды.
|
Дескриптор
- Шығарма атауының себебін түсіндіреді;
-Берілген сөздерді қолданып, соған қатысты пікірін білдіреді;
|
Оқулық
20 бет
|
Сабақтың соңы
3 минут
|
Рефлексия (Ө)Әдісі: Кері байланыс
Оқушылар сабақтан алған әсерлерін
смайликтер арқылы көрсетеді.
|
|
|
Үй тапсырмасы: Есте сақтауға берілген ақпараттарды оқып келу
Бағалау.Мұғалім формативті бағалауы бойынша қорытынды балын қояды.
|
Қысқа мерзімді жоспар
|
Пән: Қазақ тілі Т2
Күні:
Сынып: 8
|
Бөлім: I. Білім. Ғылым. Инновация
Педагогтің аты-жөні:
Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:
|
Сабақ тақырыбы
|
9. Ғажайып планета-жанды планета
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаттары
|
8.1.1.1 мәтін тақырыбы, тірек сөздер, иллюстрациялар арқылы көтерілетін мәселені болжау
8.5.1.1болжалдық сан есімді
жазба, ауызша жұмыстарда орынды қолдану
|
Сабақ мақсаттары
|
Барлық оқушылар:
мәтін тақырыбы, тірек сөздер, иллюстрациялар арқылы көтерілетін мәселені болжайды және болжалдық сан есімді
жазба, ауызша жұмыстарда орынды қолданады.
|
Тілдік мақсаттар
|
Қанша? Қаншадан?
|
Сабақтың барысы
|
Сабақтың кезеңі/
уақыт
|
Педагогтің әрекеті
|
Оқушының әрекеті
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
7 минут
|
Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу.Көтерiңкi көңiл-күй oрнaту үшiн «Әсерлерімізбен бөлісейік» жылулық шеңбері. Педагог балаларға 1-2 минут көздерін жұмып,өздерін тағы да табиғат аясында,көк майса шалғында жатып,көк аспан,аппақ бұлттарды көріп,құстардың сайраған әнін,судың сыбдырын естіген кездерін елестетуді ұсынады.
|
слайд
Суреттер
|
Сабақтың ортасы
30 минут
|
Сөздікпен жұмыс:
Жаңа сөздер: тағылымдама, дәреже, шыңда, жөнінде, шоғырлан
1. Жаңа сөздердің мағыналарын түсіндіру. 2. Дұрыс айтуға дағдыландыру: мұғалім сөздерді мәнерлеп оқиды;
|
Жаңа сөздерді тыңдайды, оқиды, мұғалім соңынан қайталайды.
Оқушылар жаңа сөздермен сөз орамдарын, қарапайым сөйлем құрастырады.
Жаңа сөздерді сөздік дәптерге жазады.
|
Ауызша кері байланыс беру. Жақсы! Тамаша!
|
Оқулық
21 бет
сөздік
слайд
|
|
1-тапсырма. Сұрақтарға жауап бер.
1.Сабақ тақырыбындағы «жанды планета» деген сөзді қалай түсінесің?
2. Бұл сөздің Т.Сұлтанбеков шығармасымен байланысы болуы мүмкін бе? Болжамыңды айт.
|
Айтылым тапсырмасын орындайды.
|
Дескриптор:
-сұрақтарға жауап береді;
-болжамын айтады;
|
Оқулық
21 бет
Оқулық
21 бет
|
2-тапсырма. Жазылым.
Төмендегі фразеологиялық тіркестердің мағынасын көрсетіп, синонимдерін тауып жаз. Оларды «Ғажайып планета» атты фантастикалық шығарманы сипаттауда қалай қолданар едің?
|
Жазылым тапсырмасын орындайды.
Берілген сөздер: Көз майын тауысу, ит арқасы қиянда, инемен құдық қазу, жүрегі жарылу, жерден жеті қоян тапқандай, маңдай терін төгу, қиындыққа шыңдалу, тағылымдамадан өту, биік дәрежеге жету.
|
«Смайликтер» арқылы бағалау
|
3-тапсырма. Оқылым.
Тыңда. Оқы.
..Тұранов аз-кем үнсіз отырды да сөз алды:
-Мен білсем, біз үлкен тағылымдамадан өттік. Біздің көргеніміз – космос әлеміндегі ең бір сирек ұшырасатын ғажайып құбылыс. Жаңағы бізді тұтқындаған планетаның жаны бар болып шықты.
-Жаны бар ма?
Экипаж мүшелері айран-асыр болып, үрпиісіп қалды.
-Бүтіндей бір планетаның алып жануар болуы мүмкін бе? Бұл ақылға сыймайтын жағдай екен, - деді Мариям. – Айтып отырғаныңыз тіпті космоста тіршіліктің пайда болу заңына да қайшы ғой.
-Сіз өзіңіз қалай пайда болдыңыз? – деді Тұранов. –Космостық табиғаттың адам сияқты тірі организмді дүниеге тудыруы заңдылық емес пе? Бұл да сондай бір құбылыс. Жер бетіндегі тіршілік ауа-райына байланысты мың құбылған формада өсіп-өнді. Ал бұл планетаға ондай форманың қажеті жоқ. Олар ортақ биогравитациялық заңға бағынған.
-Біз осындай алып планетаның тартылыс күшін қалайша жеңдік?- деп сұрады Оразов.
-Мен алдымен планета үстіндегі жәндіктердің азайғанын, олардың қозғалыстарының саябыр тапқанын байқадым. Содан кейін дүңкілдеп соққан жүректің дыбысы естілді. Ол – осы планетаның алып жүрегі болуы ғажап емес. Жүрек соққанда жан-жаққа жылы леп тарап, ол бүкіл планетаны ұйқыға баурайды екен. Планета бір космостық тәулікте ұзақ уақыт ұйқыға кететін көрінеді. «Байқоңырдың» биогравитацияны жеңіп шыға алуы да осы ұйқының арқасы.
Экипаж мүшелері тым-тырыс қалды.
|
Мәтінмен жұмыс жасайды. Тыңдайды. Оқиды.
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |