Сабақтар (сағаты) 15 соөЖ (сағаты) 15 СӨЖ (сағаты) 45 Барлық сағаттар 90 Курстың мақсаты



Pdf көрінісі
бет10/60
Дата26.04.2024
өлшемі6.9 Mb.
#499894
түріСабақ
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   60
Снимок экрана 2024—04—18 в 22.58.51

№ 3 дəріс
Тақырып Орта ғасыр дəуіріндегі психология. Жан туралы ілім шеңберіндегі
психологияның даму кезеңдерінің аяқталуы.
Мақсаты: Орта ғасыр дəуіріндегі психология мен жан туралы ілім шеңберіндегі
психологияның даму кезеңдерінің аяқталуы жөнінде білім беру.
Дəрістің мазмұны


1. Ғылым дамуы барысындағы дін үстемдігі.
2.Психологияның даму кезеңіндегі психологиялық көзқарастар. Ф.Бэконның
зерттеулері.
3.Орта ғасыр ойшылдарының (Ф.Аквинский, В.Оккам, Р.Бэкон) психологиялық ойлары
мен зерттеулері.
Vғ. Рим империясының құлауына байланысты ортағасырда ғылым дінге қызмет ете
бастады. Ғылымдағы бұл қиын кезеңдерді мына жағдайлардан көруге болады: Европада
«христиан» дінінің жеңіске жетуі барлық ғылым салаларына үлкен əсерін тигізді. ІҮғ.
Александрия ғылыми орталығы құлатылып, ҮІғ. Афинадағы мектеп жабылды. Христиан
діні ғылыми тəжірибеге негізделген білімінің барлығын жоюға тырысты. Осылайша
табиғат құбылыстарын зерттеудегі жаратылыстық ғылыми мəселелер жойылып,
Европаның интеллектуалдық өмірінде біртіндеп «схоластика» дами бастады. Барлық
ғылым салалары үшін, əсіресе психологиялық ғылымдар үшін болған осы қиын кезеңдер
тек ХҮғ. ғана аяқталды.
Сонымен ортағасырлық философия христиан дінімен тығыз байланысты болды.
Осылайша дін, наным сенімнің үстемдік етуі, ғылым мен философияна антика
заманынан бөліп көрсетті. Ал адам табиғатын түснудегі негізгі көзқарастар мен
концепциялар христиандық идеологиямен байланысып, христиан діні догматтарының
таңбасын алып жүрді.
Психология ғылымының дамуына осы жағдайлар оның зерттеу пəнінің өзгеруіне
əкелді. Яғни «жан» туралы ғылым емес, дінге, құдайға сену деп табылды. Міне, осындай
кезеңдерде психологияда психика мəселесін зерттеу үшін дұрыс ғылыми бағытты табу
керек болды. Осы кезде психология мен діни түсініктер арасында қайшылықтар пайда
болды. Бұл жағдайлардын соң психология ғылым саласында өз орнын тауып, қажетті
сұрақтарға жауап беруге тырысты.
Дін саласынан, діни түсініктерден арылып шығу барысында психологияда екі түрлі
теория пайда болды:
1. ІХ Хғ.ғ. арабтық ғалым Ибн Синаның есімімен байланысты. Теория, шынайы
білім жəне нанымның ақиқаттылығы бір бірімен сəйкес келмейді, бірақ бір біріне
қайшы да емес , олар параллельді түзу сызық тəрізді.
2. ХІІ ХІІІғ.ғ психологияда «деизм» деп аталатын бағыт қалыптасады. Ол екі «жан»
бар дегенді айтты: рухани (ол дінде зерттеледі), тəндік (психологияда зерттеледі).
Кейіннен ХІІІғ. Ф.Аквинский – дінді ғылыми дəлелдерден қорғап шықты. Дін мен
ғылым арасындағы байланысты түсіндіру үшін Ф.Аквинский былай деп жазады: «Бұл
екеуі де ақиқатты екі түрлі сипаттайды, бірақ ғылыми шындық дін шындығына қайшы
келсе, ғылым дінге жол беруі керек».
Орта ғасыр тарихы ұзақ кезеңді- V ғасырдан XVI ғасырға дейінгі жəне XVIІ
ғасырдың бірінші жартысы аралығындағы уақытты қамтиды. Тарихи ғылымда ол пайда
болу, даму жəне жаңа əлеуметтік құрылымның-феодализмнің құлдырауы болып
анықталады. Жалпы еуропалық маңызы бар жəне Батыс Еуропада жаңа капиталистік
қатынасты бастаған орта ғасыр мен Жаңа заман аралығындағы -1640-1660 жылдардағы
ағылшын революциясын бірінші буржуазиялық революцияны меже етіп алайық.
Феодолизмнің пайда болу, даму жəне тарихи үрдісінің жалпы бағыттылығы түрлі
халықтар тарихында түрліше жүзеге асты. Сонымен, орта ғасырларда əр түрлі араб
тайпаларының дүниежүзілік тарих аренасына шығу үрдісі етек алды жəне олардың Ескі
Дүние бөлігі бойынша таралуы, яғни Араб түбегінен Атлантика жағалауына дейін, бір
жағы Индонезияға дейін болды, өз мемлекетін құрған араб халықтары пайда болды. Орыс
халқының тарихында орта ғасырлар шығыс славян тайпаларының бірігуі мен шығыс
славян мемлекеттерінің пайда болу кезеңі болып, XVI ғасырда Урал арқылы өткен жəне
көп ұлттық бірігуге бастама жасаған ұлы державаға айналды.
Орта ғасырларда жалпы тарих шеңберінде Шығыс ұзақ уақыттар бойы алдыңғы қатарлы
рольді ойнады. Шығыста феодализм Батысқа қарағанда ерте құрылды. Қытай, үнді, араб,
иран, орта азаи мəдениеті бұл кезеңде Батысқа қарағанда ерте дамыды. Алайда Шығыста
бірте-бірте тарихи үрдісті, капиталистік элементті кешеуілдететін жағдай туындады.
Нəтижесінде сəті келген кезде адамзат дамуының қарқындылығы Шығыстан Батысқа ауа
бастады. Орта ғасырлар тарихын зерделеу Жаңа заманның да тарихи үрдісін түсінуге
мүмкіндік береді.
Орта ғасырлар тарихына қарама-қайшы сипаттама беруге болады. Гуманистар орта
ғасырлардан қараңғылық пен надандық уақытын көрген. Осындай ортағасырлық əлемді
біржақты бағалауға орыс философы Н.А. Бердяев былай деген: «Орта ғасыр- дүние
жүзілік тарихтағы ең жұмбақ та, еліктіргіш кезең болып табылады. Орта ғасыр тағылық
пен қараңғылықтың кезеңі емес, керісінше, бұл рухтың қуат алу, шаршамас ой қызметінің
ұлы дəуірі. Бұл кезең ең аскеттік ғана емес, сонымен қатар ең сезімтал кезең...келешек
адамзат алдына шешілмес мəселелер қойып отырған кезең. Адамзаттың орта жасындағы
қараңғылық пен надандық барлығына да белгілі. Бірақ ол кезеңді қараңғылық кезеңі деп
айтуға негіз жоқ, өйткені бұл кезеңнің ортасында Иоанн Скотт Эриугена дүниеге келсе,
соңында Майстер Экхарт келген жоқ па? Данте мен Фома Аквинскийдің кезеңі
мəдениетсіз болып па еді? Бүкіл антикалық мəдениет орта ғасырға енді, бүкіл əлем осы
ғайбатталған ғасырда өмір сүріп, дамыды.


Шындығында, орта ғасыр кезеңі бүкіл адамзат үшін мақтаныш болып отырған ерен
жүйріктерді, ұлы адамдардың тобын танытты. Халық көсемдері (Уот Тайлер),
социализмнің негізін салушылар (Томас Мор жəне Томмазо Кампанелла), ұлы ойшылдар
мен философтар (Пьер Абеляр, Роджер Бэкон, Авиценна, Аверроэс, Ян Гус, Николай
Коперник, Джордано Бруно, Галилео Галилей), данышпан ақындар мен жазушылар (Омар
Хайям, Низами, Данте, Петрарка, Боккаччо, Рабле, Шекспир, Сервантес), танымал
суретшілер (Джотто, Рафаэль, Микельанджело, Леонардо да Винчи, Андрей Рублев,
Дюрер, Рубенс, Рембрандт). Сол секілді готикалық архитектураны, сəулет өнерін, будда
ғибадатханалары мүсінін, мавритан сарайлары мен бақтарын да айта кеткен жөн». Орта
ғасырдағы өнер мен əдебиетті жан-жақты қарастыра отырып, А.Я. Гуревич осы кезеңде
тұлға туралы түсініктің қаланғаны туралы түйінге келеді. Орта ғасырда тұлға жеке
сапаларды таратушы болып табылмайды. Адам өзіне берілген рольге сəйкес өмір сүреді.
Сол кездің өзінде көптеген ойшылдар өзін-өзі тану мен өзіндік санаға қызығушылық
танытқан. ІХ ғасырда ирланд схоласты Иоанн Скот Эриугена өзіндік санаға баса назар
аударған. Өзіндік сана қүралы- ішкі сезім болып табылады. ХІІ ғасырда философ Пъер
Абеляр (1079-1142) «Менің апаттарымның тарихы» атты шығарма жазады. Бұл кітаптың
қосымшасы болып табылатын «Абеляр мен Элоизаның хат алмасулары» атты шығарма
Пъер Абеляр мен Элоизаның өміріндегі терең өзін-өзі саралау трагедиясына құрылған. Ол
орта ғасырдағы адамның жанына үңілуге мүмкіндік береді.
Бастапқыда антика əлемімен байланыс күшті болды. Білім беру сол кездегі
авторлар-философтарды, сонымен қатар Гиппократтың, Аристотельдің, Галеннің
жаратылыс-ғалыми мəліметтерін оқу негізінде құрылды. Содан кейін білім толық
құлдырауға түсіп, шіркеу беделі өсе түседі. Философ Ж. Маритен орта ғасырды
теологиялық империализм кезеңі деп атады. Шіркеу ақиқатты жақтады. «Қасиетті
жазбалар беделі адамзат ақыл-ойының бүкіл мүмкіндіктерінен жоғары» -деп жазды
Августин Блаженный. Табиғаттану жоғала бастады, өйткені бүкіл жаратылыс анафемаға
берілді. Тылсым мен каббалистика профессорлары пайда болып, алхимия мен астрология
таныла бастайды. Осыған байланысты V ғасырдан XVIІІ ғасырға дейінгі кезеңді
«қараңғы жылдар» деп аталды. Орта ғасырларда мұсылман дінге сенушілігі –ислам
дамыды. Буддизм мен христиандық əлемдік масштаб дініне айналды. Осындай діндердің
пайда болуына феодализм мүмкіндік туғызған болып шықты.
Діннің маңызды институты шіркеу болды. Орта ғасыр шіркеу беделіне сөзсіз бағыну, ойды
бүкпелеу, қараңғы аскетизм кезеңі ретінде тарихқа енді. 1022 жылы Орлеан қаласында
инквизацияның алғашқы жалындары пайда бола бастады. Өнер саласында шіркеу
үстемдігі неғұрлым көп тараған əдебиет жанрында əулиелер өмірі, архитектурада-
соборлар, бейнелеу өнерінде- иконалардың болуынан айқын байқалды. Қытайда сол
уақыттарда буддизм батыс елдеріндегі католиктіктің маңызындай қоғамдық жəне
мəдениеттік өмірде басты орында болған жоқ. Білім беру мен ағарту Қытайда
конфуцийлердің қолында болды. Білім беру саласында будда трактаттары мектеп
оқулықтарына енгізілмеді.
ХІ- ХІІІ ғасырларда қалалар жəне буржуазия дами бастады. «Венеция, Флоренция,
Генуя, Пиза, Милан, сонымен қатар Париж, Брюгге, Гент, Лондон...бұл қалалардың
барлығы сол орта ғасыр туындылары болса керек». Сол кездегі схоласттар мен дін
басылар демеу болған университеттер пайда бола бастайды. Нəтижесінде, білім беру,
рухани өмір секілді, схоластикалық диспутпен бірікті. Білім-дедуктивтік –схоластикалық
сипатқа ие болады. Табиғаттың орнына Қасиетті жазбалар мəтінін оқумен айналысты.
Қайта өрлеу рухы рационалдық схоластикалық абстракцияны жойған уақытқа- ХІV
ғасырдың аяғына дейін осылай жалғасты.
ХІІІ ғасырдан бастап білімнің барлық салаларында ғылыми қызмет дами бастайды, сенім
жəне білім саласында бөліну үрдісі басталады. Бұл жолда алғашқы болып табиғат туралы
ғылым-жаратылыстану, астрономия жəне математика танылады. Міне, сондықтан да, дін
билігінен азат етілу белгісі болғандықтан, олардың дамуы революциялық маңызға ие
болды.
Психология орта ғасырда этикалық-теологиялық мистикалық сипатқа ие болады.
Психика туралы білім баяулайды. Жан өмірін зерттеу діни қызмет міндеттеріне бағынады.
Онымен бірге адам ағзасының анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктері туралы
мəлімет жан өмірінің негізі ретінде жинақталады. Əсіресе арабтар мен араб тілінде
жазатын ойшылдар қызметін атап өткен жөн. Ірі өкілдері ретінде Авиценна (Ибн Сина),
Альгазен, Аверроэсты (Ибн Рушд) атап өткен жөн. Араб тілі мəдениетінің тарихи еңбегі
Еуропа халқына грек философиясын қайтарып, Х VІІІ ғасырда материализмді дайындап,
оны əрі қарай дамытқанында. Бұл ғалымдардың еңбектерінде психикалық сапалардың
табиғи себептермен шарттастығы, психиканың, тəрбиенің өмір жағдайына тəуелділігі
туралы ойлар келтірілген. Жеке жанның мəңгі өлмейтіндігі жоққа шығарылады. Авиценна
мидың жарақат алған кезіндегі бұзылысын бақылай отырып, мимен сезіну мен ойлау
үрдісінің байланысын Галенге қарағанда дəл сипаттайды. Рухани күштер өзінен-өзі пайда
болмайды, олар органға, тəн субтратына, яғни миға мұқтаж. Альгазен «Оптикада» түйсік
туралы ілімді алға тартады. Ол Аристотельдің белсенді жəне енжар зерде туралы ілімін
дамытты. Тұтастай алғанда араб тілді ойшылдар психобиологияның қалпына келуіне
себепші болды.


XVII ғ. дейін жан туралы ілімнің дамуын анықтаған аристотелдік психологияда
ағзаның барлық өмірлік көріністері зерттеу нысаны болды. Аристотелдің бұл
психологиялық жүйесінің күшін көп жағдайда психобиология деп атайды. Дене жұмысы
мен құрылысы туралы анатомиялық жəне физиологиялық ілімдердің дамуына
байланысты, дененің тіршілік əрекеті құбылыстарының көп бөлігін түсіндіру үшін жан
ұғымы артық болып табылады. Ғылым мен техниканың түрлі саласындағы ұлы
жаңалықтар мен жаңа өнер табыстары ғылыми танымға жаңа жол салды. Тəжірибе,
эксперимент, индукция, математика енді деректерді алу жəне түсіндіру құралы ретінде
саналады.
Жаңа көзқарастың рухани ерекшелігі Френсис Бэконның философиялық еңбектерін
безендіреді (1561 — 1626). Ф. Бекон жанды зерттеудің жаңа бағытын айқындайды. Ол жан
табиғатына қатысты анағұрлым жалпы мəселелерді зерттеуден бас тартады, жəне оның
процесстерінің (қабілеттерінің) эмпирикалық сипаттамасына өтуге шақырады. Бэкон
жасаған бұл екі қадам – жан құрамынан органикалық функцияларды шығару/алып тастау
жəне ерекше зат ретінде жанды зерттеуден бас тарту, оның процесстерінің сипаттамасына
өту талабы - жан туралы ғылымның жойылуына дайындады жəне сонымен қатар сана
туралы жаңа ғылымның пайда болуы үшін алғышарттар құрды.
Ғылым классификациясы мəселелері констекстінде Бэкон құрамдас бөлігі психология
болып табылатын адам туралы, біртұтас ғылым туралы идеяларды дамытады. «Бұл
ғылым Адам үшін барлық ғылымдар мақсатын құрайды жəне сонымен бірге табиғаттың
тек бір бөлігін ғана». Жалпы «ғылымдардағы барлық бөлулер ғылымдардың
айырмашылығын үзіп бөлмей тек белгілеп немесе көрсетіп жүргізілуі керек»
2
. Бұл
талаптар адамды кешенді зерттеу міндеттеріне байланысты бүгінгі күні де өзекті болып
табылады.
Бэконның пікірі бойынша адам туралы ілім екі бөліктен тұрады. «Олардың біреуі
адамды оның қандай екені ретінде қарастырады, ал екіншісі - оның қоғамға деген
қатынасында. Оның біріншісін адам философиясы деп атаймыз, екіншісін - азаматтық
философия дейміз»
3
. Философияда адам оның тіршілік əрекетінің қоғамдық-
экономикалық талаптарынан бөлек қарастырылады: Бэкон адамға натуралистік тұрғыдан
қарайды. Адам құралатын бөліктерге (жан мен тəн) сай тəн туралы жəне жан туралы
ғылым бөлінеді. Олардың əрқайсысын қарастырмас бұрын Бэкон жанды, сонымен қатар
тəнді қамтитын жалпы мəселелерді бөліп алады. Олар жеке тұлға туралы жəне жан мен
тəн байланысы туралы ілімдерді құрайды. Тұлға туралы ілімде атақты тарихи
қайраткерлерді үлгі ете отырып, адам мүмкіндіктерінің ең жоғарғы деңгейі
қарастырылады: күшті ес, таңқаларлық ақылдылық, рухани табандылық жəне т.б. Жан
мен тəн одағы туралы ілім мынадай мəселелерден тұрады: сыртқы көрінулер, яғни мінез-
құлықтарына қарап ішкі сезім күйін анықтау (физиогномика), түс жору, тəннің ауруының
ішкі сезім қызметіне немесе керісінше жанның тəнге əсері. Бұл мəселе бойынша Бэкон
олардың күнделікті өмірдегі пайдасына көңіл аударады. Оларды шешуге ол материалистік
тұрғыдан келеді. Тəн туралы ғылымға мыналар жатады: медицина, косметика, атлетика
жəне құштарлық туралы ғылым. Олардың сипаты салауатты өмірге мүмкіндік
туғызатынның барлығын бөліп көрсетуге бағытталған.
Жан туралы ілім ішкі жан дүниесімен сезіну қабілетіне ие, яғни тамаша жан немесе рух
туралы ғылымнан жəне адамдар мен жануарларға бірдей тəн сырттай денелік сезіну
ғылымдарынан тұрады. Жанды əсерленген жəне
сезімтал деп бөлуде Маркстың бағалауы
бойынша Бэконның барлық философиясына тəн теологиялық жүйесіздігі көрінеді. Бэкон
əрбір жанның қабілетін (функциясын) бөліп көрсетеді. Сезімтал жан үшін бұл сезіну жəне
таңдау қабілеті, яғни жақсыға ұмтылу жəне жағымсыз жағдайлардан бойын аулақ салу
жəне еркін қозғалыс жасау. Сезімтал жан — адам мен жануарда ортақ. Аристотелмен
пікір таластырған Бэкон оның функциясынан тыныс алу, ас қорытуды қамтамасыз етуге
қатысуды алып тастайды «ішкі органдар сезімнің қатысуынсыз əрбіреуі өз қызметін
орындайды»
1
. Бэконның пікірінше сезіну жəне таңдау қабілеттеріне бүкіл тəн ие: мысалы,
темірдің ерекше қасиеті - магнитке жабысу, ауыр жəне тығыз дененің қасиеті - жерге
құлауы. Бұдан қабылдауды жанның функциясы ретінде ерекшелеу қажет. Алайда, Бэкон
бұл айырмаларды көрсетуге мүмкіндік беретін критерияларды бермейді. Рационалды
жанның қабілеттері –бұл ақыл-ой (немесе интеллект), ақыл-ес, елестету, жады, (немесе
əуестiк) тiлек, ерiк. Жан туралы ғылым олардың шығу тегін, оларды дамыту жəне нығайту
əдістерін зерттеуі керек.
Бэкон таным мəселелерін əлдеқайда жан-жақты қарастырады. Ол бүкіл əлемнің
объективтілігін мойындаудан көрінеді.
Сезiм танымның бастапқы элементі болып көрiнедi, бiрақ ол танымның барлығын
қамтамасыз етпейді. Сезім деректері ақыл-ой арқылы өңделу керек. Өрмекшінің өз
ойынан тор құруы секілді қасаң қағида сыналады. Тəжірибе мен ақыл-естің одағы қажет:
ғылым бұл тəжірибелік ғылым жəне сезімтал деректерге рационалды əдістерді қолданудан
тұрады. Адамның танымдық қабілеттерін талдау арқылы Бэкон, жеке мəселелер бойынша
емес, əр қадам сайын ақыл-еске тұзақ қою арқылы алданатын таным терең адасуға тап
болғандығы туралы қорытындыға келеді. Бұндай адасуларды Бэкон «табынушы (пұт)»
деген сөзбен белгілейді. «Денемен көлеңкеленіп, бүркемеленген адамның ақылы
айналасындағы заттардан түсетін шағылысқан сəулелерді еш бұрмаламай сол қалпында


қабылдайтын тегіс, жұмыр, таза айнаға тым аз ұқсайды; ол қандайда бір алдамшы елестер
мен қиял-ғажайыпқа толы сиқырлы айнаға ұқсайды. Табынушылар адам тегінің жалпы
табиғи күшіне немесе интеллектке немесе қарым-қатынас ерекшелігінің жалпы табиғи
күшіне ықпал етеді. Бірінші түрін біз əдетте ру табынушылары деп атаймыз, екіншісі - тау
үңгірі табынушылары жəне үшіншісі - алаң табынушылары. Табынушылардың тағы бір
төртінші тобыда бар, оларды біз қате теориялар немесе философиялық ілімдердің жəне
жалған заң дəлелдерінің нəтижесі болып табылатын театр табынушылары деп атаймыз.
Алайда табынушылардың бұл тобынан бас тартуға жəне құтылуға болады.... Басқа
табынушылар түрі ақыл-есті тұтастай басып алып, үстемдік етеді оларды ақыл-естен
толықтай жойып жіберу мүмкін емес»
1
. Адам танымының жолында кездесетін кедергілер
туа біткен немесе жүре пайда болған болуы мүмкін. Олар қаншалықты құдіретті болса да,
оларды жеңуге болады жəне объективті ақиқат танымы мүмкін болып табылады. Бұдан
келіп адасудан босату амалдары туралы мəселе шығады. Іс жүзіндегі қызметте де осы
тəріздес «егер адамдар механикалық жұмыстарды ешқандай құралдарды қолданбай
жалаңаш қолдарымен жасайтын болса, олар бұған қаншалықты жұмыла күш жұмсаса да
айтарлықтай дəрежеге қол жеткізулері екіталай болған болар еді» сол секілді танымдық
ақыл да қажетті деңгейде қарулануы керек. «Жалаңаш қол мен өз-өзіне берген ақыл-ой
үлкен күшке ие бола алмайды. Іс қолмен қатар ақыл-ойға да қажетті құрал-саймандармен
жəне материалдық көмек арқылы жасалады. Қолдың құралды қозғалысқа келтіріп
бағыттағанындай, ақыл-ой құралы да ақыл-еске нұсқау береді немесе оны сақтандырады»
3
. Бэконның пайымдауынша танымның басты құралы «барлық бар мəселелердің ішіндегі
ең маңызды мəселе» əдіс болып табылады. Бэкон ғылыми индукцияны табиғатты ашып
көрсететін əдіс деп санайды. Индукцияны жалпы теорияға көтеруде, жекеден жалпыға
өту ережесін анықтауда ол көп еңбек сіңірді. Бэконның ілімі барлық ғылымға орасан зор
əсерін тигізді жəне оны эмпирикалық ғылымның негізін қалаушы ретінде танытты.
Бэконның пайымдауынша логика мен эксперимент ғылыми зерттеу əдістерін
қаруландыратын құрал.
Бэконның танымдық процесте көмекші құралдардың қажеттілігі туралы сөздерін
Л.С.Выготский де бірнеше рет айтады. Ойлау психологиясына логиканың қаншалықты
қатысы бар екендігі туралы жəне логика ойлаудың басты жəне жалғыз критериясы бола
ала ма деген мəселелер қазіргі заманғы психологияда үлкен пікірталас туғызды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   60




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет