Б) Техникалық жабдықтау, материалдар/ Техническое оснащение, материалы: компьютер
І.САБАҚ БАРЫСЫ / ХОД ЗАНЯТИЯ
ІІ. Ұйымдастыру кезеңі / Организационная часть: амандасу, білім алушыларды түгендеу,сабақтың тақырыбы мен мақсатын айту.
Сабақ бойынша рефлексия/ Рефлексия по занятию
ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
ІV. Қазақ киносы туралы түсініктерін сұрау.
1. «Ой қозғау» арқылы бүгінгі сабақтың тақырыбын оқушыларға таптыру;
2.Сабақтың тақырыбына байланысты тапсырмаларды орындату;
Сұрақтарға жауап бер.
Киноны кім түсіреді?
«Қазақфильм» киностудиясы туралы не білесің?
«Қазақфильм» киностудиясы түсірген қандай фильмдерді білесің?
«Қыз Жібек» фильмін көрдің бе?
Режиссер болсаң, қандай фильм түсірер едің?
Кино(гр. kіneo – жылжытамын, жылжимын), кино өнері — өнердің бір саласы, кинематографияның техникалық негізде қалыптасқан көркем шығармашылық түрі. Фильмді жасауға әр алуан мамандықтағы шығармашылық қызметкерлер: кинодраматург, режиссер, актер, оператор, суретші, композитор, продюсер, каскадер, экономист, менеджер, т.б. қатысады. Фильм жасауда кинорежиссер жетекші рөл атқарады. Сондай-ақ фильм жасау ісіне техника саласындағы мамандар да (инженерлер, техниктер, лаборанттар мен өзге қызметкерлер) үлес қосады, алуан түрлі күрделі аппаратуралар мен аспаптар қолданылады.
Кино, негізінен, 4 салаға бөлінеді: көркем фильм, деректі, мультипликациялық және ғылыми-көпшілік кино.
1-тапсырма: Мәтінді оқы.
Шәкен Айманов – қазақтың әйгілі актері, тұңғыш кинорежиссер. Ол 1914 жылы Павлодар облысының Баянауыл ауданында туған. Орта мектепті бітірген соң Семейдегі педагогикалық техникумға түседі.
1932 жылы Ш.Аймановты Алматыдағы Қазақ драма тетарына шақырады. Ол алғашында бірқатар рөлдерде ойнайды. Көп ұзамай классикалық пьесалар бойынша қойылған спектакльдерде басты рөлдерді шебер сомдап, көпшіліктің ықыласына бөленеді. Әсіресе, Ақан сері, Қобыланды, Отелло сияқты рөлдері ұлттық театр тарихында өшпес із қалдырды.
Шәкен Кенжетайұлы актерлік өнерімен қатар режиссерлік шығармашылықпен де айналысып, спектакльдер қойды. 1947-1951 жылдар аралығында қазіргі Мұхатр Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының бас режиссері болды. «Абай әндері», «Жамбыл» көркем фильмдерінде күрделі экрандық бейнелерді сомдады. Шәкен Айманов қойған «Махаббат туралы аңыз», «Алдаркөсе», «Атамекен», «Тақиялы періште» фильмдері көрермендердің талғамынан шықты. Бұл фильмдер ұлттық кино өнерінде комедия жанрының негізін қалады. 1970 жылы Шәкен Айманов «Атаманның ақыры» атты соңғы фильмін түсірді.
Шәкен Айманов – қазақтың сахна өнері мен кино өнерінің қалыптасуына, шыңдалуына жол ашқан дарынды суреткер, шебер актер, ойшыл режиссер.
Мәтінге ат қой (озаглавьте текст)
Жоспар құр (составьте план)
Әр абзацтан ең негізгі 5 тірек сөз жаз. (Напишите 5 ключевых слов из каждого абзаца)
Мәтін бойынша 5 сұрақ дайында (составьте 5 вопросов по тексту)
Дескриптор:
Достарыңызбен бөлісу: |