Сабақтар (сағаты) 15 соөЖ (сағаты) 15 СӨЖ (сағаты) 45 Барлық сағаттар 90 Курстың мақсаты



Pdf көрінісі
бет9/60
Дата26.04.2024
өлшемі6.9 Mb.
#499894
түріСабақ
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   60
Снимок экрана 2024—04—18 в 22.58.51

тегжейлі сипаттады. Қатпарларына көңіл аударды, адам миындағы жарты шарларда
жануарлармен салыстырғанда ақыл-есінің артықшылығы бар қатпарлардың молдығын
айтты. Эразистраттың есімімен эмоционалды жан құбылыстарының патогенді ролі туралы
алғашқы еске түсіру байланысты. Эллинизм кезеңінің анатомиялық-физиологиялық
мəліметтерін əйгілі римдік дəрігер, медицина, анатомия жəне физиология бойынша
жиынтық шығармалардың авторы Клавдий Гален (б.э. ІІ ғ.) біріктіріп, толықтырды, бұл
мəліметтер тіпті, XVII ғ. дейінгі дəрігерлердің үстел кітабы болды. Сапалық жағынан
ұқсас емес процестердің (тамақтану, өсу, көбею, сезіну, ойлау) материальдық негізі деп ол
пневманы – ерекше өмір əкелуші затты атады. Пневманың екі түрін ажыратты:
жануарлық, оның бастауы жүректе физиологиялық функцияларды тудырады, жəне
психикалық – оның бастауы мида еркін қимыл-қозғалыстарды жəне психикалық жан
құбылыстарын басқарады. Пневма жүйке бойымен қозғалады. Бас жəне арқа миының
құрылысы мен функцияларын анықтауға қатысты ашулар Галенге тиесілі. Түрлі
бұлшықеттерді жабдықтаушы жүйкелерді көлденең қию тəжірибелер сериясын
қолданғаннан кейін Гален: «... дəрігерлер жүйкесіз бірде бір дене бөлігі, еркін деп
аталатын ешбір қимыл-қозғалыс, бірде бір сезімдер де болмайтынын дəл анықтаған»
1
деген тұжырымға келді. Гален осындай экспериментальды түрде арқа миының
функциясын анықтады. Арқа миын көлденең қию кезінде қиюлардан төмен жатқан
дененің барлық бөліктерінің еркін қозғалмалылығы мен сезімталдығы жойылды, мұнымен
қоса сал ауруы алдыңғы тамыршалардың, ал сезімталдықтың жойылуы – артқы
тамыршалардың бұзылуынан болды. Осылайша, Гален функцияларына қарай арқа
миының алдыңғы жəне артқы тамыршаларын ажыратты. Гален шығармаларының
бірсыпырасын бас миына арнады. Аристотелдік түсінікті сынға алды: Аристотель
ойлағанда
ми жүректің тоңазытқышы емес, ол интеллект пен сезімді жасаушы деді.
Гален Гиппократтың темпераменттер туралы ілімін дамытты. Ол барлық заттардың төрт
бастауын бөліп көрсетті – жылы, салқын, құрғақ, ылғал (дымқыл) жəне жануарлар мен
адамның ағзасын құрылыс материалы секілді төрт шырыннан тұрады деді. Адамның
психикалық қасиеттері, тіпті, жынысы да шырындардың комбинациясына байланысты
деді. Ол барлығы 13 темпераментті көрсетті, олардың біреуі ғана қалыпты ал қалған 12-сі
кішкене қалыптан ауытқығандар деп санады. Римдік дəрігер Аэций (б.э. V ғ.) дəстүрлі
түрде гиппократтық деп аталатын темпераменттің төрт түрін сипаттады. Жаратылыстану
(табиғи)-ғылыми бөліміне көру түйсігі туралы білімдер де жатады. Олардың жиынтық
мəліметін перипатетші, Афинадағы философия оқытушысы Алек сандр Афродизийский
(198-211) берген болатын.
Өзін өзі тексеру сұрағы:
1. Антика дəуірінде психологияға үлес қосқан атақты ойшылдар кімдер?
2. Демокрит қандай идеяның жақтаушысы болды?
3. Гиппократтың темпераменттер туралы ілімін дамытқан кім?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   60




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет