Сабақтар (сағаты) 15 соөЖ (сағаты) 15 СӨЖ (сағаты) 45 Барлық сағаттар 90 Курстың мақсаты



Pdf көрінісі
бет27/60
Дата26.04.2024
өлшемі6.9 Mb.
#499894
түріСабақ
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   60
Снимок экрана 2024—04—18 в 22.58.51

Б.М.Бехтерев (1857-1927) павлов ілімімен ұқсас идеясын «Объективная
психология» деген кітабында дамытқан психолог Бехтерев болды. Рефлекторлық
іс əрекеттің биологиялық механизмдерін зерттей отырып, Бехтерев «Основы общей
рефлексологии» (1923) деген еңбегі арқылы туа біткен бостандық немесе құлдық
рефлекстері болмайды деп тұжырымдай отырып, қоғам адамгершілікті тұлғаны
қалыптастыра отырып, əлеуметтік іріктеу жасайды, сондықтан да, əлеуметтік орта адам
дамуының басты көзі болып табылады дейді. Ал, тұқымқуалаушылық реакциялар типін
береді, ал рекциялардықң өзі қоғам арқылы тəрбиеленеді.
Өзін өзі тексеру сұрағы:
1. Психиканы материалистік жəне идеалистік жаймен ұғынудың айырмашылығы неде?
2. Ресейдегі «мінез құлық туралы» ғылымның даму жолын қарастырған ғалымдар
кімдер?


3. Б.М.Бехтеревтің психология қосқан негізгі иделары қандай?
№ 10 дəріс
Тақырып: Психологиядағы эксперименталды жəне қолданбалы психологияның
қалыптасуы мен психологиядағы дағдарыс
Мақсаты: Психологиядағы эксперименталды жəне қолданбалы психологияның
қалыптасуы мен психологиядағы дағдарыс жөнінде білім беру.
Дəрістің мазмұны
1. Дағдарыс кезеңіндегі ппсихологиялық ой пікірлер (Г.Мюнстербергтің
психологиялық зерттеулері)
2. Галтон ілімі
3. Л.Выготскиидің өзіндік көзқарастары
Əсіресе, эксперименталды зерттеулер психотехниканың негізін қалаушы Гуго
Мюнстербергтің (1863-1916) жұмысындағы қолданбалы есебімен тығыз байланысты
болды. Оның зерттеуі өнеркəсіптік өндіріс аймағымен байланысты. «Басқару классигі»
деп атайтын американдық инжинер Ф.Тейлор(1856-1915) өндірісті рационализациялау
мақсатында психологиялық факторларды қолдану жолымен еңбекті үдету жүйесін өңдеді.
Мысалға, бір өндірістен(болат шарларды бақылаумен) 120 əйел адам алынды. Бұл
жұмыстың психофизиологиялық жағдайын зерттеу нəтижесінде,оның осы шарттарға
бейімділігі жұмыс күні қысқартылып, ауытқымалы шаршауға сəйкес жиі іркілістер
орнатылды. Жұмысшылардың өнімділігінің өскені сонша, сол жұмысты 35 адам істеуге
кірісті. Дəл, кəсіпорын иесінің экономикалық қызығушылықтарымен тікелей байланысты
тапсырмада, психотехника психологияның қолданбалы бағыты ретінде қызмет етті. Онда
кəсіби шаршау мəселелері, профорентация, профотбор, психологиялық ықпал ету, соның
ішінде жарнама құралдары жəне басқалар өңделді. Білімнің тəуелсіз аймагы, оны жасаған-
Г.Мюнстерберг(«психотехника» терминін енгізген неміс психологі В.Штерн).
Тағы 1908 жылы Бостонда Ф.Парсонс мамандық таңдаушы жасөспірімдерге
индивидуалды кеңес беретін бюро ұйымдастырды. Маңызы бойынша, бұл кəсіптік
бейімделудің бастапқы жұмысы болатын, бірақ ол жеткіліксіз ғылыми негізбен арнайы
əдістерсіз жүргізілді жəне бастысы жасөспірімдердің индивидуалды ерекшеліктері мен
өзіндік интуициясын бақылауға сүйенді. Іс-əрекеттің алуан түрінің ерекшеліктеріне
сəйкес қызметкерлер мен жұмысшыларды іріктеуде жəне жеке қасиеттерін зерттеу
əдістерін өңдеуде, Мюнстерберг зерттеуі ерекше рөл ойнады. Ол ірі американдық
компаниялардың тапсырысымен тікелей байланыста жұмыс істеді. Мюнстерберг
эксперименті Вундттің лабораториялық экспериментінен өзгешеленді: мұнда жасанды
лабораториялық жағдайдан іс-əрекеттің табиғи жағдайын моделдеуге көшу жүргізілді.
Мюнстерберг жұмыстары үлкен тəжірибелік нəтиже берді. Зерттеудің негізінде өңделіп
жатқан тестілер қызметкерлер мен жұмысшыларды іріктеуде басты құралға айналды.
Психотехникада жаңадан тəжірибе принципі шықты: тəжірибе тек осы эксперименттің
лабораториялық жағдайдағы психологияны алған «тұтынушыдан» шыққан жоқ, сонымен
бірге оның өзі əдістемелік қабылдау мен методологиялық негізіне үміт арта отырып,
психологияның алдына сұрақ қойды. Нағыз тəжірибелік нəтижеден басқа, Л.С.Выготский
бірнеше рет көрсеткен психотехникалық іс-əрекеттің үлкен методологиялық мəні осында.
Эксперименталды психология психика мен сананың анағұрлым жалпы заңдарын зерттеу
тапсырмаларымен байланыста туындады. Жекелей ерекшеліктер құтылуға тиіс кедергі
ретінде қарастырылды. Бірақ та оны іске асыру барысында ең алдымен жекелей
ерекшеліктердің анықталуымен жасық тəжірибелер пайда болды. Англияда Ф.Гальтон,
Францияда А.Бине, АҚШ-та Дж.Кеттел мен Г.Ст.Холл, Германияда Э.Крепелин мен
В.Штерн, Ресейде А.Ф.Лазурский жекелей ерекшеліктер психологиясын құрауда
алғашқылардың бірі болды.
Англияда бұл жұмыстар Дарвиннің көрнекті ізбасары, антрополог,биолог Френсис
Гальтонмен(1822-1911) басталды. Өзінің басты «Дарынның тұқым қуалауы»(1869)
кітабында Гальтон дарынның тұқым қуалауы идеясын ғылымда бірінші рет статистикалық
əдіспен дəлелдеуге тырысты жəне шығарды. «Дарынның тұқым қуалауы теориясы»- жаңа
жəне бұрынғы жазушылардан да өзін жақтаушыларды тапты,- деп жазды. Бұл пəнді ең
алғаш рет орнықты өңдеуге тырысқандықтан мен дəмелі екенімді жариялай отырып,
тұқым қуалауды орташа мөлшерде ауытқу заңына сəйкес оқу керек деп енгізіп, сандармен
берілуі мүмкін осындай нəтижеге келдім. Ақыл-ой қабілетіне қатысты адамдардағы
табиғи теңдікті жоққа шығара отырып, Гальтон, қабілеттер физикалық белгілер сияқты
тұқым қуалау арқылы беріледі деп бекітті. Қоғамдық жəне кəсіби өмірдегі жоғары бедел
дарындылықтың көрсеткіші болып табылады.
Ф.Гальтон қабілеттілікті түсініксіз биіктіктен басталып, шексіз тереңдікке кететін
үздіксіз мақсат ретінде қарастырады. Гальтон барлық адамдарды табиғи қабілетіне
байланысты орташа аралықтағы бөлімше класстарға бөлді. Əрбір класстағы адам саны əр
түрлі 
жəне 
олар 
Кетлдің 
орташа 
мөлшерден 
ауытқу 
заңына
бағынады.Осылай,қазіргілердің сөздігіндегі мəлімет бойынша тізімде 2500 қызмет түрінің
аттары құралған(əртістер, ғалымдар, судьялар, дəрігерлер, саудагерлер, ақындар,
мемлекеттік қызметкерлер, саяхатшылар), ерекше таңдалғандардың саны миллион
адамнан 250 тұлғаны құрады.


Гальтон дарындылықты əр түрлі нəсілдегі данышпандардың санымен бағалауға
тырысты(мұнда өмірдің əлеуметтік жағдайлары ескерілмеді) жəне ол генотипі жағынан
өзгеше екендігі жөнінде қорытынды жасады. Оның кейбір пікірлері тура нəсілшілдік
мінезде болды. Сол оқиғадан, қазіргі кезде Сократ пен Фидияға тең келетін адам жоқ.
Ф.Гальтон адамзат табиғатының əлсіреуі жөнінде қорытынды шығарып, жаңа адамзаттық
түрдің құрылуына алып келетін, данышпан адамдардың жоспарлы көбеюінің жақсару
құралын көрді. Ол бұл ойларды арнайы аймақ-евгеникада дамытады. Анық
биологизаторлық позициямен адамға жақындау арқылы статистикалық тəсілді қолдану
арқылы алынған нəтижені қолданып,Гальтон дарындылықтың табиғи фактормен
таралуын түсіндірді. Осылай, ғалымдар келесі тұқым қуалайтын айтулы қасиеттер арқылы
сипатталады: жан мен тəннің қуаты, жігерлі шыдамдылық жəне тұрақтылық, тумысынан
ғылымға қызығушылығы, денсаулығы, ой-пікірге тəуелсіздігі. Адамның əлеуметтік
болмысын жəне оның даму заңдылықтарын елемеушіліктен, əлеуметтік мəселелерді
биологизациялау ғылымға қарсы тұжырым мен кертартпа ұсынымдарға алып
келді(мысалы, əлсіз ұлттар адамзаттың игі түрлеріне жол беруі қажет). Тəрбие мен ортаға
əсер етуді зерттеу мақсатында, ол біржұмыртқалы жəне əр түрлі жұмыртқадағы егіздерді
сауалнама жинағы арқылы зерттеуге көшті. Осыдан ғылыми зерттеудің жаңа əдісі-егіздік
əдіс енгізілді. Бірдей жыныстағы біржұмыртқалы егіздердің іштесыңары болатыны
туралы жалпы тұжырым жасалды. Əр түрлі жұмыртқадағы егіздердің іштегі сыңарынан
өзгешелігі бақыланды, бірақ ол тұқым қуалаудың маңызды рөлі туралы тұжырымды
əлсіретпеді.
Дарындылықты зерттеуден Гальтон əрбір адамның психикалық қызметін, оның ақыл-
ойын бағалау мақсатында өлшеуге көшті. Ол сезімталдықтың əр түрін (көру, есту,иіс жəне
басқа),реакция уақытын өлшеу үшін тапсырмалар(тестілер) енгізіп, осыған қажетті
құралдарды ойлап тапты(есту табалдырығының жоғарылығын анықтауға арналған
Гальтон ысқырығы, көз мөлшерін анықтауға арналған Гальтон сызғышы). Ассоциативті
қабілеттер, елес, пікірлесу жылдамдығының құрылуы тестіленді. Сынақ нəтижесі
бойынша адамдар арасындағы жекелей ерекшеліктер туралы пікір айтылды. Гальтон
сенсорлы ерекшеліктер тестісі интеллектіні бағалау құралы бола алады деп есептеді,
сондықтан сенсуалистік орнатудан шығып, интеллектінің қызметіне негіз беруші білімнің
жалғыз қайнар көзінің сезім органын қарастырды.
1882 жылы Лондонда ол антропометриялық лабораторияның негізін қалады. Мұнда аз
ғана ақыға əрбір адам өзінің сенсорлы ерекшелікті сезімталдығын моторлы үдерісін
сынға сала алатын болды. Ол өнеркəсіп аймағындағы мемлекеттік тапсырмалармен
байланысты(əскер, коллониялды саясат) адамдарды іріктеуде осы зерттеудің тəжірибелік
мəнін көрді.
Осылай, Гальтон жекелей ерекшеліктер психологиясының жəне зерттеуде адекватты жол
болып көрінген тест əдістерінің негізін қалаушы болып шықты.
Гальтон мінез аймағындағы жекелей ерекшеліктерді зерттеуге тырысты. Сурет құрамасы
əдістемесін осы мақсатта пайдалана отырып, адамның сырт келбеті мен психикасының
байланысы туралы ой айтты. Бұл талпыныстар жеңіспен бітпеді.
Гальтонның көптеген ойларының ішінен тек психикалық қызметті тестілеу идеясы ғана
өз жалғасын тапты.Гальтон бойынша тестімен психикалық үрдістерді өлшеуге болады,
өйткені олар ми қызметі жəне тұқым қуалаудың болашақ шарты болып табылады жəне
адамның өмір бойғы тұрақтылығын билейді. Осындай түсініктен тестология да дами
бастады. Оның басты бағыты тестінің кең диапазоны арқылы алынып, өзара байланыс
көрсеткіштерін анықтауға құрылған адамзаттық қабілеттерді статистикалық зерттеу
болды. Лондонның психология мектебінің негізін салушы Чарльз Эдвард Спирмен(1863-
1945) корреляцияны талдау əдісі-факторлы талдауды салыстыру арсындағы
корреляцияның негізінде жатқан факторларды анықтау мақсатында қолданылатын
корреляциялық кестені жөндеудің математикалық əдісін өңдеп, соның негізінде екі
факторлы интеллект теориясын шығарды. Ол əр түрлі интеллектуалды тестілерде
сыналушылар бірдей нəтиже беретінін жəне осы тест бойынша баға ең өзгеше
тапсырмаларды шешуде корреляцияланатын эксперимент ретінде орнықтырды. Бұл
қатынасты Спирмен G факторының жалпы себебіне тəуелділік деп түсіндірді (general
Ability). Жалпы осы факторлар қатарында, іс-əрекеттің арнайы формасына сəйкес келетін
спецификалық факторлар алынды(S1,S2...). Факторлы талдау ізбасарлары оның ісін
арттырып, оған қоса екі факторлы теорияға интеллектінің жаңа теоретикалық
түсіндірмесін қарсы қойды. Əр түрлі теориялар туындады(Л.Герстаун, Дж.Гильфорд-
АҚШ, С.Барт- Англия): онда интеллект құрылымында əр түрлі тестіде əр түрлі салмақта
болатын факторлар қатары белгіленді. Əр түрлі авторлар белгілеген мұндай факторлардың
саны əр түрлі. Факторлы талдауды қолдану аймағы кеңеюде. Г.Айзенк пен Р.В.Кеттел оны
тұлғаны зерттеуде қолданды.
Кеңестік психологияда факторлы талдау тəсілі адамның жүйке жүйесінің ерекшелік
құрылымын зерттеу аумағында қолданыла бастады (Б.М.Теплов, В.Д.Небылицин).
Францияда эксперименталды психологияның құрылуы Альфред Биненің(1857-1911)
есімімен байланысты. Ол ойлауды зерделеу жөніндегі эксперименталды зерттеуінде,
Вюрцбург мектебіндегідей тұжырымға келді. Ол сонымен қатар аса қабілетті адамдарды-
ірі есепші, шахматшыларды зерттеді. Сонымен бірге балалардағы қиял, ес жəне ақыл-


ойды зерттеді. А.Бине тұлғаны сынауға арналған тестілер топтамасын жариялады. Оның
патология зерттеулері «Тұлғаны өзгерту» жұмысында іске асты.
Оған нағыз атақты француз ағарту министрлігінің тапсырысымен қалыпты мектептерден
ақыл-ойы кеміс балаларды іріктеу мен бірыңғай сыныптарды білімі жағынан емес,
қабілеттілігі жағынан таңдау мақсатында дəрігер Т.Симонмен бірге А.Бине өңдеген
«интеллектуалды дамудың метрлік мектебі» əкелді. Мектептің бірінші нұсқасы 1905жылы
пайда болып, ол А.Биненің өмірінің соңына дейін істеді.
Оның көмегімен 3 жастан 12 жасқа дейінгі балалар оқытылды. Тестілер, «ақыл-ой
дарындылығы», ақымақтылыққа қайшы ақыл терминдерін не деп атауды зерттеді: осы
талаптардың теоретикалық негізін оқытуға тəуелсіз болатын онтогенездегі биологиялық
детерминдендірілген даму концепциясы құрады. Оқыту дамумен жүріп, оған бағыну
қажет. Интеллект жасына сай келетін тапсырмаларды шешуге икемділік деп түсінілді.
Тестілер эмпирикалық түрде құрастырылды: байқау негізіне оқытылған балалардың 79%-
ы шешкен тапсырмалар қосылды. Олар əр түрлі еді: ес, иланушылық, моторлы
қабілеттіліктер, тəжірибелік дағдылар, ақыл-ой əрекеттері- салыстыру, айырмашылық,
анықтау, суреттерді түсіну сыналды, тілсіз жəне ауызша тестілер болды. Кейбіреулері əр
түрлі жасқа қайталанып берілді, бірақ жауап беруге деген талап деңгейі өзгертілді.
Нəтижені тіркеу мен экспериментатор тəртібіне жəне эксперимент жүргізу техникасының
талаптары өңделді.
Келесідей мөлшер алынған болатын: ақыл-ой жасы- жасына сəйкес тапсырмаларды
шешуден жинақталған сан, тестілік сынақ нəтижесінен алынған мөлшер(мысалы, егер
бала 5 жасында өз жасына сəйкес барлық тапсырмалар мен келесі 2 тапсырманы шешкен
болса, онда оның ақыл-ой жасы 5-2/5 жасқа сəйкес- əрбір жасқа небəрі 5 тапсырма
беріледі); ақыл-ой дамуының деңгейі-ақыл-ой кемістігімен (ақыл-ой жəне хронологиялық
жас арасындағы айырмашылық теріс сандармен белгіленеді) немесе ақыл-ой
басымдылығымен көрсетіледі(оң сандармен белгіленеді). 1912 жылы В.Штерн ақыл-ой
жасының хронологиялыққа(%) қатынасы ретінде дарындылықтың ақыл-ой коэффициенті
түсінігін енгізді. Кейінірек Л.Термен бұл қатынасты интеллектуалдылық коэффициенті
деп атады. 1916 жылы(АҚШ) Л.Термен өңдеген осы шкала нұсқасында ол ең алғаш рет
қолданылып, Стэнфорд-Бине атауын иеленді. Бине шкаласы басқа елдерде де кеңінен
тарады. Ресейде оны жетілдірген А.М.Шуберт болды. Шкаланы жетілдіру жеке жəне
түбегейлі мінезде болды. Осылай, алынған нəтижені талдаудағы қиындықтар бақыланды:
солайша сөйлеу білу деңгейі тестілік тапсырмаларды шешуде маңызды болып айтылады
жəне ауызша тестілер саны қысқартылды.
Тестілер əрбір баланың даралық ерекшеліктерін анықтауға бағытталған болатын,
сондықтан осы зерттеулер даралық психологияның əдісі ретінде оның дамуына ықпал
етті. Осының негізінде қабілеттіліктер табиғи шартталған, олардың мөлшері тұрақты жəне
тұлғаның өзгермейтін ерекшелігін құрауы туралы болжам жатты. Сондықтан олардың
өлшеуі тұлға болашағының болжамын жасауға мүмкіндік береді.
Бірақта шынайы тестілер белгілі жағдайларда белгілі əлеуметтік-мəдени ортада дамудың
кейбір нəтижесінің жиынтығы қанша, сонша тумысынан қабілеттілікті қамти алмады.
Онымен бірге жасына қарай түбегейлі өзгеретін, тестілермен өлшенген қабілеттілік
ретінде қарастырылған нəрселер шықты.
Басынан тестілер зерттеушілер алға қойған тапсырмаларды емес, басқаларды шешкені
белгілі болды. Тəжірибелік жоспардағы қысқаша тестілік тексерулер жəй артта
қалушылардан ақыл-ойы кемістерді айыруға көмек беретін сенімді құрал бола алмайтыны
көрсетілді. Баланың тапсырманы шеше алмауын көрсете отырып, тестілер оның себебін
ашып бере алмайды. Бұл тестілерді қолданатын басқа да аумақтарға қатысты: кəсіптік
бейімделу жəне профотбор, баладағы психологиялық дамуының жүрісін зерттеуде.
Барлық осы тапсырмаларды шешуде мақсатқа сай тестілер əдісін тек тұлғаның даму
жағдайын үйретуге бағытталған басқа да əдістермен бірге қолдану.
Даралық ерекшеліктер сұрағын көбіне тест əдісінің көмегімен шешеді. Кеңестік
ғылымда Б.М.Тепловпен жəне оның мектебімен адамдардың даралық-психологиялық
ерекшеліктерін зерттеу əдістемесіне обьективті сүйенген жəне теоретикалық негізделген
басқа да жолдар өңделді.
Педагогикадан басқа, 19ғ.француздық психологияның қолданбалы зерттеу аймағында
медицина, соның ішінде психиатрия мен неврология болды. Парижде невроз жəне
гипнотизмді зерттеудің негізін қалаушы, белгілі невропатолог Жан Мартен Шарко(1825-
1895) қызмет етті. Оның Сальпетрнердегі психиатриялық емханасы əлемдік мектепке
айналды. Мұнда З.Фрейд, П.Жане, А.Бине оқыды. Шарко истерия жəне гипнозбен
айналысты. Ол истерияны ауру деп алып, оның белгілерін түсіндірді- сал,
амнезия,физиологиялық себептерге байланысты талма. Ол гипноз анықтамасын
истериктерді басқа клиенттерден айыруға мүмкіндік беретін диагностикалық құрал
ретінде белгіледі. Ол гипноздық жағдайды сананың дерттілік жағдайы-истерикалыққа
ұқсас ақыл-есінен айырылу деп қарастырды.
Гипноз бен истерияға деген басқа да көзқарастар психологиялық мектепте
туындады(Г.Нанси). Оларды И.Бернгейм мен А.Льебо дамытты. Бернгеймнің Шаркодан
ерекшелігі ол гипнозды, қарапайым түске тəн, сананың сыртқы əлеміне келмейтін іс-
əрекеттерді адамның ой жетегінде жүре отырып, оны іске асыру қабілеттілігіне ие жағдай


деп түсіндірді. Өз ісінде Бернгейм сырқаттарға галлюцинация, қозғалыс жəне
секрециялық жүйедегі өзгерісті, сал, амнезия, автоматты іс-əрекет жəне басқаларын
үйретті. Ол сендіруді ұзақ уақытқа сипаттады. Осы оқиға мен оның осы күнге дейін
жасырын келген, санада қандайда бір ойдың сақталу болжамының түсінігі Фрейдке өшпес
əсер қалдырды жəне санасыздық идеясының басыбайлы алғышарты болды.
Оянудағы амнезия, гипнозда тұлғалардың өзгеруі(басқа тұлғаны иелену, тұлғалардың
алмасуы, бұрынғы тұлғаға қайта келуі), рухани ауруда психиканың бұзылуы психология
мен оның ең аз зерттелген бөлімі- тұлғалық жəне жоғары психикалық іс-əрекетке үлкен
қызығушылық тудырды. Əсіресе патология мəліметін қолдануда үлкен еңбек
Франциядағы қазіргі эмпирикалық психологияның негізін қалаушы Теодюль-Арману
Рибоға( 1839-1916) тиесілі.Рибо ассоцианизм ұстанымын бөліп, ассоциация теориясы
өзіне анағұрлым өңделген заманауи психология бөлімін көрсетті деп есептеді. Ол
физиологиялық психология принциптерін бөліп, психикалық құбылыстардың анатомо-
физиологиялық негізін оқытудың маңыздылығын белгіледі. Рибо бойынша, психология
эксперименталды ғылым болуы қажет, бірақ эксперимент оның лабораториялық қалпына
келмеді жəне патопсихологияны табиғат берген жалғыз эксперимент деп атады. Рибоның
көптеген еңбектері ест, тұлға, сезімдерді зерттеуге арналды. Əлеуметтік сезімнің, естің,
ерікті зейіннің, шығармашылық елестің туындауын адамның еңбек іс-əрекетіндегі
қоғамдық жағдайымен байланыстырды.
Сонымен бірге Рибоның ұйымдастырушылық іс-əрекетінде атап кеткен жөн. Ол
психологтардың ең алғаш басылған «Философиялық шолу» (1876) журналын шығарды
жəне оған көптеген елдің- Англия, Италия, Германия, Америка, Ресей психологтары мен
философтары қызмет етті. 1889 жылы Парижде əр түрлі елдердің психологтарының
қызмет істеуі мен халықаралық байланысты нығайту мақсатында I Халықаралық
психологиялық конгресс ұйымдастырды.
Психологияның жеке ғылым ретінде қалыптасуына алғашқы 50 жылдық эмпирикалық
жəне қолданбалы бақылаудың дамуы, жаңа теориялардың, фактілердің пайда болуы əсер етті
жəне көптеген психика туралы субъективті-идеалистік негіздер, психология туралы
теориялардың жеткіліксіздігі байқалды. Бастапқы 10 жыл бойы психологияда ашық түрде
дағдарыс орын алды, ол 30 жылға жалғасты. Ғылымның пайда болуында осы жылдар бойы
жаратылыстану бағыты бойынша дағдарыс болып келді, бұл жаңа теориялардың, білімдердің
дамуына алып келді. Л.С. Выготскийдің бағалауы бойынша бұл психологиядағы əдістемелер
негізіндегі дағдарыс «яғни жаңа мүмкіндіктермен, практикалық, əдіснамалық негіздердің
талап етілуі болып табылады жəне бұның бəрінің құрылуы ХVІІІ-ХІХ ғасыр аралығын
құрайды». Дағдарыс əр түрлі мəселелер саласында болып, психологияның жеке ғылым
ретінде дамуына байланысты қорытындыланды.Дағдарыстың жетістікке жетуі əр түрлі жол
бойынша отандық жəне шетелдік психологияны жеке жеке бөлім ретінде қарастыруға
байланысты. 
Шетелдік 
психологиядағы 
дағдарыстық 
жағдайды
қарастырамыз.Психологиядағы дағдарыс экономикалық шиеленістің кезімен жəне
буржуазиялық қоғамда əлеуметтік-политикалық қайшылықтармен түйісті. Өндірістің
экономикалық, политикалық жəне идиологиялық сапалақ өзгерістеріне, капиталдың дамуына
жəне монополияның финанс олигархтарының үстемдігінің пайда болуына алып келді.
Политиканың сыртқы күші имперялық соғыс жолымен сауда-саттық жəне колонияларды
тексеруге бағытталды, яғни 1914-1918жылдардығы бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде ХХ
ғасырдың алғашқы əлеуметтік шайқалыстары көрінді. Гуманист, жазушы С.Цвейг
«Вчерашний мир, Воспоминания европейца» атты өз кітабында соғыстың қиындықтарын,
тіпті ақылға қонбайтын əділетсіздіктерін дəл суреттеген. Ол оны «бұқаралық рухани
құтырма» деп атап, онымен адамдарға деген жеккөрушіліктің, өшпенділіктің туындайтынын
ашты. Өшпенділік жəне шиеленіс пен қайшылық қоғамда монополияның финанс
олигархтарының үстемдігінің болуына, нəтижесінде политикалық жəне партиялық
қозғалыстардың құтыруына, əр түрлі қоғамдық топтарға бөлінуіне, бəрінен бұрын буржуазия
жəне жұмысшы топтардың арасындағы шиеленіске, соқтығысқа алып келді. Сонымен қатар
озық сыныптардың тараптарға бөлінуі буржуазиялық айналу үрдісі жүріп жатты. Бұл жағдай
көптеген буржуазиялық, идиологиялық өзгерістерге əкелді. Əдебиетте, өнерде сан-алуан
шындықа сай емес ағымдар, толық мистикалық əдістер болды. «Мейірімді ретке келтіру»
атты буржуазиялық саясат жүзеге асырылды. Бұл саясатта қиындықтар мен қарама-
қайшылықтар орын алып, қоғам көңілінен шықпады. Өйткені жалған хбарландырулар
таратылып, адамдардың шынай көңіл-күйі, жан-дүниесі есепке алынбады, тек байлар ғана
қоғамға үстемдік орната алды. Адамдардың материалдық жағдайына, шыққан тегіне қарамау
қоғамға деген өшпенділік сезімін туғызды. Қоғамда орын алып жатқан əділетсіздіктер мен
қарама-қайшылықтар кесірінен адамдар арасындағы қарым-қатынасты орнату мүмкін
болмады.
Психологияға философияда көптеп таралған махизм формасындағы позитивизм,
А.Бергсона интуизмі, немістің өмірлік философиясы əсер етті. Одан əрі волюнтерлік
бағыттағы Э.Гартмана, Ф.Ницше, ғалымдарының еңбектерінде жалғасын тапты.
Берналаның бағалауынша, «əлеуметтік еңбектің нəтижесі антиинтеллектуалдық қабілет
ХІХ ғасырдың аяғында дами түсті, бұл Сореля мен Бергсонаның философиялық
еңбектерінде көрінеді. Түйсік жəне сезіну ақыл-ойға қарағанда маңызды пікірге ие
болды...» Бұлар психологияның бар екенін көрсетті. Бұны көпетеген психологтар Маха


философиясы бойынша қарастырған еді. ХІХ ғасыр аяғы мен ХХ ғасыр басында химия,
физика жəне көптеген басқа ғылым салаларының фундаменті қалыптаса бастады.
Материяның электрондық құрылымының ашылуы, уақыт жəне кеңістік туралы
түсініктердің өзгеруі физиктердің ойлауларына үлкен əсер етті. Кейбір физиктердің,
«материя жоғалды» деген қортындылары, бұрынғы зерттеулер мəнін пайда деген орынсыз
ой айтқызды. Шын мəнінде қазіргі жаңа физиканың материя туралы пайымдаулары
бұрынғы білімді жоққа шығармайды, ол туралы тереңірек зертеу жүргізгенін ғана
куəландырады. Ғылыми білімдердің жаңаруы, ғылымның қалып қойған жүйе екенін жоққа
шығарады.
Материя туралы физикада, химияда, жаңа ұғымдар симметрия туралы ілім,
астрономиядағы жаңалықтар ғылыми жасалып жатқан дүниеде адамның өзіне туралы
түсініктердің өзгеруіне əкелді. В.И. Вернадский адам туралы ғылымдардың өзгергендігін,
космосты түсінуді ғылыми өзгерістің пайда болғандығын айтады.
Философия аясындағы осындай жағдаятта XX ғасырдың 10- шы жылдарында
психологияның ашық дағдарыс кезеңіне енді. Оның себебі практиканың сұраныстарынан
туындады, олар бұрынғы классикалық көзқарастардың жеткіліксіздігін көрсетті, жаңа
зерттеу бағыттарын жəне жаңа тұжырымдамаларды қажетсінді. Жаратылыстанудағыдай
психологиядағы ашық дағдарыс бұл ғылымның дамуда екендігін көрсетті. Психологиялық
эксперименттің нəтижесінде психика жəне сана туралы жаңа түсініктер пайда болды,
психологиялық білімдерді, соның ішінде эксперименталдық əдістерді əр түрлі ғылым мен
практикада – медицинада, педагогикада, саудада, өндіріс саласында, əскери салада
қолданылуы, балалар психологиясында жəне зоопсихологияда обьективті зерттеулердің
жүргізілуі жаңа бірқатар бағыттардың пайда болуына əкелді. Олардың əрбіреуі бұрында
дұрыс сияқты ескі психологияның теориялық негіздерінде қарама – қаййшылықты ашып
отырды. Бұлар психологиялық теорияны жетілмегендігін, оның психика туралы жалған
субьективті – идеалистік негізде екендігін байқатты. Міне, осыда психологияның
дағдарысының себебі болды. Бастапқы принциптерді жəне көзқарастарды өзгерту қажет
болды. Ашық дағдарыс кезінде қазіргі психологияға үлкен əсер етіп жатқан жаңа
психологиялық 
бағыттар 
пайда 
болды. 
Бұлар 
бихеовиризм, 
психоанализ,
гештальтпсихология, француз əлеуметтік мектебі болды. Осы бағыттар XVIII ғ.
Декарттың жəне Локктың психологияның негізгі тұжырымдамаларына қарсы шықты жəне
əрбір бағыт оның қандай да бір астарын өзгертті. Мысалы, Фрейд психиканы санамен
беттестіретін, ал психологияны сананың мазмұны деген көзқарасты жоққа шығарды.
Бихевиоризм классикалық психологияның мəнінің обьективтілігін сынау кезінде
қалыптасты. Француз əлеуметтік мектебі ассоциалистік психологияның жекелік идеясына
қарсы болды. Сенсуализмге жəне ассоциалистік психологияға суреттеле психология қарсы
болды. Дəстүрлі психологияға гештальтпсихологияның Берлиндік мектебінің əсері мол
болды. Оның көрнекті өкілдері М.Вертгеймер, В.Келер, К.Коффка, К.Левин нақты
фактілердің көптеген санына негізделген ойлау жəне қабылдау туралы ілімді жасады.
Аффект, ерік, сұраныс мəселеріне эксперименталдық тұрғының негізін салды.
Дағдарыс кезіндегі əрбір бағытқа жалпы сипаттаманы Л.С. Выготский берді.
Əрбіреуін дамуын қарастыыра отырып, ол мынадай қорытынды жасайды: əрбір бағыттың
бас кезінде қандай да бір фактілік жаңалық тұрады. Əрбір бағыттың психологияға жаңа
фактілік материалымен істі боламыз. Выготский бойынша, бұл фактілер психологияның
бір тарауына ғана материал береді. Əрбір бағыт жалпы психологиялық теорияны құрғысы
келеді, əмбебап концепция мен көзқарасты жасауға тырысады. Бірақ бұған күштері
жетпегендіктен басқа бағыттармен ассимиляцияға түседі. 1925 жылдан кейін бихевиоризм
өз мəнін жоя бастайды. Негізін салушылар АҚШ көшкеннен кейін гештальтпсихология
дербес бағыт болудан қалады. Психоанализ бірқатар неофрейдистік теорияларда
өзгерістерге ұшырайды.
Бұл бағыттардың ыдырауына өзара сынның əсері болды, сын бағыттардың қарама –
қайшылығын ашып көрсетті, атап айтқанда жекелік бақылауларды абсолюттендіру
эксперименттің жеткіліксіздігі, олардың нəтижесін сəйкесті емес интерпретациялау.
Психологияда ашық дағдарыс кезінде пайда болған бағыттардың жағдайы осылай
болды. Осы кезеңге жалпы қорытындыны Л.С. Выготский жасады. Оның пікірінше, бүкіл
бағыттарда ішкі шектеулік бар жəне дағдарыстан шығатын мүмкіндіктері жоқ. Осы
дағдарыстың пайда болу себебі Батыстың психологиясының дамуының методологиялық
негізінде жатыр, сондықтан өз ішінде ол шешілмейді. Қаншама əрекет жасалынса да
психологияны тығырыққа əкелген механизм мен витализмнің əсері жойылмайды. Оларға
жаңа зерттеулер жасауға мүмкіндік берілсе де он жылдан кейін жоғары деңгейде дағдарыс
алдынан шығады.
Аталған бағыттар дəстүрлі психологияның орнына келген жалпы психологиялық
теорияның əртүрлі варианттары болады. Олардың арасындағы табыс бірқатар сұрақтар
бойынша келіспеушілік бар екенін көрсетеді. Бірақ айырмашылықтар болса да,
қарастырылып отырған бағыттар өзара тығыз байланысты. Олардың бəрі сана туралы ескі
түсініктен шығады. Міне, осы жалпы негіз Л.С. Выготский бойынша сананы практиканың
іс – əрекеттен бөліп қарастырады. Ал онда заттық дүние өзгеріске түседі жəне заттық –
мəндік мазмұнда сананың өзі қалыптасады.
Өзін өзі тексеру сұрағы:


1. Қолданбалы жəне эксперименталды психологияның даму кезеңдері?
2. Дағдарыс кезеңдеріндегі психологияда қалыптасқан көзқарастар қандай?
3. Ең алғаш басылған «Философиялық шолу (1876ж) журналын шығарған ғалым?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   60




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет