Тұлға типтері теориясының негізгі концепциялары мен принциптері.
Айзенк теориясының мəні – тұлға элементтері иерархиялық түрде орналасқан.
Оның сызбасында (1-кесте) белгілі бір суперсипаттар немесе типтер орналасқан,
мысалы, экстраверсия , бұл адамның мінез-құлқына өте күшті əсер етеді. Əрбір осындай
суперсипат бірнеше құрамдас сипаттардан тұрады. Бұл құрамдас сипаттар негізгі типтің
сыртқы бейнесі немесе осы типке тəн ерекше қасиеттері. Сипаттар көптеген дағдылы
реакциялардан (ДР) құралады, ал дағдылы реакциялар көптеген ерекше реакциялар
(ЕР)негізінде қалыптасады. Мысалы, адамды бақылап отырсақ, оның ерекше
реакцияларын байқаймыз: басқа адаммен кездескен кезде күлімсірейді жəне қолын береді.
Егер біз мұндай жағдайды əркез басқа адаммен кездескен сəтінде байқайтын болсақ, онда
біз бұл адамның мінез-құлқы басқа адамды кездестірген кездегі дағдылы реакциясы деп
қарастыруымызға болады. Бұл дағдылы реакция басқа да дағдылы реакциялармен
байланысты, мысалы, басқа адамдармен тілдесуге қабілеттілік, көңіл көтеретін жерлерге
бару,т.б. Бұл дағдылы реакциялар тобы қарым-қатынасшылдық сипатын қалыптастырады.
1-кестеде көрсетілгендей, қарым-қатынасшылдық белсенді, пысық, сенімді мінез-
құлықпен байланысты. Осы сипаттардың жиынтығы суперсипат немесе типті құрайды,
бұл - Айзенк бойынша экстраверсия.
Экстраверсия
Қарым-
қатынас-
шылдық
Пысықтық
Белсен-
ділік
Қайсарлық
Жетістікке
ұмтылыс
ДР1
ДР2
ДР3 ДР4 ДР5 ДР6 ДР7 ДР8 ДР9
ДР10
Е
Р
1
Е
Р
2
Е
Р
3
Е
Достарыңызбен бөлісу: |