Сабақ кезеңдері:
|
Оқытушы іс-әрекеті
|
Сабақтың басы:
Ұйымдастыру кезеңі
|
Ұйымдастыру кезеңі.
І. Ұйымдастыру кезеңі.
амандасу
білім алушыларды түгендеу
психологиялық дайындық
|
Үй жұмысын тексеру
|
Үй жұмысын тексеру.
Іш сүзегі қоздырғыштары
Іш сүзегі эпидемиологиясы
Іш сүзегінің клиникалық жіктелуі
|
Жаңа тақырыпты болжау
Ой шоғырландыру
|
https://www.youtube.com/watch?v=MZHbJbON09w
|
Сабақтың ортасы
А және В паратифтерінің морфологиялық, иммунологиялық, эпидемиологиялық, патогенетикалық және клиникалық көріністері іш сүзегімен ұқсас, бірақ та кейбір өзгешеліктері бар.
Паратиф А қоздырғышы - Salmonella paratyphi А. Паратифтің А түрінде жасырың кезеңі іш сүзегіне қарағанда қысқа келеді, оның мерзімі 8-10 күн шамасында. Ауру көбінесе жедел түрде басталады, бастапқы кезеңінде кейде тұмаумен араласып, жөтел де қосылады. Науқастарды тексергенде беті қызарып, көздің айналасы да қызарып, ерінге герпестік бөртпелер шығады. Температуралық қисықтары типті мінездеме бермей, кейде ремиттерлеуші болады. Қалтырап қозудың арты тоңуға ауысады, сосын бірқалыпты болады. Паратиф А кезінде теріге бөртпелер шығып, олар полиморфты (дақты, дақты папулезді) болады, денеде бір мезгілде пайда болады. Бөртпелер қызарыңқырап, қызылшаға ұқсап, болмаса қанталап тұрады. Улану заңды түрде баяу жүріп, іш сүзегіндей статуста өтпейді. Қан анализінде нормацитоз, кейде лейкоцитоз,лимфомоноцитозбен кездесетіні белгілі болады. Ауырған адамдардың көпшілігінде бұл дерт орта ауыр жағдайда, кей жағдайда ауыр түдрінде өтеді. Ішектен қан кетуіне, өкпенің қабынуына т.б. асқынуларына ауыспайды. Паратиф А-да аурудың қайталануы жиі болады.
Паратиф В қоздырғышы - Salmonella paratyphi В. Паратиф В кезіде жасырын кезеңі 5-10 күннен тұрады, кейде бұдан ұзақ болуы мүмкін. Ауру көбінесе жедел басталып, адам тоңып дірілдейді, бұлшық еттері ауырсынады және тер бөліне бастайды. Дерттің бастапқы кезеңінде улану жағдайымен бірге қосарланып жедел гастроэнтерит өршиді. Мұндайда дене қызуы ұзақ болмайды да, көбінесе ауытқып қайталанып тұрады. Бөртпелер дерттің бастапқы кезіңде көрінеді де, өзінің полиморфтығымен көрінеді. Кейбір жағдайларда паратиф В дерті ауыр жағдайда өтеді. Ол іріңді менингитке, менингоэнцефалитке, септикопиемияға айналады. Қан анализінде нейтрофилді лейкоцитоз байқалады. Дерттің қайталануы (рецидивтері) дамуы мүмкін.
|
Жұмыс түрлері
|
Теория
|
Сабақтың соңы
|
1)А және В паратифтерінің айырмашылығы
2)А паратифтерінің тұмаудан ерекшелігі
3)В паратифінің асқынулары
|
Рефлексия
|
анатомия, патологиялық анатомия, коммуникативті дағдылар, клиникалық медицинаға кіріспе, микробиология
|
Үй тапсырмасы
|
А.Қ. Дүйсенова 40-41 беттер
|
БОЛАШАҚ ЖОҒАРҒЫ МЕДИЦИНА КОЛЛЕДЖІ
Сабақ тақырыбы: Тырысқақ
Модуль /пән атауы : Жұқпалы аурулар
Дайындаған педагог:
"__" ____________2022жылғы
1.Жалпы мәліметтер
Тырысқақ этиологиясы . Эпидемиологиясы . Патогенезі. Клиникасы. Клиникалық түрлері. Ағымның ерекшеліктері. Аурудың қайталануы .Асқынулары. Клиникалық және зертханалық диагностикасы. Гемокультурасы . Серологиялық реакциясы. Емі. Алдын алу. Санитарлық-тағамдық бақылау. Сабақ типі: теория
2. Мақсаты, міндеттер
Сабақ мақсаттары
|
Жұқпалы ауруларды диагностикалау жəне емдеу, сонымен бірге жұқпалы аурулардың əртүрлі формалары кезінде профилактикалық жəне індетке қарсы шараларды ұйымдастыру жəне өткізу бойынша теориялық жəне практикалық машықтарды меңгере алатын мамандарды даярлау.
|
Сабақ міндеттері
|
- ошақтағы індетке қарсы шараларды ұйымдастыру ерекшеліктерін;
- Тырысқақ клиникасын, ағымын, зертханалық диагностикасын, емдеу шараларын, асқынуларын, күтім жасау және алдын-алу шараларын жүргізуді білу.
|
Бағалау критерийлері
|
Студент тақырыпты жетік меңгергендігін, логикалық ойлау дағдысын көрсетсе. Қойылған сұрақтарға толық жауап беріп нақты мысалдармен тұжырым жасай алса 90-100% дұрыс жауап берсе. Студент тақырып бойынша білімін көрсете алды бірақ оқытушының ескертулерінен кейін жөнделген кейбір нақты емес жауаптары болса. Логикалық ойлау дағдысын көрсете алса және нақты мысалдар келтіре отырып тұжырым жасай алса 75-89% дұрыс жауап берсе. Студент тақырыпты толық меңгермеген және қойылған сұрақтарға жүйелі жауап бермейді. Бірақ келесі материалды игеру үшін жетерлік тақырып бойынша жалпы түсінігі бар екенін көрсетсе. Ұғымдардың анықтамаларын толық айта алмаса немесе терминдерді оқытушының бірнеше жөндеулерінен кейін ғана дұрыс айта алса50-74% дұрыс жауап берсе Студент сабаққа қатысқан. Оқу материалының білмейтіндігін немесе толық түсінбегендігі байқалса, анықтамаларды мүлдем білмесе немесе елеулі қателіктер жіберсе, оқытушының жөндеулерінен кейін де қатесін түзете алмаса дұрыс жауабы 50%-дан төмен болса.
|
Оқу сабақтары барысында білім алушылар игеретін кәсіби біліктердің тізбесі/дағдылар
- ошақтағы індетке қарсы шараларды ұйымдастыру ерекшеліктерін;
- Тырысқақ клиникасын, ағымын, зертханалық диагностикасын, емдеу шараларын, асқынуларын, күтім жасау және алдын-алу шараларын жүргізуді білу.
3. Сабақты жабдықтау: дидактикалық және көрнекі құралдар, тақырыптық плакаттар жиынтығы.
3.1. Оқу-әдістемелік құрал-жабдықтар, анықтамалық әдебиеттер:
1.Инфекционные болезни, эпидемиология: учебник. – 2-е изд. Покровский В.И., Пак С.Г., Брико Н.И., Данилкин Б.К. – М., ГЭОТАР-Медиа, 2008. – 816 с.
2.Сестринское дело при инфекционных болезнях с курсом ВИЧ-инфекции и эпи- демиологии. Антонов Т. В., Антонов М.М., Барановская В.Б., Лиознов Д.А. – М., ГЭОТАР-Медиа, 2011. – 300 с.
. Техникалық құралдар, материалдар : интерактивті тақта, электронды тасымалданатын тест
Сабақтың барысы
Достарыңызбен бөлісу: |