Сабақтар (сағаты) 15 соөЖ (сағаты) 15 СӨЖ (сағаты) 45 Барлық сағаттар 90 Курстың мақсаты



Pdf көрінісі
бет34/60
Дата26.04.2024
өлшемі6.9 Mb.
#499894
түріСабақ
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   60
Снимок экрана 2024—04—18 в 22.58.51

ИНТРОВЕРТ
ЭКСТРАВЕРТ


Құрамдас сипаттары бар əрбір категория - интроверсия мен экстраверсияның жоғары
жəне төменгі деңгейі тұрақты жəне нейротизмнің жоғары немесе төмен деңгейі
комбинациясының нəтижесі болып табылады. 2-кестеде көрсетілгендей, төрт топтың
табиғатын қарастырған кезде, екі нəрсені бағытқа алу керек. Біріншіден, екі тип те
қалыпты бөлініске ие, үздіксіз жəне жекелік айырмашылықтардың кең көлемін
қарастырады. Екіншіден, əрбір типке қатысты сипаттар ең шеткі жағдайларға
байланысты. Көптеген адамдардың мінез-құлқы екі тип диапазонында да, орталық
нүктесіне сəйкес келеді.
2-кестеден көріп отырғанымыздай, бір уақытта интровертті-тұрақты адамдар
ережерлер мен əдеттерді орындауға қабілетті, қамқор жəне мұқият бола алады. Керісінше,
интровертті – тұрақсыз адамдардың мінез-құлқы-мазасыз, тұйық, енжар. Экстраверсия
мен тұрақтылықтың бірігуі нəтижесінде мінез-құлықта көмектескіш, қарым-қатынасшыл,
қамқорлық қасиеттер байқалады. Экстравертті-тұрақсыз адамдар агрессивті, импульсивті,
қозғыш. Айзенк жекелік айырмашылықтарға үлкен көңіл бөлді.
Көп кешікпей Айзенк өзінің теориясына үшінші типті енгізді, оны психотизм –
суперэго күші деп атады. Осы суперсипат жоғары деңгейде көрінген адамдар
импульсивті, өзінің ғана жағдайын ойлайды, қоғамдық тəртіпке қарсы тұруға
қабілетті.Олар көбіне мазасыз, адамдармен қиын қарым-қатынасқа түседі, оларды
түсінбейді, басқаларға зиян келтіреді. Айзенктің айтуы бойынша, психотизм – бұл
психопатиялық тұлға ерекшелігіне генетикалық жақындық..
Типтер мен сипаттардың нейрофизиологиялық негіздері.
Айзенк теориясының ең қызықты астары тұлғаның əрбір үш суперсипаты немесе типі
үшін нейрофизиологиялық негізін салуы болып табылады. Электроэнцефалографиялық
зерттеулер көрсеткендей, интроверсия-экстраверсия типі қыртысты белсенділік
деңгейімен байланысты. Айзенк «белсенділік» терминін төменгі экстремумнан (мысалы,
ұйқы) жоғары экстремумға (мысалы, дүрбелең жағдайы) дейін өзгеріп отыратын
қозғыштық деңгейін анықтау үшін пайдаланады. Оның ойынша, интроверттер өте қозғыш,
түсіп жатқан тітіркендіргіштерге өте сезімтал, сондықтан да, олар өздеріне күшті əсер
ететін жағдайлардан қашып отырады. Керісінше, экстраверттердің қозғыштығы төмен
жəне түсіп жатқан тітіркендіргіштерге сезімтал емес, сондықтан да олар өздерін
қоздыратын жағдайларды əркез іздеп, түсіп отырады.
Айзенктің 
түсіндіруі 
бойынша, 
тұрақтылық-нейротизм 
типінің 
жекелік
ерекшеліктері автономды жүйке жүйесінің реакциясы күшін бейнелейді. Ол бұл типті
лимбиялық жүйемен байланыстырады, бұл жүйе адамның эмоционалды мінез-құлқы мен
мотивациясына əсер етеді. Нейротизм деңгейі жоғары адамдар тұрақты типті адамдармен
салыстырғанда дағдылы емес қозғыштық мен мазасызданушылыққа шапшаң жауап
береді.
Психотизм негіздерін анықтайтын зерттеулер əлі де жалғасуда. Айзенктің
еңбектеріндегі болжам бойынша бұл тип өнімдік андрогендер жүйесімен байланысты
(ішкі секреция бездерінен шығатын химиялық заттар қанға түсу арқылы ер адамның
жыныстық белгілерінің даму мен сақталуын реттейді). Жыныстық гормондар мен
психотизмнің арасында байланыстың бар екендігі жөніндегі Айзенк болжамын растайтын
бұл саладағы эмпирикалық зерттеулер өте аз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   60




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет