54
Оқушылар
шеңберлене отырып, бір-біріне кішкене допты лақтырады
(немесе жүректің кішкене сұлбасын сағат тілі бойынша жылжытып отырады).
Доп қолына тиген оқушы сабақ туралы бір сөйлем айтады.
330. «Ықшам тақталар»
Өз рұқсат қағаздарының екінші жағын пайдалана отырып, оқушылар:
қысқаша сұрақтарға жауап жаза алады, олардың «талпынатын»
деңгейін көрсете
алады, оларды «ақиқат-жалған» жаттығуы үшін пайдалана алады.
331. «Ыстық орындық»
Бір оқушы алға шығып, өз пікірін
айтып және тақырып бойынша
сұрақтарға жауап береді. Оқушылар белгілі бір пікірмен немесе басқа
оқушымен, сұрақты неғұрлым жеке емес қылу үшін
немесе мазмұны жағынан
кеңірек қылу үшін, бірге алға шығып сөйлей алады. Мысалы, оқушылар
белгілі бір рольді немесе адамды сомдай алады.
332. «Элективті тест»
Мұғалім
алдын ала әрбір оқушыға A, В, С, D, Е арқылы белгіленген
түстері
сәйкес ақ, сары, көк, қызыл, жасыл стикерді таратады. Әрбір сұрақты
қойғаннан кейін 20сек. кідіріп, сыныптан
тест жауабына сәйкес әріпті
көтерулерін сұрайды. Өзін-өзі және бірін-бірі бағалауды жүзеге асыру үшін
дұрыс немесе дұрыс емес жауаптарды диалог құру арқылы талқылайды.
Достарыңызбен бөлісу: