Сабақтар (сағаты) 15 соөЖ (сағаты) 15 СӨЖ (сағаты) 45 Барлық сағаттар 90 Курстың мақсаты



Pdf көрінісі
бет28/60
Дата26.04.2024
өлшемі6.9 Mb.
#499894
түріСабақ
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   60
Снимок экрана 2024—04—18 в 22.58.51

№ 11 дəріс
Тақырып Психологиядағы бихевиоризм бағыты. Гештальтпсихология
Мақсаты: Психологиядағы бихевиоризм бағыты. Гештальтпсихология жөнінде білім
беру.
Дəрістің мазмұны
1. Бихевиоризм бағытының негізгі зерттеулері
2. Д.Уотсонның мінез құлықты зерттеулері. Мінездің дедуктивті теориясы
3. Гештальт психологиясы ұғымы
4. К. Левиннің зерттеулері мен К. Коффактың еңбектері
Бихевиоризм АҚШ пайда болды. Ол американдық функционализмге жəне В.Вундтың
жəне Э.Титченердің структурализмге жауап ретінде болды. Оның негізін салушы Джон
Уотсон (1878-1958) бұл бағыттың идеяларын «Бихевиористің көзқарасындағы
психология» (1913) атты мақаласында көрсетті. Онда ол психологияға субьектвизм жəне
практикалық пайдасыздығын сынады. Бихевиоризм пəнін обьективті түрде мінез-құлықта
зерттеу жəне практикада қолдану мақсаты деп жариялады.
Бихевиоризмнің философиялық негізін позитивизммен прагматизмнің қосылуы
құрайды. Позитивизмнің əдістемесіне сəйкесті бихевиоризм бойынша тек обьективті
байқалатын фактілер зерттеуге келді. Прагматизм рухында адам туралы бейнесіз білімдер
жоққа шығарылды. Мінез-құлықты зерттеу өмірлік мəнге ие болу керек жəне практикалық
мəселелерді шешуге көмектесуі керек: күнделік өмірді қалай ұйымдастыру керек, қажетті
білімді алу үшін оқытуды қалай ұйымдастыру қажет керек емес мінез-құлықты қалай
өзгертуге болады т.б.
Дж. Уотсон ғылыми алғышарт ретінде жануарлардың психологиясын жəне
обьективті психология мектебін ашады. Сонымен бірге И.П.Павловтың жəне
В.М.Бехтеревтің əсерін де атап өтті.
Адамның мінез-құлқы бихевиоризмнің пəні ретінде- бұл оның құлықтарымен
сөздері. Олар алынған жəне тұқым қуалаушылықтан пайда болған. Мінез-құлық- бұл
қандайда бір реакция (R), яғни сыртқы стимулға (S) жауап, сөйтіп ол арқылы индивид
үйлесілімділік табады. Осылайша, мінез-құлық ұғымы кең түсіндіріледі: оған кез келген
реакция енгізіледі, соның ішінде асқазандық реакцияларда баршылық. Дегенмен, бұл
анықтама тарболып келеді, себебі тек сыртқы бақыланатындар ғана енеді, ол
бақыланбайтын физиологиялық механизмдер жəне психикалық процестер алып
тасталынады. 
Бихевиоризмнің негізгі міндеті адамның мінез-құлқын бақылауды жинақтау, яғни
мына нақты стимулда бихевиорист алдын ала қандай реакция болатынын айта алатын
болу керек. Егерде реакция берілсе, онда қандай жағдаят арқылы бұл реакция пайда
болғанын анықтау керек. Бихевиоризмнің екі мəселесі осындай. Уотсон бүкіл
реакциялардың классификациясын екі негіздеме бойынша жасайды: олар алынған ба əлде
тұқымқуалаушылықтан ба; ішкі немесе сыртқы. Нəтижесінде мінез-құлықта мынадай
реакциялар бөлінеді: сыртқы немесе алынған (теннис ойнау, есік ашу, қозғалыстық
дағдылар); ішкі немесе көрінбей алғынған (сыртқа сөйлеу арқылы білінетін ойлау); сыртқа
тұқымқуалаушылық (ұстау, көз қимылы, қорқудағы, ашуланудағы реакциялары); ішкі
(көрінбейтін) физиологияда зерттелетін қан айналымының өзгерісі, ішкі секреция
реакциялары т.б. Кейінірек Уотсон инстинктивті жəне эмоционалды реакциялардың
айырмашылығын көрсетеді.
Дүниеге келген балаларды бақылау оларда күрделі реакциялардың жоқтығын жəне
олардың үйлесіп кетуге мүмкіншілігін азайтатынын көрсетті. Кішкентай балалардың іс
əрекеті, мінез-құлқы шын мəнісінде оқытудың нəтижесі болады. Уотсон білім берудің
ролін өте жоғары бағалады. Сондықтан үйрету жəне дағды бихевиоризмнің басты
проблемасы болады. Сөйлеу, ойлау бұл дағдылардың түрлері ретінде қарастырылады.
Дағды- бұл жекелік түрде меңгерілген əрекет. Оның негізін туа біткен элементтарлық
қозғалыстар құрайды. Дағдыда жаңа элементтердің пайда болуы жаңа əрекеттердің пайда
болуына əкеледі. Уотсон дағдыны жасаудың процесін көрсетті. Алдымен кездейсоқ
қозғалыстар болады, олардың кейбіреулері ғана сəтті болады. Бара бара сəтті қозғалыстар
организмде үлкен өзгерістермен байланысады, беку үрдісіне айналады.
Дағдыны сақтаудың жолы еске сақтау болады. Уотсон шарттандыру принципі деп атаған
механизмдер туралы болжам жасайды. Тұқымқуалаушылық реакцияларды шартты емес
рефлекстер деп атайды, ал алынғанды шартты деп атайды. Уотсонның пікірінше, білім
берудің маңызды шарты шартты емес жəне шартты стимулдардың бір уақыттағы əрекеті
болып табылады.


Бихевиоризмде дағдылардың пайда болу жəне үйрену процесі механистік
түсіндіріледі. Дағдылар соқыр тексерулердің жəне қателердің жолымен пайда болады
жəне басқаруға келмейтін процесс болады. Мұнда мүмкін жолдардың бірі міндетті жəне
жалғыз болады. Уотсонның тұжырымдамасы тар болғанымен қозғалыстық дағдыларды
қалыптастыру жəне үйретудің теориялық негізін салды.
20жж ортасында бихевиоризм Америкада кең тарайды. Осыған орай, Э.Боринг
былай деп жазды: “бихевиоризмді қолдамайтын психологтар болса да, қазіргі уақытта
бихевиоризм типтік американдық психология болып табылады”. Зерттеушілер уақыт өте
психиканы жоққа шығару мінез-құлықты түсіндіруде сəйкессіздік бар екенін көптен
көрсете бастайды. Осы жайды көрсетіп, Э.Толмен Уотсонның тұрғысын молекулярлық деп
сынға алады. Шынында да егерде адамның мінез-құлқынан мотивациялық- танымдық
компонентті алып талталса, онда жекелеген реакцияларды түсіндіру қиынға соғады.
Бихевиоризмде адам əсіресе жауап ретінде болып, оның белсенді саналы əрекеті есепке
алынбай қалады. Тагы бір кемшілік, жануарларды зерттеу- деп алынған мəлімет, адамға
ауыстырылады. Уотсон өз еңбектерінде адамды жануарлық организм ретінде
қарастырғанын көрсетеді. Осыдан келіп, адамды түсіндіруде натурализмге жол беріледі.
Оның пікірінше, адам сөздік мінез- құлықпен айрықшаланатын жануар.
Выготскийдің жəне Рубинштейннің бағалауынша, сананы, психиканы есепке алмау
Уотсонның радикалдық бихевиоризмнің мəні болып табылады. Шынында да
психологияның негізіне психиканы жоққа шығаруды салуға болмайды. Уотсонның тарихи
жетістігі мынады: мінез- құлықты зерттеу жəне психологияда обьективті тұрғы мəселесін
өткір қоюы. Ол адамның мінез- құлқын басқару міндетін қойды, ғылыми зерттеуді
практикалық міндеттерді шешуге бағыттады. Бірақ адамға механистік тұрғыдан
қарағандықтан, оны басқару тұлғаны манипуляциямен теңдестіріле бастайды. Ал бұл
адамды дегуманизмнің бағытына салды.
1913ж У.Хантер кейінге қалдырылған реакциялармен жасалған эксперимент
арқылы жануарлар тікелей стимулға реакция жасаумен бірге, мінез- құлық стимулды
организмде қайта өңдеуді жүзеге асырады. Осы арқылы жаңа мəселе қойылады. Мінез-
құлықты қарапайым, “стимул- реакция” схемасы арқылы қарастыруды қайта қарауды
необихевиоризмнің бірнеше варианды пайда болды. Онда шарттардың жаңа модельдері
жасалып, зерттеудің нəтижелері əлеуметтік практиканың əртүрлі саласында қолданыла
бастайды. Необихевиоризмнің негізін Э.Толмен (1886- 1959) салды. Ол “Целевое
поведение животных и человека” (1932) кітабында эксперимент арқылы жануарлардың
қылықтары Уотсонның «стимул- реакция» схемасына толық келмейтінін көрсетеді.
Толмен бойынша, мінез- құлық молярдың феномен, яғни тұтастық акт. Ол өзіндік
қасиеттерімен 
сипатталады: 
мақсатқа 
деген 
бағытталғандығымен, 
түсінумен,
селективтілікпен. Толмен мінез- құлық сипаттамасына мақсат ұғымын енгізіп,
бихевиоризмнің гештальтпсихологиямен, тереңдік психологиямен үйлесімділігін
мойындаған. Толмен мінез- құлықтың детерминантының күрделілігін көрсетіп, оның үш
түрін анықтайды: тəуелсіз айнымалылар (стимулдар жəне организмнің бастапқы
физиологиялық күйі); қабілет, яғни организмнің түрлік күйі; араласатын ішкі
айнамалылар, яғни мақсаттар жəне танымдық процестер. Толмен араласатын
айнымалыларды өзіндік экспериментальдық зерттеудің пəні қылады. Латенттік үйрету,
викарлық көру жəне қателер, болжамдарға т.б. эксперимент жасау арқылы «когнитивтік
карта» ұғымы енгізілді. Когнитивтік карта- бұл құрылым. Ол сыртқы əсердің жануардың
миында өңделуінен пайда болады. Оған күрделі сигнификативті құрылым енеді, онда
стимул мен мақсаттың арасындағы арақатынас көрсетіледі жəне өзекті міндеттер
жағдайында жануарлардың қылығын анықтайды. Осындай карталардың жиынтығы адам
үшін де өмірлік міндеттер жағдайында сəйкесті бағдар алуға көмектеседі. Толмен
жануарлар арқылы алған қорытындыларын адамдардарға да таратып, Уотсонның
биологизаторлық позициясын қостайды.
Гештальтпсихология (неміс тілінен Gestalt – бейне, құрылым) – ашық дағдарыс
кезеңінің ең бір қызықты жəне ықпалды бағыттарының бірі. Ассоциативті психологияның
барлық түрлерінің атомизмі жəне механицизміне қарсы реакция болып табылады жəне
оның негізгі тезисі «барлық психикалық фактілер (тек қабылдау ғана емес) инертті
байланыссыз атомдардан тұрады, жəне бұл атомдарды комбинациялайтын жалғыз фактор,
осылайша əрекетті тудырады – бұл араластық ықпалымен құралатын ассоциация».
Гештальтпсихология неміс тілді (неміс жəне австрия) психологиядағы тұтастық
мəселесін шешудің нəтижелі нұсқасы, сонымен қатар ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ
ғасырдың басындағы философия. «Гештальт» ұғымын Х.Эренфельс қабылдау туралы 1890
жылы жазған «Форманың сапасы туралы» атты мақаласында алғаш енгізеді.
Эренфельстің зерттеуінің басты себебі Э.Махтың мелодиялар мен геометриялық
фигураларды қабылдау туралы ескертулері: Мах бойынша белгілі шекте мелодиялар
немесе дыбыстық форманы сезіну жеке дыбыстарды сезінуге тəуелсіз. Өйткені
мелодияның басқа тонға транспонациясы жағдайында соңғылардың өзгерісі сақталады.
Бұл фактіні Эренфельс арнайы талдайды. Ол гештальттың ерекше белгісі – транспозиция


(ауыстыру) қасиетін бөледі. Яғни, мелодия бір тональдылықтан екінші тональдылыққа
ауысқанда сол күйінде қалады; вкадраттың гештальты көлеміне, түсіне, жағдайынат.б.
тəуелсіз сақталады. Бірақ Эренфельс гештальт теориясын дамытпай, ассоцианизм
позициясында қалды.
Диффузды-кешенді күйзелістер немесе даму психологиясы мектебі деп атауға ие
болған тұтастылық психологиясы бағытындағы жаңа тұрғыны Лейпциг мектебінің
психологтары (мектеп басшысы Феликс Крюгер (1874-1948), Ганс Фолкельт (1886-1964),
Фридрих Зандер (1889-1971)) жүзеге асырды. Ол 10 жылдардың соңы мен 30 жылдардың
соңына дейін созылды.
Бұл психологияның негізгі ұғымы – сезіммен түйсінілген тұтас күйзеліс түріндегі
кешенді сапа ұғымы. Кез келген психикалық актінің негізін мейлі қабылдау, ес т.б. болсын
нəтижесі детерминациялайтын санасыз белсенді процестер, импульсивті тенденциялар,
диспозициялар. Рухтың безендіруші күші жаңа идея, формаларды жасаудағы
шығармашылық іс-əрекеттерде, сонымен қатар балалардың ойындарында анқы көрінеді.
Лейпциг мектебінің зерттеулері Л.С.Выготскийдің ерекше назарын аударды. Бұл туралы
ол былай деп жазады: «Біз Лейпциг мектебі зерттеушілеріне олар жалпы дамудың басында
біз жеткілікті дифференциациаланған жеке психикалық функцияларды тіркей
алмайтындығымызды көрсеткені үшін бас иіуіміз керек. Одан кейінгі зерттеулерді
Лейпциг мектебі өздерінің қате əдіснамалық көзқарастарына байланысты жүргізе алмады.
Тек толықтай басқа əдіснамалық позицицяларда ғана қабылдаудың əрі қарай дамуы
фактісі түсінікті болады».
Гештальтпсихология 
тарихы 
М.Вертгеймердің 
«Қозғалысты 
қабылдауды
эксперименталды зерттеу» (1912) еңбегінің жарыққа шығуынан бастау алады. Мұнда
қабылдау актісіндегі кейбір элементтердің бар екендігі туралы қалыптасқан үйреншікті
түсінікке күдік келтірілді. Экспериментте зерттелушіге кезекпен екі жарықтық стимул
ұсынылады: біреуі вертикальды сызық (А), келесісі горизнтальды (В) сызық. Біраз
уақыттық интервалдан соң А жəне В арасында бірінен соң бірі ілесетін екі стимул да
көрінеді. Тітіркендіргіштерді жылдам ауыстырған кезде зерттелушілер бұрышты, орташа
жылдамдықта вертикальды сызық горизонтальдыға ауысқанын көрді. Зерттелушілер
осылай көрінген қозғалыстарды шынайы ауыстырудан тіпті арнайы нұсқауда да айыра
алмады. Вертгеймер сонымен қатар «таза қозғалыс» құбылысын да сипаттады. Мұнда
зерттелушілер қозғалысты анық көре отырып, ауысқан нысананы қабылдай алмады. Ол
стробоскопты қозғалыс атауына ие болды.
Қозғалыстың болғаны сияқты көрінетін құбылыс жаңа емес. Одан бұрын нысананы
бірізді ауыстыру үздіксіз қозғалыс ретінде қабылданатындығы анықталған болатын. Бұл
фактіні түсіндіру жаңа болатын. Вертгеймер бойынша мидағы белгілі бір А пунктін
қоздыратын болса, онда оның айналасында тітіркендіргіш əрекеті əсер ететін зона пайда
болады. Егер А пункті қозғаннан кейін В пункті қозатын болса, онда олардың арасында
қабыну пайда болып, қозу А пунктінен В пунктіне беріледі. Феноменальды жоспарда бұл
процестерге А дан В ға қозғалысты қабылдау сəйкес келеді. Вертгеймер идеясы
гештальттеорияның дамуындағы бастапқы нүкте болып саналады.
Осыдан кейін Вертгеймердің айналасында, əсіресе 20-жылдары Берлинде
Берлиндік гештальтпсихология мектебі қалыптасады. Оның көрнекті өкілдері Макс
Вертгеймер (1880-1943), Курт Коффка (1886-1941), Вольфганг Келер (1887-1967), Курт
Левин (1890-1967). Зерттеулер қабылдау, ойлау, қажеттілік, аффект, ерікке жүргізілді.
В.Келер «Тыныштықтағы жəне стационар жағдайындағы физикалық құрылымдар»
еңбегінде (1920) психикалық сияқты физикалық əлем де гештальт принципіне бағынады
деген ой айтады. Гештальтистер психология шеңберінен шығып, барлық шындықтағы
процестер гештальт заңдылықтарына бағынады деп түсіндіреді. Психикалық
құбылыстарды түсіндіру Фардей мен Максвелл жасаған электромагнитті алқаптың
физикалық теориясы негізінде түсіндірілетін мидағы процестердегі сəйкес құрылымдарды
табудан құралуы тиіс дегенге сай келеді. Стимул ықпалымен пайда болып, бейненің
изоморфты құрылымды, мида электромагнитті алқаптардың болатындығы туралы пікір де
енгізілді. Ми алқаптарының болатындығы туралы болжам гештальтпсихология жүйесінің
ерекше бөлігін құрайды жəне оның психофизиклық мəселелерін шешуді талап етеді.
Изоморфизм принципін гештальтпсихологтар физикалық, физиологиялық психикалықтың
құрылымдық бірлігі ретінде қарастырады. Соңғысы сəйкес ми процестерінің
динамикалық ұйымдастырылуының дəл құрылымдық репродукциясы болып табылады.
Келер бойынша шындықтың барлық сфераларының бірлігі заңдылығын анықтау
витализмді жеңу болып саналады. Выготский бұл ұмтылысты «теориялық құрылымдауға
жəне жаңа физика мəліметтеріне психика мəселесін шектен тыс жақындату» деп
бағалады. Кейінгі зерттеулер (олардың барлығын гештальтпсихологтар орындағанымен)
жаңа ағымды күшейтті. Эдгар Рубин фигура жəне фон феноменін ашты (1915); Давид
Катц иіс сезу мен түсті айыру алқабындағы гештальт-факторлардың ролін көрсетті.
Келердің эксперименттері ерекше мəнге ие болды. Ол тауықтарға зерттеу жүргізіп,
тұтастықты қабылдау мен оның элементтерін қабылдаудың қайсысы бірінші екенін
анықтауға тырысты. Жануарлар 2 сұр түстен ақшылын таңдауға үйретілді. Одан кейін


сыны тəжірибе жүргізілді: жаңа жұпта қара үстіңгі қабат ақшылмен ауыстырылды.
Жануарлар дрессировка кезінде болмаса да, жаңа комбинациядан ақшылын таңдауды
жалғастыра берді. Ақшыл мен қара арасындағы қатынас сыни тəжірибеде
сақталғандықтан, түстің абсолютті сапасы таңдауды анықтады. Тиісінше элемент
өздігінен мəнге ие емес, оны ол қосылған нақты құрылымда алады. Мұндай
құрылымдардың тауықтарда болғандығы фактісі құрылымдар тек дамыған интеллектіге
ғана тəн еместігін көрсетеді. Сонымен қатар алғашқы жабай актілерге де тəн. Тұтас –
бұрын саналғандай жоғарғы емес, құрылымдау интеллект, шығармашылық синтез т.б.
нəтижесі емес. 1921 жылы Коффка құрылымдаудың жалпы принципін психикалық даму
фактісіне телуге жəне оның негізінде онто жəне филогенездегі психикалық даму
теориясын жасауға ұмтылыс жасады («Психикалық даму негіздері»). Даму жабайы мінез-
құлық формаларын динамикалық күрделендіруден жəне олардың арасында сəйкестілікті
орнатудан тұрады. Сəбидің əлемінің өзі қандай да бір деңгейде гештальтталған: жаңа
туған нəрестенің алғашқы феномендері құрылымдық феномен болып саналады. Олар жеке
молекулалар сияқты бір-біріне тəуелсіз. Бірақ нəрестенің молекулаларының құрылымдары
бір-бірімен байланыспаған. Дами келе олар бір-бірімен байланысқа түседі. К.Бюлердің
филогенездегі 3 кезеңді даму теориясы сынға алынды (үш кезең – интстинкт, дрессура,
интеллект). Кітап «Психикалық даму мəні бізге байқалады .... пайда болу жəне
құрылымдарды жетілдіру емес, кейбір элементтердің қосылуы емес» деп аяқталады.
Осы 1921 жылы гештальтпсихологияның көрнекті өкілдері Вертгеймер, Келер,
Коффка «Психологиялық зерттеулер» журналының негізін қалады. Мұнда осы мектептің
зерттеулерінің нəтижелері жарияланды. Осы уақыттан бастап мектептің əлемдік
психологияға ықпалы басталады. 20 жылдардағы М.Вертгеймердің «Гештальт туралы
ілімге» (1921), «Гештальттеория туралы» (1925) мақалалары зор маңызға ие болды.
К.Левин «Ниет, ерік жəне қажеттіліктер» мақаласында қажеттіліктер, ерік жəне еріктік
əрекеттерді зерттеу нəтижелері туралы жазады. Бұл жұмыстар үлкен маңызға ие болды.
Мұнда гештальтпсихология эксперимент жүргізу қиынға соғатын психикалық өмірді,
ниеттерді жəне еріктік əрекеттерді экспериментальды зерттейтін сала ретінде айқын
көрінеді. Мұның барлығы гештальтпсихологияның беделін көтерді. 1929 жылы В.Келер
Америкадағы 
гештальтпсихология 
туралы 
дəрістер 
оқиды. 
Одан 
соң
«гештальтпсихология» еңбегі жарық көрді. Мұнда бұл теория жүйелі баяндалады.
Сонымен бірге америкадағы гештальтпсихологияға К.Коффканың «Гештальтпсихология
принциптері» еібегі елеулі үлес қосты (1935).
Нəтижелі зерттеулер Германияға фашизм келген 30-жылдарға дейін жалғасты.
Вертгеймер, Келер, Левин америкаға эмиграцияланды. Онда терориялық зерттеулер
нəтижелі болмады. 50-жылдарға қарай гештальтпсихологияға қызығушылық бəсеңдейді.
В.Келер «Гештальтпсихология бүгін» мақаласында гештальтпсихологияның америкадағы
психологияға ықпалы туралы мəліметтер келтіреді: Э.Толменге, америкадағы үйрену
теориясына. Ф.Бартлетт гештальтпсихологияның есті зерттеуге қосқан үлесін бағалады.
Соңғы уақыттарда Батыс Еуропа жəне АҚШ-тың кейбір психологтарында
гештальтпсихология мен Берлиндік психология мектебіне қызығушылық байқалуда. 1978
жылы «Гештальттеория жəне оның қосымшалары» атты Халықаралық психологиялық
қоғамы құрылды. 1979 жылы осы қоғамның бірінші жұмыс отырыс өтті, ал осы жылдың
қазанында осы қоғамның ресми баспа органының «Гештальттеория» атты журналы жарық
көрді. Бұл қоғамның мүшелеріне түрлі елдердің психологтары, əсіресе Германия
(З.Эртель, М.Штадлер, Г.Портеле, К.Гусс т.б.), АҚШ (Р.Арнхейм, А.Лачинс,
М.Вертгеймердің ұлы Михаэль Вертгеймер т.б.), Италия, Австрия, финляндия,
Швейцарияның психологтары енді.
Гештальтпсихологияда басты болып ескі механицизм мен элементаризмге,
асоциативтілік, жəне жаңа бихевиористік психологияларға қарама-қайшы тұтастық жəне
тұтастылық тұрғы мəселелері саналады. Вертгеймер «... гештальттеория нақты
зерттеулерден пайда болды» деп атап көрсетеді. Ол теориялық спекуляция болып
саналмайды, бірақ, адамды зерттеудің нақты қажеттіліктерінен пайда болды, ол осы
мағынада эмпирикалық. Сонымен қатар оған Канта, Махтың, əсіресе Гуссерлдың
философиясы ықпал етті. Гештальтпсихология сонымен бірге жаратылыстану, əсіресе
физикаға бағытталған.
В.Келер психологиялық білім алумен қатар Макс Планктан физика бойынша білім
алды; Вертгеймер 1916 жылғы Эйнштейнмен ұзақ əңгімелерін есіне алады. Сол себепті
Вертгеймердің «гештальтпсихология кенеттен пайда болған жоқ, ол конвергацияланды,
сонымен қатар психологиялық мəселелерді түсінуге бағытталған принципиалды сұрақты
шешу үшін түрлі философиялық көзқарастардан, басқа ғылымдардан өзіне материалдар
алды» деген сөздері түсінікті.
Гештальтпсихология психология пəні мен əдістеріне жаңа түсініктер берді: əлемнің
бейкүнə суретінен бастау маңызды, күйзелістерді, феномендерді сол қалпында зерттеу,
талдауға түспей тұтастығын сақтаған тəжірибелерді зерттеу. Бұл құрылымда кейбір
элементтер бөлінеді, олар шындығында бар. Бірақ олар екінші орында жəне бұл
тұтастықта өзінің функционалдық мəні бойынша күрделілігіне байланысты бөлінеді.


Коффка дəстүрлі психологияның негізгі қателіктерінің бірі құрылымды мəнді
қасиеттерінен айырып, элементтерге бөлшектеді деп жазады.
Тұтасты – элементтерге бөлшектеуге болмайды, өйткені онда ол тіршілік етуін
тоқтатады. Оны элементтерін атап сипаттауға болмайды, ол сол күйінде болуы тиіс.
Тікелей қарапайым тəжірибе жек түстер, əдемі адыбысы бар заттар, нəрселер туралы
түсінік береді.
Гештальтистер аналитикалық интроспекция əдісі сынға алады. Олар талдау
жалғасы, алғашында қабылдау бізге толық бейнесін береді деп санады. Аналитикалық
интроспекция өз күйзелісін, өз қабылдауының мазмұнын бақылаушының табиғи жəне
тікелей сипаттауға бағытталған феноменологиялық əдіске қарсы қойылды. Басынан-ақ
гештальтпсихологтар қабылдаудың түйсіктен пайда болатындығы туралы тезисті
мойындамады. Түйсікті «психологиялық шығармалар мен лабораторияларда жасалған
фикция» деп жариялады. Қабылдаудағы бастапқы тұтастық, құрылымды ұйымдастырылу
үдерісі туралы Вертгеймер былай дейді: «Тұтастықтың қасиеті жеке бөліктер мен олардың
қоспаларынан бөлініп алынбайтын күрделі құрылымдар бар. Бірақ, күрделі құрылымның
қандай да бір бөлігіне болған жағдай тұтастың құрылымының ішкі заңдылықтарымен
анықталады. Құрылымдық психология (гештальтпсихология) дегеніміз дəл осы».
Интроспективті психологияға қарағанда гештальтпсихологияда зерттелушілерден
заттарды сипаттау оларды қалай білетіндігіне байланысты емес, олар оны дəл осы сəтте
қалай көретіндігіне байланысты сипаттау талап етіледі. Бұл сипаттауда элементтер жоқ.
Перцептивті жұмыста көп форма болады: толық емес фигуралардың қиылысуы, формасын
өзгертуі (ильзия) жəне т.б. Гештальттеорияда қабылдаудың заңдары анықталды. Олардың
маңыздысы- фигура мен фонның дифференцияның заңы. Фигура тұйық, безендірілген,
тірілік белгісі бар, жарқын алаңда басты орын алады. Фонның өзіндік функциясы бар. Ол
аморфшы, фигураның артында орналасқан аяқты, кеңісте нашар локализацияланады.
Прегнантность заңында ішкі тəртіптілікте перцептивті ұйымдастырудың үрдісі байқалады,
сөйтіп қабылдауды қарамайымдылыққа əкеледі. Мысалы, зерттелушіге екі фигура берілсе,
ол оны ішкі сызықпен бөлінген бір фигура деп қабылдайды. Екінші жағдайда жандарымен
қосылған екі тəуелсіз фигураны көреді (сурет 1). Қабылдаудың тағы бір заңы- тұтастыққа
деген толықтырудың заңы (амплификация). Егерде фигура аяқталмаса да біз оны тұтастық
ретінде көруге ұмтыламыз. Мысалы, нүктелік фигура үшбұрыш ретінде қабылданады
(сурет 2).
Бұл феноменология изоморфизм принципінің көмегімен түсіндіріледі. Құрылым
психикалық əрекеттің нəтижесі емес. Нервтік алаңда динамикалық процестердің
нəтижесінде мида олар пайда болады. Мұны физикалық заңдармен түсіндіреді.
Феноменалдық алаңда бұл тұтастық формасында көрінеді. Мысалы, қабылдаудың алаңын
фигура мен фонға бөлуін мида екі əртүрлі зарядталған электрлік алаңдардың пайда
болуының нəтижесімен түсіндіріледі.
Белгілі бір орында фигураларды қабылдау құбылысына бұл процестер изоморфты.
Гештальтпсихологияның қабылдауды зерттеуден алған фактілері қабылдау туралы
түсінікті байыта түседі. Олардың негізінде құнды практикалық қорытындылар жасалды.
Фигура мен фонның заңдылықтарын ескеріп соғыс кезінде фигураларды жасырудың
тəсілдері қолданылды.
Гештальтпсихологияда ойлауға да экспериментальды зерттеулер жүргізілді: Келер
бойынша, интеллектуалды шешімнің мəні мынада: бұрында байланыспаған алаңның
элементтері проблемдік жағдайатқа сəйкесті белгілі бір құрылымға біріге бастайды.
Егерде жануардың қабылдау алаңында шешім қабылдауға қажетті элементтер болса, онда
инсайт арқылы шешім пайда болады. Вертгейлер бұл принципті адамның есепті шешуіне
таратады. Вертгейлер бойынша, есептің жағдайына сəйкесті емес бұрынғы шаблондардан,
схемалардан бас тартса, шешім табуға болады. Жаңа көзқарасқа көшу тезарада шешім
келуімен, яғни инсайтпен байланысты. Ойлау бірліктегі процесс болса да, оның
динамикасында этаптарды, бірізділік фазаларды бөліп шығаруға болады. Бірінші фаза-
шарт негізінде міндеттерді қою. Ең алдымен проблема бар екендігін ұғынудың үлкен мəні
бар. Екінші фаза- қойылған міндеттерге сəйкесті топтау, өзгерту, құрылымдау. Үшінші
кезең- инсайт арқылы құрылымды табу. Төртінші- осы құрылымға сəйкесті жүзеге
асырудың жолдарын табу.
Дункердің зерттеулерінде жағдайаттың элементтерін жаңа функцияналдық мəнге
қолдану, күнделікті түсінуден алшақтау, шешімін табуға итермелейтіні дəлелденген.
Вертгейлер ойлауды зерттеуде екі дəстүрлі тұрғыны сынайды- ассоциативтік
теорияны жəне дəстүрлі логиканы. Ассоциативтік тұжырымдаманы сынауда ойлауда
бұрынғы тəжірибенің ролі қарастырылады. Бұрынғы тəжірибе берілген жағдайатқа
функционалды жарамды болғанда ғана қолдану керек деген қорытынды жасалады.
Гештальтпсихологияда сұранысты, ерікті, афективтін зерттеуде К. Левин (1890-
1947) көп еңбек сіңірді. Ол белсенділік көздерін түсіндіруде ассоциативтік психологияның
түсіндірулерін сынға алды. Левин бойынша, белсенділіктің қай формасын, яғни
ассоциация, қылық, ойлау т.б. алынса да, оның негізіне сұраныс жатады.
Сұраныс- бұл қандайда бір мақсатты орындауға белгілі бір ұмтылыс, үрдіс. Левин


биологиялық, туа біткен сұраныстармен айырмашылығын көрсету үшін оларды
квазисұраныс деп атайды. Олар өзекті жағдайатта пайда болады, ұмтылдырушылық
сипатқа ие болады, сөйтіп белгілі бір əрекетке итермелейді. Квазисұраныс тұлғада
кернеулік жүйе жасайды. Бұл жүйе шешілуге ұмтылады. Осыдан келіп К.Левиннің-
“тұлғаның динамикалық теориясы” шықты. Сұраныстарда шешу белгілі бір
ситуацияларда жүзеге асырылады. Бұл ситуацияны Левин психологиялық алаң деп атады.
Левин психологиялық алаң деп атады. Левин психологиялық алаң туралы ілімді жасау
үшін топологиялық ұғымдарды қолданды. Психологиялық алаңдағы əрбір зат субьектінің
сұранысына қатысты. Сұраныс бір затта ұмтылдырушы сипатқа ие болдыртып, оң
валентностына тудыртады, ал басқалары ұмтылдырушы сипатқа ие болып, теріс
валентностына тудыртады. Тұлғаның жəне ортаның бірлік фактісін К.Левин “өмірлік
кеңістік ” деп атаған. Оның құрылымы жəне динамикасы өзара тəуелділік, күштік алаң,
тепе-теңдік, қуат ұғымдары арқылы анықталады. өмірлік кеңістік мына өлшемдермен
сипатталады: 
реальностылық- 
ирререальностылық, 
уақыттың 
перстептивамен.
Квазиұмтылыстармен байланысты К.Левин мақсат қою жəне мақсатты бағытталған мінез-
құлықта зерттеді. Бұл зерттеулер психологияға кешенді маңызды ұғымдарды енгізді:
мақсаттық құрылым жəне индивтің мақсаттың деңгейлері, ұмтылыс деңгейлер, жетістік
іздеу жəне сəтсіздіктен құтылу жəне т.б.
Тұлғаның еріктік, аффектілерді, тұлғаның құрылымын зертегенде К.Левин құрылымдық-
динамикалық тұрғыны қолданады.
К.Левин психологияны бірқатар əдістермен жəне əдістемелермен байытты. Бұлар
тоқтатылған əрекет (М.Овсянкина), аяқталмаған жəне аяқталған əрекетті еске сақтау
тəжірибелері (Б.В.Зейгарник), ауыстыратын əрекеттер тəжірибелері (К.Лисснер, А.Малер),
психикалық толықтыру тəжірибелері (А.Карстен) жəне т.б. К.Левин американдық кезеңде
интрапсихологиялық мəселелерден қашықтап, интернесоналдық қатынастарды зерттей
бастайды. Əсіресе, жетекшілік, олардың типтері (демократиялық, авторитарлық), топтық
ахуал, топтық стандарт мəселелеріне көп назар аударылды. 1945ж. К.Левин Топтық
динамика орталығын басқарады. Мұнда өндірістік практикамен байланысты мəселер
қарастырылады. Атап айтқанда, топтағы еңбек өнімділігі, коммуникация, əлеуметтік
перцепция, топтар арасындағы өзара қатынас, топтағы мүшелік, топтық көшбасшыларын
даярлау, топтың қызметін жақсарту.
К.Левиннің зерттеу материалдары, əсіресе əдістемелері, модификацияланып қазіргі
уақыттада қолданылуда. Дегенмен, К. Левиннің зерттеудегі динамикалық тұрғысында
сананың жəне интеллектінің ролі жеткіліксіз ашылатыны байқалды. 
Енді гештальтпсихологияны жалпы бағалауына тоқталайық. Гештальтпсихология
психикалық процестерді зерттеуде жаңа принциптерді жəне тұрғыларды ашуға тырысты.
Л.С.Выготский оның енгізілген құрылымдық принципін өте жоғары бағалады: теориялық
ойдың үлкен жетістігі деп есептеді. Міне, осында гештальттеорияның мəні жəне тарихи
ойы.
Айта кету керек, В.Келер жүйенің жалпы теориясының кейбір қағидаларын
алғашқы болып қарастырады. Осымен ғылыми зерттеудің методологиясына
гештальтпсихологияның енгізген маңызды үлесі болады. Гештальтпсихологтардың
əрекетінің маңызды нəтижесі- бұл қаталдауды, ойлауды, тұлғаны зерттеудің экспериментін
жасаудың əдістемесі болады. Л.С.Выготскийдің пікірінше, құрылымдық психологияның
ең маңызды эффектісі- бұл оның жасаған суреттемелері. Бұл мектеп бүкіл дəстүрлі
психологияға тəн интеллектуализмді еңсеруге маңызды қадам жасады. Бірақ теориялық
жағынан концепция жагынан жарыққа тірелді. Ол енгізген құрылымдық принцип əмбебап
бола алмады, яғни бүкіл жалпы психологияға, балалар жəне патопсихологияға толық ене
алмады.осы əмбебаптықта құрылымдық принциптің түсіндіруші күші жетіспейтіні
анықталды. Психикалық дамудың мəселелерін қарастыруда инстиктивтік жəне
интеллектуалдық процестердің түбегейлі айырмашылығын бірыңғай принцип көрсете
алмады. Жануар мен адамның айырмашылықтарын, ажырата алмады, баланың
психикалық дамуын натуралистік теориямен түсіндіреді. Жалпы алғанда психикалық
дамуды түбегейлі көрсете алмады. Сондықтан оның кемшілігі сынға алынды.
Гештальтпсихологияда суреттелген маңызды психологиялық факт- гештальт
фактісі- осы күнге дейін зерттеушілерді қызықтырады. Оны изоморфизм принципінің
көмегімен теориялық ұғыну физикализм деп бағаланады жəне түсіндіруге үміт артпайды.
Теорияда экспериментальды зерттеу аясында қазіргі психология жетістіктерінің
позициясынан бұл фактіні түсіндіруде жаңа тұрғы пайда болуда. Гештальтпсихологияның
қабылдау аясындағы іргелі зерттеулерді талдау барысында, ондағы анықталған
заңдылықтарды түсіну үшін қабылдаудың генезисін зерттеу қажет деген қорытынды
жасалынады. Мұндай тұрғы гештальттың психологиялық механизмін, соның ішінде
қабылдау аясындағыны түсінуге мүмкіндік береді. А.А.Митькиннің пікірінше, ол
субьектінің тəжірибесі болады (автор қазіргі шет ел зерттеулеріне, Н.Н.Лангенің
қабылдаудың фазалық іліміне сүйенеді). Бұл психологиялық механизмдер симультанттық
тануды қалыптастыруға арналған зерттеулерде нақты ашып көрсетіледі (1).


Ж.Пиаже гештальтпсихологиясының теориясын, негізінен соның ішінде интеллектіні
интерпретациялауды арнайы зерттеді. Пиаже форма психологиясын жоғары бағалады,
оның ұғымдарын қазіргі психологияда көп қолданылатынын көрсетті. Бірақ бұл
концепциясының кемшіліктерін де көрсетті. Оның пікірінше, тұтастық тілі тек қана
суреттеудің тəсілі ғана болған, шын мəнісінде тұтастық құрылымдардың болуы
түсіндіруді талап етеді (2).
Гештальтпсихология психотерапевтік практика аясында қолданылды. Қазіргі
психотерапияның кең тараған бағыты- гештальттерапия, оның принциптеріне жəне
психоаналитикалық концепцияның түсініктері мен тұрғыларына негізделеді.Оның негізін
салушы Ф.Перлз(1893-1970) гештальтпсихологияныңмынадай ұғымдарын қолданады:
гештальт, тұтастық, алаң, фигура тəн деген, ага-қобалжулар, “мында жəне қазір” жəне т.б.
Ол осы жəне т.б. ұғымдарды гештальттерапияны практикалық тəсілдерін жасауда жəне
теориялық негіздеуге қолданды.
Өзін өзі тексеру сұрағы:
1. Бихевиоризм ұғымын ғылымға енгізген кім жəне оның бағыттары қандай?
2. Гештальпсихологияның негізгі міндеттері қандай?
3. Пиаже гешталтьпсихологияда қай бағытқа көңіл бөлді?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   60




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет