Сабақ тақырыбы Риторика туралы жалпы мағлұмат. Жалпы мақсат


Бекіту Үйге тапсырма беру



бет22/27
Дата31.03.2023
өлшемі166.51 Kb.
#471500
түріСабақ
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27
1 топ-поурочный план

Бекіту


Үйге тапсырма беру

Сұрақ-жауап.

Жырдан үзінді жаттау.



Үйірме жетекшісі: А.А.Балғожа

Бекітемін:________________

Уақыты:
30.03.2023
01.04.2023
05.04.2023
06.04.2023
08.04.2023
12.04.2023

«Тарихи риторика» үйірмесі

Тобы:2

Сабақ тақырыбы

«Баян» тарихи дастаны

Жалпы мақсат

Оқушыларға «Баян» тарихи дастанының тарихи маңызын түсіндіру.

Сабақ типі

Жаңа сабақ

Көрнекіліктер

«Баян» тарихи дастаны

Жаңа тақырып

Абылай ханның өз заманында аса жоғары бағалаған екі батыры болса, соның бірі – Баян батыр. Орта жүздің уақ руынан шыққан әйгілі батыр туралы аңыз да, ақиқат та көп. Сондай бір аңызға негізделіп жазылған поэма – "Батыр Баян". Қазақ поэзиясының інжу-маржанына айналған поэманың авторы – Мағжан Жұмабаев.
Бұл поэмада Баян Батыр туралы айтылады. Аламандықта Батыр Баян бір сұлу қалмақ қызды тұтқынға алады. Баян қалмақ қызына ғашық болып, бірақ қыз жақтан батырдың көңілінен шығатындай жауап болмайды. Қалмақ қыздың есімі – Құралай. Бұл қыз Баянды емес, оның інісі Ноянды сүйіп, екеуі қыздың отанына қашпақшы болады. Батыр Баян бұл істі туған жерді сату деп есептеп, оларды артынан қуып, Құралай мен Ноянды өз қолымен өлтіреді. Қызбалықпен жасалған істен кейін Баян өз ісіне өкініп, екеуін бірге жерлейді. Осыдан кейін, Батыр Баян Абылай ханның рұқсатын алмай, қасына 100 жігітті ілестіріп қалмақтарға аттанады. Сол соғыста Баян Батыр қайтыс болады.
Баян Қасаболатұлы – тұтас ғұмырын қазақ жұртының тәуелсіздігі жолындағы күреске арнаған ержүрек батыр. Батырлығымен, тапқырлығымен Хан Абылайдың ерекше құрметіне бөленген. Қазақ-жоңғар шайқастарына қатысып, "Батыр Баян" атанған. Бұл кісі туралы Шоқан Уәлихановтың еңбектерінде және профессор Зарқын Тайшыбай келтірген Омбы облыстық мемлекеттік мұрағатының материалдарында нақтырақ жазылады. Бұдан басқа қазақтың ұлы жырау-ақындары Үмбетей мен Тәтіқараның өлең-жырларында, халық аузында сақталған «Жантай батыр» фолкьлорлық мұрасында батыр есімі аталып, ерлігі дәріптеледі.
Батыр Баян поэмасы бізге көп дүние үйретті, өмірдің мәнін ашты. Бұл поэма арқылы жастықтың албырттығын, сезімнің соқырлығы мен ақылға бағынбайтын асаулығын, ашу мен ақылдың, сана мен сезімнің таласын, әрі көзсіз ерлікті көреміз. Баянның ісі қызғаныш па, әлде Ноянның өз Отанынан бас тартуынан ызалануы ма, ол бізге құпия болып қалатыны бәрімізге белгілі. Бірақ оқырмандар өз нұсқаларын беріп, өз сөздерін дәлелдеуде. Менің өз ойымды айтар болсам, батыр Баянның ісі екі жақты, яғни ол өз інісін өлтірмесе, Баян негізінен жасы келіп қалған батыр болатын және де өзі де қалмақ қызына көрсетпесе де, өлердей ғашық болатын. Бірақ оның өз бауырын, былайша айтқанда, өз тұяғын өлтіргені – озбырлық, қатігездікті айқындайды. Поэма өзінің сюжеттік жағынан эпостық жырларға өте ұқсас. Мағжан керемет ел аузынан естіген миф-аңызды өзінің ақындық шеберлігіімен тамаша поэма етіп жазады. Трагедиямен аяқталған бұл поэма Мағжан поэзиясының биік асқар тауы болып табылады. Реалистік негізде жазылған поэманы Мағжан табиғатпен, яғни сол кездегі табиғат әсемдігін, бізге әсерлі жеткізе алды. Бір қарағанда қызықты сюжеті бар бұл поэма тек тарихты баяндап тұрғандай. Әрине Мағжан ақын тек тарихты жырлап қоймай, сонымен қатар ерлікті, еркіндікті көрсете білді. Керемет символистердің бірі болған Мағжан поэма арқылы терең бір ой бермекші.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет