Сабақта қолданылатын


ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТРЕНИНГТЕР ТОПТАМАСЫ



Pdf көрінісі
бет94/104
Дата06.03.2024
өлшемі0.96 Mb.
#494581
түріСабақ
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   104
Қызықты методика

ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТРЕНИНГТЕР ТОПТАМАСЫ 
 
«Шеңбер бойынша сөз тізбегі» ойыны тренингке қатысушылардың 
сөздік мағыналы ойлауын, топтық қатынасын, сөйлеу мәнерін дамытуға ықпал 
етеді. 
Ойынның ережесі: Қандай да бір қарапайым сөйлем таңдап
қатысушылар сол сөйлемді түрлі дауыс ырғағымен жалғастырулары қажет. 
Мысалы 
“Біз 

құзыретті, 
кәсіби 
білімді 
маманбыз”. Енді 
оң 
жақтағы ойыншыдан бастап осы сөйлемді кезекпен айтамыз. Ойынның әр 
қатысушысы сөйлемді жаңа интонациямен айтуы тиіс (сұраулы, қуанышты, 
таңқалушы, немқұрайлы және т.б). Егер қатысушы жаңа дауысқа сала алмай 
айтылғанда қайталаса, ойынан шығарылады. Осылайша, ойын бірнеше рет 
ойналады. Басқа адамның интоннациясын қайталауға болмайды. 

«Комплимент» жаттығуы 


Жаттығудың тапсырмасы – қатысушылардың бірін-бірі түсінісуі арқылы 
эмпатия деңгейін көтеру, тіл табыса алу қасиетін, бірі-бірін толық тануын 
дамыту. Тренингке қатысушылар шеңбер бойымен орналасады. Кез - келген 
қатысушы жағымды комплимент айтады. Ал қалғандары ол кімге арналғанын 
табады. Комплимент алған қатысушы ойынды әрі қарай жалғастырады. Барлығы 
түгелдей жағымды эмоция алмайынша, ойын аяқталмайды. 
Осы 
жаттығу 
тренингке 
қатысушылардың 
қаншалықты 
қызығушылықпен тапсырмаларды орындағандарын дәлелдеді. 
Тренинг аяқталғаннан кейін қорытынды ширингте «Тренинг саған не 
берді?» деген сұраққа қатысушылар өздерінің ойларын ортаға салды. 
Осыдан тренинг нәтижесінде бірлескен іс-әрекет қарым-қатынас 
қабілетін арттырып қана қоймай, сонымен қатар тұлғаның дамуы мен өзгеруіне 
тікелей ықпал етеді. 
«Жағымсыз қасиеттер жәрмеңкесі» жаттығуы 
Ойын ережесі: Шеңберде қатысушылар өздеріне жағымсыз деген 
қасиеттерін атайды. Олардың тізімі тақтаға жазылады. Осылайша жағымсыз 
қасиеттер тізімі құрылды (жалқаулық, асығыстық, артық сөйлеу және т.б.). 
Топтың міндеті осы жағымсыз қасиеттерді қайта қарап, оның тиімді және 
жағымды жақтарын табу мен оны жағымсыз қабылдау себептерін анықтау болып 
табылады. Ал жағымды сипаттама жасап, сол қасиетті қорғап алған қатысушы 
оны өзіне алады. 
Жоғарыдағы жаттығудан кейін эмоциялық қысымды шығару 
үшін «Жағымсыз эмоциялық күйді шығару» арт-терапиялық тапсырма 
орындалды. 
Тапсырма ережесі: Қатысушыларға А4 және А1/4 қағаз беріледі. Олар 
А1/4 қағазға жағымсыз көңіл күйін түсіреді. Сол қағазды үлкеннің үстіне 
жапсырып өзінің қалауы бойынша суретті жалғастырады. Кішкентай қағазды 
жапсырар алдында мына сөздерді айту маңызды «Өмірді ашық, жарық, 
көңілді жағдайлар өте көп». Сурет қатысушының қалауы бойынша, өзі қалай 
өзгергерткісі келгенше салынады, боялады. 
Тапсырманы қорытындылау үшін талқылау сұрақтары берілді: 
- Суретте ненің бейнесі салынған? 
- Осы суретті салғанда қандай сезімде болдыңыз? 
- Бұл сурет сізге нені көруге әсер етті? т.б. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   104




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет