Сабақ типі: теория Мақсаты, міндеттер


АИТВ-инфекциясын қалай жұқтыруға болады



бет24/32
Дата11.09.2022
өлшемі147.73 Kb.
#460555
түріСабақ
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   32
САБАҚ ЖОСПАР

АИТВ-инфекциясын қалай жұқтыруға болады.
1. Жыныстық қатынас кезінде. Жыныстық жол - бүкіл дүниежүзінде АИТВ-инфекциясы берілуінің кең таралған жолы. Ұрық АИТВ-ның көптеген санынан тұрады. АИТВ-ның берілу қауіпі жыныс жолымен берілетін ілеспелі инфекциялары кезінде көбейеді. АИТВ сонымен бірге аналық бездің мойны мен бөлінетін қынапта анықталады.
2. Инъекциялық нашақорлар арасында бір шприцті немесе инелерді пайдалану кезінде.
3. Қан мен оның құрауыштарын құю кезінде. АИТВ донорлық қан препараттарында, жаңадан тоңазытылған плазмада, тромбоцитарлы массада және басқаларында болуы мүмкін. Жұқтырылған қан құюдың 90-100% жағдайы жұқтыруға әкеледі.
4. Анадан балаға берілуі. Ұрыққа жұқтыру, жүктілігі кезінде болуы мүмкін - вирус плацент арқылы, сондай-ақ босану кезінде өтіп кетуге қабілетті. Қауіп - медициналық қадағалаудың сапасына және жүктілігі кезінде ананың емделуіне, ана денсаулығының жай-күйіне және АИТВ-инфекциясының сатысына тәуелді болады. Сонымен бірге қауіп, сәбиді емшектен емізген кезінде де болады. Вирус АИТВ жұқтырылған әйелдің емшек уызында және емшек сүтінде анықталады. Сондықтан да АИТВ-инфекциясы емшектен емізуге қарсы көрсеткіште болып табылады.
5. Науқастан медициналық персоналға және кері қарай. АИТВ-жұқтырылған қаннан жұқтырған өткір затпен жарақаттанған кезде, жұқтыру қауіпі шамамен 0,3% құрайды. Жұқтырылған қанның шырышты және зақымданған теріге түсуі кезіндегі қауіп бұдан да төмен.

АИТВ –инфекциясын қалай жұқтырмауға болады.
Егер Сіздің айналаңызда АИТВ-жұқтырылған адам бар болса, мынадай жағдайларда АИТВ жұқтыруға болмайтындығын есте ұстау қажет: жөтелгенде және түшкіргенде; қол алысқанда; құшақтасқанда және сүйіскенде; ортақ тамақ пен сусындар ішкенде; бассейндерде, моншаларда, сауналарда; қан сорғыш насекомдар мен хайуандар шаққанда, себебі АИТВ – бұл адамның вирусы ғана; сілекей мен басқа да биологиялық сұйықтықтарда, жұқтыру әкелуге қабілетсіз, өте азғантай сандағы вирустан тұрады. Егер биологиялық сұйықтық (сілекей, тер, көз жасы, зәр, нәжіс) қаннан тұратын болса, жұқтыру қауіпі орын алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   32




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет