Сабақ типі: теория Мақсаты, міндеттер



бет26/32
Дата11.09.2022
өлшемі147.73 Kb.
#460555
түріСабақ
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   32
САБАҚ ЖОСПАР

Сабақ кезеңдері:

Оқытушы іс-әрекеті

Сабақтың басы:
Ұйымдастыру кезеңі

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  • І. Ұйымдастыру кезеңі.

  • амандасу

  • білім алушыларды түгендеу

  • психологиялық дайындық

Үй жұмысын тексеру



Үй жұмысын тексеру.
1)А және В паратифтерінің айырмашылығы
2)А паратифтерінің тұмаудан ерекшелігі
3)В паратифінің асқынулары

Жаңа тақырыпты болжау
Ой шоғырландыру

Жаңа тақырыпты ішек токсико инфекциялары кезіндегі жеке бас гигиенасын ұстану видеосымен таныстыру

Сабақтың ортасы
Шигеллез- нәжіс-ауыз механизмімен жұғатын, су, тағам және тұрмыстық заттар арқылы таралатын, көбіне тоқ ішектің шырышты қабықшасын зақымдайтын, шигелла текті микробтары әсерінен туындайтын антропонозды жіті ішек инфекциялық ауру.
Клиникалық түрде ауру интоксикация, іштің бұрап ауыруы, қан аралас іш өту белгілерінің болуымен сипатталады.
Дизентерия терминін Гиппократ енгізген («dis» - бұзылыс, «enteron» -ішек).
Дизентерия микробтарын 1891 жылы А.В.Григорьев және 1898 жылы жапон ғалымы К.Щига ашқан.
Дизентерия ауруының әлі де көптеп таралуының себептері:
Сүт тағамдарының, ауыз суының, көпшілік тамақтандыру мекемелерінің тағамдарының қоздырғыштарымен ластануы;
Тамақ өндірісінде санитарлық- техникалық, технологиялық, санитарлық-эпидемияға қарсы ережелердің бұзылуы;
Диагностикалық қателіктер;
Аурулардың дәрігерлік көмекке кеш келуі;
Нашар тамақтану, иммунитет жетіспеушілік;
Санитарлық ағарту, гигиеналық тәрбиелеу жұмыстарының төмен деңгейде жүргізілуі.
Этиологиясы. Қоздырғышы Shigelle – дезентерия микробтары, Enterobacteriaceae тобына жатады. Негізгі 4 түрі жиі тіркеледі: Гринорьев-Шиго, Флекснер, Зонне және Щмиц-Штуцер шигеллалары. Дизентерия микробтарының морфологиялық қасиеттері ұқсас, гармтеріс таяқшалар, қоректі орталарда жақсы өседі. Микроб жасушаларының ыдырауы барысында эндотоксин бөліп шығарады, Григорьев-Шиго шигелласы эндо және экзотоксин бөледі. Эндотоксиндердің әсерінен организмде жалпы улану белгілері пайда болады.
Сальмонеллез- нәжіс- ауыз механизмімен берілетін Enterbacteriaceae тегіне Salmonella тобына жататын қоздырғыштардың ішке түсуінен пайда болатын, клиникалық белгілері бактерия тасымалдаушылықтан бастап аурудың асқынған түрі сепсис пайда болуымен сипатталатын, тез өрбитін полиэтиологиялы, зооантропонозды, бактериалды жіті ішек инфекциялық ауру.
Сальмонеллез көбіне тез өрбитін гастроэнтерит түрінде өтеді.
Тарихи мәліметтер. Көп жылдар бойы бұл ауруды тамақтан улану тобына кіргізген. 1885 жылы американдық ғалымдар Д.Е.Salmon және Т.Smith ауырған шошқаның денесінен алғаш рет Bacterium suispestifer қоздырғышын бөліп алды. Ал 1888 жылы G.Gaertner «еттен ұшыну» ауруның себебі бактериялар екендігін дәлелдеді. Ал кейінгі жылдары осы бактериялар тобына кіретін көптеген қоздырғыштарашылып, сипатталып жазылды. Қоздырғыштарды алғаш алғашқы ашқан ғалымның құрметіне сальмонелла деп атады.
Қазіргі кезде сальмонеллез кеңінен таралған аурулардың бірі, ішек инфекцияларының ішінде 30-40% құрайды.
Этиологиясы. Қоздырғышы Salmonella typhi, salmonella para typhi А және В. Туысы – Salmonella, тұқымдасы-Enterobacteriaceal Құрамында:- термотұрақты самтоикалық О-АГ
Сальмонеллез ошағын эпидемиологиялық тексеру барысында аурудың жанұясында тіркелмеген басқа ауруларды және бірге тамақтанған басқа адамдарды анықтау керек. Жаңадан табылған аурулар ошақтың көлемін, аурудың таралу жолдарын, инфекция көзін анықтауға мүмкіндік береді. Инфекцияның таралу себен анықтау мақсатында науқастан және онымен бірге тамақтанған адамдардан соңғы 2 күн ішінде қандай тағамдарды жегендерін сұрау қажет. Сонымен қатар түрлі тағамдарды қандай мөлшерде қабылдағаны және қабылдау уақыты анықталады, өйткені тағамдарды ұзақ уақыт бөлме температурасында сақтау қоздырғыштардың онда көбеюіне ықпал етеді. Тағамның дайындалу уақытын, қабылдау уақытын сақталу жағдайын анықтау арқылы күдікті тағамды анықтау қажет.

Жұмыс түрлері

Теория



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   32




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет