Сабақтар (сағаты) 15 соөЖ (сағаты) 15 СӨЖ (сағаты) 45 Барлық сағаттар 90 Курстың мақсаты



Pdf көрінісі
бет7/60
Дата26.04.2024
өлшемі6.9 Mb.
#499894
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   60
Снимок экрана 2024—04—18 в 22.58.51

Антикалық психологияда орын алған ежелгі грек философ ойшылдары Платон,
Аристотель, Гиппократ, Сократ, Демокрит т.б. болды. Антикалық психологиядағы
алғашқы мифологиялық ілімдердің бірі – «жан» туралы мəселе, яғни анимизм (анима
лат. сөзі жан) түсінігімен байланысты. Анимизм құдаймен байланысты мəселелерді
қарастырып, олардың іс əрекеті мен ойлауын зерттеген. Бұл ілім «жанды» ерекше
құбылыс ретінде қарап, ол адам өлгенде кезде тəннен босап шығады деген.
Кейін революциялық жағдайдан соң əртүрлі ойдың, ілімнің дамуы анимизм
идеясынан гилозоизм (гр.тілінен материя) түсінігіне көшуден басталды. Осы идеяға
сəйкес бүкіл əлем, космос мəңгілік деп есептелді. Жанды жансыз психиканың арасында
шекара болмайды, олар барлығы біртұтас тірі материя болады деген. Дегенменде осындай
жəне де басқа да философиялық ілімдер психиканың табиғатын танудың бастау көзі
болды. Сонымен антика заманындағы белгілі ойшылдардың ой пікірлеріне тоқталайық:
Гераклит – (б.з.д. 544 483ж.ж.) «Жанды» (психиканы) космостың ұшқындары
ретінде елестетті жəне оны «мəңгі тірі от» деп айтты. Адамды қоршағанның бəрі
өзгермелі. Жан мен космос үшін – тəн заңдылық болып табылады. Өйткені ол атомдардың
бір бірімен соқтығысуынан пайда болады. Оның тағы ір ілімі «өзіңді өзің таны!». Оның
ойынша өзін өзі тану ЛОГОСТЫҢ заңы бойынша жүзеге асады. Айналамыздағы түрлі
құбылыстар бір біріне ауысып отырады жəне жаннан бөлек шағын əлем –микрокосм,
макросомға – яғни барлық əлем тəртібіне бағынады. «Өзіңе жету» заңға тереңдей түсу
(логос), бұл адам өміріне динамикалық гармония береді деген.
Демокрит (б.з.д. 471 400ж.ж.) атомисттік материализм идеясын жақтаушы. Ол
барлық нəрсе – атомдардан ұсақ субстанциялардан тұрады, олар бөлінбейді, сезілмейді.
Біз тек формасы, көлемі, қозғалысы бойынша ажыратамыз. «Жан» оттың қозғалыс
атомдарынан құралған тегіс, дөңгелек материалдық заттардан тұрады. Осылайша ол бүкіл
денеге таралады. Жан тəндегі оттың ұсақ атомдарының қозғалысы арқылы жүреді жəне ол
өлі тəнде де болады. Тəн тыныққан кезде атомдардан денеден шығып, кеңістікке
жайылады. Жан да тəн сияқты өледі деген. Демокрит психикалық процестерді –
атомдардың бір бірімен байланысуы деп түсіндірді. Мыс., адамдардың қабылдауы –
атомдар мен заттардың өзара əрекетінен пайда болады. Өйткені заттардан атомдар, жұқа
пленкалар, көшірмелер, яғни «эйдолдар» шығады. Бұл біз қабылдайтын заттың өзіне ұқсас
нəрселерАнтикалық психологиядағы материализм позициялары анатомия мен
медицинадағы антика дəрігерлерінің жетістіктерімен нығая түсті.Дəрігер əрі философ


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   60




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет