Сабақтар (сағаты) 15 соөЖ (сағаты) 15 СӨЖ (сағаты) 45 Барлық сағаттар 90 Курстың мақсаты



Pdf көрінісі
бет6/60
Дата26.04.2024
өлшемі6.9 Mb.
#499894
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   60
Снимок экрана 2024—04—18 в 22.58.51

№ 2 дəріс
Тақырып Антикалық психология. Антика дəуіріндегі ойшылдардың көзқарастары
Мақсаты: Антика дəуіріндегі ойшылдардың көзқарастары жөнінде білім беру.
Дəрістің мазмұны:
1.Аристотельдің психологиялық идеясы.
2.Антика заманындағы анимизм, гилозоизм мəселелері.
3.Антика дəуіріндегі атақты ойшыл философтардың психологиялық ойлары. Грек
жəне рим дəрігерлерінің зерттеулері.
Аристотель (б.з.д. 384 322ж.ж.) ежелгі Грециядағы əйгілі философ. Оның атақты «ЖАН
туралы» деп аталатын еңбегі бар. Мұнда ол адам табиғаты туралы білімді көрсеткен.
«Жан» оның негізгі функциясы: организмнің биологиялық мəнін жүзеге асыру.
Психика туралы осындай түсініктің пайда болуы адам табиғатын зерттеуге деген
ғылыми жаратылыстану бағытының ашылғанын көрсетеді. Аристотель жан мəселесін –
психологиялық білімнің бір пəні ретінде қалыптастырды.
Жан – Аристотель бойынша өздігінен өмір сүретін болмыс емес, жан тəннің
өмірін ұйымдастыру формасы. Жан тəнсіз өмір сүрмейді. Аристотель басқа да көптеген
нақты психикалық құбылыстарды зерттеп психологиялық принциптерді жасады:
жүйелілік, даму, детерминизм.
Ол материя мен жан біртұтас деп түсіндірді. Жанның табиғатын анықтау үшін
«энтелехия» 
терминін қолданды. Бұл «бір нəрсенің өмір сүруі, бар болуы» дегенді
түсіндіретін философиялық категория. Мəселен, жан – энтелехия болса, оның көмегімен
тəн өмір сүреді, сол сияқты көру энтелехия, ал көз сол арқылы өмір сүретін физикалық
орган ретінде. Ол жан қабілеттерін үш деңгейге бөліп көрсетеді: 1.Вегетативтік
деңгей өсімдіктерге тəн. 2.Сезімталдық деңгей жануарларға тəн. 3.Ақылдылық
деңгей тек адамға тəн.
Аристотель таным процестерін былайша түсіндіреді:
• Қабылдау, түйсіну танымның ең бастапқы көздері.
• Ес – үш түрі бар: төменгі өзі қабылданған заттарды елес түрінде сақтау; естің
өзі тек уақытша ғана сипаттарды есте сақтау; жоғары ес еске сақтау, еске түсіру,
талқылай алу.
• Қиял – елестердің құрылуы. Ол ойлаумен тығыз байланысты.
• Ойлау – танымдық қабілет. Талдау, талқылау, түсініктер арқылы жүзеге асады.
Ойлауды төменгі – пікір, болжам, зерттелмейтін, дəлелденбейтін жəне жоғарғы –
заттардың негізін танып, ғылымының жоғары принциптерін көрсететін деп қарастырды.
Сонымен қатар ойлаудың мына түрлерін атап берді:
1. логикалық
2. интуитивтік ойлап табу
3. даналық – ойлаудың ең жоғарғы түрі


4. теориялық ойлау
5. практикалық ойлау
Танымның деңгейлері: түйсік, тəжірибе, шығармашылық, ғылыми.
• Қылық – ол мінез құлықты қалыптастырудың басты көзі. Ол əрекетті: ерікті,
еріксіз деп бөледі.
• Ерік – адамның ақылымен тығыз байланысты.
• Сезім – кез келген іс əрекетті бастап жүреді. Аффект – елігу, кек, қорқу,
қанағаттану мен қайғыруға байланысты туындайды дейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   60




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет