'«Ер Сайын» – батырлық жыр. Көлемі 3000 жол, тілі шұрайлы. Жырда ноғайлы дәуірінің жорықтары баяндалады. Жыр ауызекі тарап кеткен. Оны 1870 ж. В.В.Радлов өз жинағында жариялаған («Образцы народной литературы тюркских племен, живущих в Южной Сибири и Джунгарской степи», СПб., 1870).[1] 1910 ж. Орынбор мұрағат комиссиясының ғылыми еңбектерінде «Бозманай» деген атпен басылды. Кеңес дәуірінде Ташкент (1922) пен Мәскеуде (1926) жеке кітап болып шықты. С.Сейфуллин құрастырған «Батырлар жыры» жинағында жарияланды (1933). Кейін «Ер Сайын» эпостық жыры екі рет баспа бетін көрген Радлов жинағында жарияланды («Алтын сандық», А., 1993; «Ел қазынасы – ескі сөз», А., 1994). Эпостың ықшамдалған нұсқасы А.Пеньковскийдің аударуымен «Литературный Казахстан» журналында орыс тілінде де жарияланды (1938), Алматы қаласындағы Орталық ғылыми кітапхананың Қолжазбалар қорында Мәшhүр Жүсіп Көпейұлы, т.б. ауыз әдебиеті мұраларын жинаушылар жазып алған «Ер Сайын» жырының нұсқалары сақтаулы.
Ахмет Байтұрсынұлы әдебиетші ретінде халық әдебиеті үлгілерін зерттеп, кітап етіп бастырған ғалым. Ол 1923 жылы Мәскеудің «Күншығыс» баспасынан халық жыры «Ер Сайынды» жеке кітап етіп шығарып, әйгілі орыс ғалымы Шоқан Уәлихановтың досы Григорий Николаевич Потаниннің туғанына 80 жас толуына орай тарту етіп сыйлаған.
Г.Н.Потанинге Ахмет Байтұрсынұлы жазған арнау өлеңі былай басталады: Атақты Сібір ұлы қарт Потанин! Ер сүйсе сендей сүйсін ел – Отанын. Қазақсың, қалмақсың деп алалау жоқ, Отанның тең көресің барша жанын. Қазаққа Потаниннің аты ардақты, Ямыштың біліп отыр қанша шалын?!. Мәскеу, 1923. «Ер Сайын». Жыршылар аузынан алып, өңдеп өткеруші – Байтұрсынұлы Ахмет. «Ер Сайын» бұрынғы халық аузында сақталған жырларша былайша басталады: Бұрынғы өткен заманда, Дін мұсылман аманда... Бес намазын қоймаған, Бір құдайды ойлаған. Қара басы хан болған, Байлығы жұртқа аң болған. Малы Алашқа таң болған, Бозмұнай атты бай болған. Қатыны қартаяды, байда бала болмайды. Құлдарынан қорлық көреді. Бозмұнай бай бір Аллаға жалбарынады, мінәжат жасайды. Әкесі жетпістен асқанда, анасы елуге келгенде Алла Тағала қолдап, олар ұлды болатын болады. Ұлдың дүниеге келуінің де көп қиындықтары да жырда келісті жырланады. Сайындай ердің өсіп, жетілуі де қиындықтан кенде болмады. Бір күндері болғанда, Сайын жасқа толғанда, Мұның даңқын есітіп, Қара Қыпшақ Қобыланды: Мың кісіні алайық, Сол Сайынға барайық. Рас болса ерлігі Қолымызға алайық Алыста жатқан қалмаққа, Бір соғысты салайық, – деп жолға шығады. Қобыланды Ер Сайынға: Алла ашсын жолыңды, Ұзын қылсың қолыңды. Танып жүргін, ие балам. Оңың менен солыңды! – дегендей ақ батасын береді. Сайынның ел қамқоры болып өсуіне ақ жол тілейді. «Ер Сайын» жырын өңдеп, саралап, кітап етіп бастырып Ахмет Байтұрсынұлының «Қазаққа Потаниннің аты ардақты» деп тапсыруы жайдан-жай емес. Орыс ғалымы, жиһангер, фольклоршы, түркі, моңғол халықтары тарихын зерттеуші, қаламгер Потанин Омбыдағы кадет корпусында Шоқан Уәлихановпен бірге оқыған, айнымас досы. Қазақтың ауыз әдебиеті, салт-дәстүрін зерттеген ғалым, саяхатшы. Батыс Моңғолия, Тува елдерінде ғылыми-зерттеу жұмыстарында болған. «Қазақтың соңғы Ханзадасының киіз үйінде», «Қазақтардың және алтайлықтардың аңыздары, аңыз әңгімелері және ертегілері» еңбегі оның түркі, моңғол ғылымына қосқан үлкен үлесі. Хакім Абай, оның інісі Халиулла Өскенбаев туралы да жазған. Ал Ахмет Байтұрсынұлы мен Міржақып Дулатұлы болса Григорий Николаевич Потанинге (1835-1920ж.ж.) өлең арнаған. Біз едік қадірі жоқ ұл әкеге, Көп жатқан мешел болып көлеңкеде, Әл бітіп, жаңа ғана аяқ басып, Іліндік біз де жетіп мерекеге. Тойыңа шашу алып шаттанамыз, Білдіріп жүрек лебін Герекеңе... «Алдына Алаш тарту ұсынған Григорий Николаевичті» «А.Б.» қазақы құрметпен «Гереке» деп сыйлайды, құрметтейді. Қазақтың жыр жауһарларының бірі «Ер Сайынды» Алаш атынан ұсынады. «Орамал тон болмаса да жолға жарар» деп тарту өлеңін арнайды. Қыр баласы – Әлихан Бөкейханов болса жырға соңғы сөз жазады. Қыр баласы екі рет «Григорий Николаевич Потанин» атты ғалымның өмір жолынан мол дерек берген естелігін жазған. Әлихан Бөкейханов болса сол естеліктерін: «Қазақты туғанындай жақсы көрді. «Бейшарасың» деп қазаққа қорған болды. Өз ғұмырында қылған жұмысы, жүріп тұрған мінезі анық әулиенің ісіндей» деген сөздермен қорытындылайды. Демек, қазақтың қос арысының кереметтей тарту сыйына, арнау сөздеріне ие болған Г.Н.Потанинмен біз де мақтанамыз, оның Алаш тарихына қосқан еңбегін құрмет тұтамыз, Ахмет Байтұрсынов пен Әлихан Бөкейхановтың орыс ғалымына деген ыстық ықыластарына қайран қаламыз.
“Ер Сайынның” қысқаша әңгімесі
Сайын ноғайлының ортасында Бозмұнай деген байдан
туған. Бозмұнай көп малдың иесі — бай болса да, бала
жоқтығынан қайғы шегіп, қатынымен бірге зарығып жүргенде
жылқысын бағып жүрген тоқсан құл астыртын кеңес жасап,
бірігіп алып, қол-аяғын байлап, сабайды. Бұл қайғыны көрген
соң Бозмұнай құсалы болып жатқанда түсінде ақ сәлделі адам
келеді. Бір өзі мыңға татитын асыл балаң болады, — дейді.
Жалғыз-ақ Баба түкті Шашты Әзіз деген әулиенің қабірін
тауып, соның басына барып, құдайдан тілек тіле, — дейді.
Бозмұнай қатынын ертіп алып, әулиелердің бәрінің басына
барып түнеп, тентіреп жүріп, аяғында Шашты Әзіздің қабірін
табады. Соның басына түнеген күні бала бітеді. Баласы Ер
Сайын болады.
Бұның атын қоюға ел жиылып кім болатынын таба алмай
отырғанда, ғайыптан бір адам келіп: “Аты Сайын болмас па”
деп ат қояды. Сайын ата пірінің қолдауымен туады. Өмірінде
сол пірді ұмытпасын, қысылған жерде сыйынып, есіне алып
жүрсін дейді. Сайын ер жетеді. Құлдарынан әкесінің кегін
алады.
Елінде Көбікті деген байдың Аюбике деген сұлуын
алмақшы болады. Бозмұнай қызын сұрап барғанда, Көбікті
бермей жібереді. Соған батыр мен әкесі ашуланып, шап-
90
пақшы болғанда, Көбіктінің еліндегі ханы келіп, қызыңды
бер дейді. Көбікті береді. Сайынға қызды алған соң, ата пірі
түсінде келіп аян береді. “Екі ұлың болады. Піріңді есіңе алып
жүр”, — дейді.
Батырдың ерлігі елге жайылып, атағы шыққан соң, алыстан
Қобыланды естіп, қалмаққа аттануға жанына серік қылып
алып кетпекші болады.
Сайын көнеді. Бірақ әке-шешесі үш жылға рұқсат сұрап,
Қобыландыны тоқтатады. Уәделі үш жыл жеткен соң, Сайын
мен Қобыланды көп қолмен қалмаққа аттанады. Арада он екі
күн жүріп қалмақтың шетіне жақындап келіп, дамыл алып
жатқанда, Жағалбайлы деген жауырыншылары жауырынға
қарап: “Алдымызда жау тосқыны бар. Бұл бетте жолымыз
болмайды, қолдың обалына қаламыз, қайтамыз”, — дейді.
Қобыланды кәрі жауырыншының айтқанын қабылдап,
қайтпақшы болады. Бұған Сайын қарсы болып:
Хабар алып сайтаннан,
Қалмақпенен атыспай,
Бұл жолымнан қайта алман!
Қара қанға батыспай,
Алғанымның қойнында
Ақылыңды ала алман,
Күлкі болып жата алман!
Елге қашып бара алман, —
Аюдайын алыспай,
дейді. Өзге қолдың бәрі қайтып кетеді. Қасына қырық жігітті
ертіп алып (Сайын) жол тартады. Жаудын қаласына келгенде
қырық жігіт ере алмай қорқып қалады. Сайын жалғыз кіріп,
көп қалмақпен соғысады. Күні бойы қырып, жолы болуға ай-
налады, бірақ кешке жақын болғанда Сайын ата пірін ұмытып,
сиынбағандықтан батырдан әл кете бастайды. Көп жерінен
оқ тиіп, жаралы болады. Ақырында жауды жеңе алмай, өзі
жеңіліп, меңдеуге айналған соң, майданнан қашады. Артынан
қуған қалмақ жете алмай қалады.
Сайын артта қалған қырық жігіт жолдасына келеді. Өне
бойының жарасы көп болған соң қансырап, ел шетін көре
алмай, зарлап өкініп жатып өледі.
Сайынның басына түскен қайғысын, үйіндегі қатыны
түсінде көріп, енесіне:
91
Мен бір бүгін түс көрдім,
Келіспеген іс көрдім.
Жауырыным толған қара шаш
Жайылыңқы көрінді.
Бедерленген бес тырнақ,
Білектен шыққан қос бармақ.
Қызыл қанға, енеке,
Малыныңқы көрінді.
Шешем берген боқшасы
Шашылыңқы көрінді.
Қолындағы ақ сүңгі
Балдағы алтын ой болат
Ортасынан, енеке-ай,
Үзіліңкі көрінді, —
дейді.
Сайын өлген соң, қырық жігіт еліне келіп, батырдың
қазасын әке-шешесіне естіртеді.
“Ер Сайын” әңгімесінің мәнісі
Қазақтың ұлы батырларының бірі — Ер Сайын. Ер Сайын-
ды тарихтағы белгілі мезгілімен жамастырып, тарих шеңберіне
кіргізіп, қарастыруға әзірше қолға түскен әңгімелердің беретін
тарихи мағлұматы жоққа тәндік. Әңгімеде Ер Сайынның
болған мезгілін мөлшермен ғана білуге болады. Ер Сайын
Қобыландының өкшесін басып шыққан батыр.
Қобыланды шал батыр, қартаң тартқан батыр болған
кезінде Ер Сайын шығады. Ер Сайын ноғайлы елінің батыры.
Бірақ ол кезде ноғайлы мен қыпшақ сияқты түрік таптарының
бірінен-бірі жігі ашылмай, қоныс та, жүріс те, араластық
жақындығы да болған уақыт. Бергі заманда Еуропа шегіне
кеткен ноғайлы жұрты ерте уақытта, қазіргі қазақ даласының
бүгінгі Кіші жүз отырған ауданында болғаны рас. Ноғайлы да
қазақ руларындай көшпелі елдің бірі болған.
Әңгімеде Ер Сайынның аттанып шыққан жері Ойыл мен
Қиыл дейді. Ол бұл күндегі Орал
*
облысының бір ауданы.
* Қазіргі Ақтөбе облысына қарайды.
92
Сол мезгілдегі қыпшақ жүрген ауданда сол ноғайлы жеріне
көршілес жер болған. Бұл әңгіме Орта Азия елінің тарихында
қыпшақ пен ноғайлы сияқты елдердің бірігіп, іс қылып жүрген
кездерін көрсетеді. Маңайында қалмақ сияқты күшті жау
болғанда жеке рулардың арасында жасалған саяси бірлікті
сездіреді. Бұл жағынан қарағанда Ер Сайын да ескі түрік
жұрттарының әңгімесі. Ежелден іргелі болып, тарихтан орын
алған қыпшақ руы ноғайлы жұртына аға есебінде болған.
Қобыландының Сайынға ағалығы — ноғайлыға қыпшақ аға
болғанның белгісі.
Әңгімеде ел қиялы бұрыннан бекіліп, қалыптанған
әдебиет салтынан адаспайды. Сайын да өзге ұлы батырлар
сияқты ерекше туыспен туады. Бозмұнайдай шал жалғыздық,
баласыздығынан қолындағы құлдарынан қорлық көріп,
әулиеге ат айтып, қорасанға қой айтып, жылаған көз жасы,
зарыққан көңілмен ертелі-кеш тілеп, Сайын сияқты балалы
болады.
Сайынның туысына ата пірі араласады. Бұл пір бұрынғы
батырлардың туысын қолдаған әулиелердей емес, олардан
гөрі батырға жақын келген пір оның жалғыз ғана туысына
араласып қоймайды. Атын да қояды. Ер Сайын туып, ер жет-
кен уақытта, өзінің де түсіне кіріп, одан туатын бала жайынан
аян береді. Балалардың атын да айтады, олардың келешекте
кім болатынын да айтады.
Алғашқы Бозмұнайдың түсіне кірген де Сайынның қол-
даушысы, ата пірі. Сондықтан ол пірін ұмытпасын, қысылған-
тарылған жерде есіне алып, көмекке шақырып жүрсін дейді.
Сайынның туысында пірдің араласы осы сияқты болса,
ол туған соң атын табуға ел жиналады, ешкім таба алмайды.
Сонда белгісіз қария келіп “Аты Сайын болмас па” дейді.
Сайынның өз туысы да сәті келген туыс, аты табылу да
сондайлық сәтпен табылғандығын білдіреді.
Сайын Қобыландыға кездеседі. Егескен ұлы жауы, қалмаққа
бірге аттанады. Жолда жауырыншы, жау тосқынының барын
айтады. Бұл сапардың жолсыз сапар болатынын, қауіпті бо-
латынын сездіреді.
Қобыланды ескі жауырын болжаушының сөзіне нанып,
ескі тәжірибесіне бағынып, қайтпақшы болады. Сайын
93
тоқтамайды, кетеді. Бұл сапар Сайынға бақытсыз сапар болып,
сол жолда өледі.
Сайынның бұл әңгімесі өзге батырлар әңгімесіне ұқсамай-
ды. Өзгеден гөрі жат келеді. Ел қиялы Сайынды батыр
десе де, туысын өзгемен тең қылып, ерекшелік билеп, сәт
билеп туғанын айтса да, Сайынды әлдеқандай мінезі үшін
жазалағандай болады.
Теріс мінезді батыр болғандықтан, оның өрісін ұзақ
қылмайды. Олай болса, ел қиялы құр батыр атына құлай бер-
мейді. Батырлыққа, ерлік пен мықтылықтан басқа мінезділік,
негізділік сияқты шарттар қояды. Батыр құр ғана қол батыры
емес, ақылға шалымды, мінезге тартымды, тоқтаулы болсын
дейді. Ақылға шолақ, мінезсіз болса, оның өрісі ұзақ болмай-
ды. Сайынның әңгімесінде ел қиялы сондай шолақ батырды
жазалағандай болады. Батырға қоятын үлкен шарттар бар
екенін білдіреді. Сайынның алғашқы жорықта өлсе де, өлмесе
де жолы болмай, қайғыға ұшырайтын себебі не?
Оның себебі, алдымен, Сайын өзінің туысын билеп,
дүниеге келуіне себеп болған қолдаушысы ата пірін ұмытады.
Батыр бұл үшін бір жазалы болу керек.
Екінші, ескіден келе жатқан батырдың тәжірибесі бар,
дағдысы бар, қолданатын салты бар. Ол жауырыншы сияқты
тұспал айтатын серіктеріне сүйену... Соның айтқанына тоқтап,
оның ауыспайтын тәжірибесіне сену. Ғайыптан болжап айтқан
сөзге батырлық қылып, қарсыласпайтын әдет бар.
Бұрынғы бар батыр соған бағынған, кәрі батыр Қобы-
ланды да соның сөзіне тоқтайды. Одан асып, құлшынып,
екіленбейді. Сайын, сол бұрынғы-соңғы батырдың бәрі
тоқтаған жерге тоқтамайды. Жауырыншының сөзін жынның
сөзі, сайтаннан келген хабар дейді. Алқынып, алып ұшады.
Бұл Сайынның жазалы болатын мінезінің бірі. Үшінші, Сай-
ын Қобыланды сияқты ағаға қарсы шығады. Өзінің қайраты
сыналмай тұрып, жол бейнетін көріп, білмей батырлық
дәмін татпай жатып, алдындағы ағадан асқысы келеді. Оның
ақылы, тәжірибесімен есептескісі келмейді. Жалпы түрік
жұртының салтында ру жігі күшті болған уақыттардың
барлығында кішінің үлкенді сыйлауы, үлкеннің алдындағы
94
әдептілік, тоқтаулық, ұлыға жол беру, соған бағыну сияқты
әдет, дін парызындай мықты байланған жол болатын.
Оның үстіне Қобыланды сияқты ұлы батыр Сайын сияқты
жастың қадірлейтін, сыйлайтын батыры болуы керек. Бата
алатын алдындағы үлкен сияқты болу керек. Сайын бұнымен
де есептеспейді. Сондықтан Сайын осы айтылғандай барлық
алыптық, барлық терістік жеңілтектігі үшін жаза тартуына
керек. Сайынның өмірі мен ісінде ескінің батырға қоятын
шарты не екені осы мысалдардан анық көрінеді. Көптің сүйген
мінезі, көп сүйген әдеттен теріс жайылған жан батыр болса
да, ерекше туыспен туса да, терістігі үшін жазықты болып,
жаза да тартатынын білдіреді.
Сайынды әңгіме қылып шығаруда, ел қиялының бұрынғы
салттан бөлек, айрықша бір сұлу салт шығарғаны көрінеді.
Ел қиялының толғаулы ырғақтылығын, ой байлығын
білдіргендей болады.
Алғашқы сапарда Сайынның өлуі, өлмесе өлімші болып
жолсыз сапарға кездесуі Сайын әңгімесін бітіреді.
Соңғы қоспа, Сайынның аяғы деп айтылған. Әңгіме
алғаш қыны азсынып, әңгіменің сыртқы қызығына қана алмай
қалған қиялдың қосқаны. Онда да әңгіме Сайынды жарылқап
жібермейді. Сайынға алғашқы берілген баға, алғашқы істелген
жаза, бұрынғы қалпынан төмендеп, жоғалмайды.
Сайынның қатыны, Бозмұнай мен енесі сияқты, күйеуі
туралы арманда қалған әйел. Күйеуі барында ерекше мінез,
ерекше достылық белгісін көрсете алмай қалады. Бірақ күйеуі
өлген соң пәлен жылдай соның артын тосып, жалғыз соның
қайғысымен бар өмір тілегін талақ қылып отыруы — бұрынғы
әйелдерден көрінген адал достыққа, тағы бір сұлу қосымша
болып жалғасады.
Бұл әйел ерімен тілеуі біріккеннің артынан, тағдырда
қо сақталды деп ұғынады. Ерге тиген соң тіршіліктің қызық
— рахаты жалғыз сонымен ғана бірге болуға керек, сонымен
ғана үміт, тілек болуға болады. Ол жоқ болса — бірге жоқ
болып өледі. Өлмесе тіршілік қызығынан кетіп, дүниені талақ
қылады. Жалғыз ғана қайғысымен күйеуінің басына қойған
ескерткіш тастай болып, қатып отырып қалады.
|