Мақсаты: Тақырып жөнінде білімдерін айқындау.
Тапсырмалар:
1. В.Вундттың эксперименталды психология саласындағы еңбегі.
2. Қалыптасқан ғылыми лабораториялардың маңызы мен мəні.
3. Дүниежүзіне танымал болған ғылыми зерттеу орталықтары мен ғылыми баспалары.
Əдістемелік нұсқау: “Аквариум”– балаларға мəселені “қоғам алдында”
талқылауға
ұсынғандағы диалог формасы. Шағын топ белгілі бір мəселе бойынша диалогты жүргізуге
кімге сеніп тапсыруға болатынын таңдайды. Кейде тілек білдірушілер бірнеше болуы
мүмкін. Қалған барлық оқушылар көрермен ролін атқарады.
Соныдықтан да мұны
аквариум деп атайды.
Өткізілу Формасы: Аквариум
Əдебиеттер: 1,2,3,4,5
№ 8 практикалық сабақ
Тақырыбы: Ресейдегі философиялық психология.
Мақсаты: Ресейдегі психология идеялардың дамуы туралы білімдерін нақтылау.
Тапсырмалар:
1. В.С.Соловьев, Н.О.Лоский психологиялық көзқарастары.
2. Л.М.Лопатин, А.И.Введенскийдің психологиялық көзқарастары.
3. Н.А.Бердяев, С.Л.Франктың психологиялық идеялары.
Əдістемелік нұсқау:
Мозайка” əдістемесі бойынша сабақты ұйымдастыру кестесі
Кезеңдер
Позициялар
Мазмұны
1 кезең. Жеке
жұмыс.
А Б
В Г
Педагог тапсырма ұсынады (көлемі бойынша кең):
оқулықтың үш-төрт параграфын оқып,
конспект құратыру;
өзект і тақырып т.б. бойынша пікірталасқа сұрақтар əзірлеу;
Дайындалуға жəне тапсырманы орындауға 15-20 минут
уақыт беріледі. Берілген уақыт ішінде топағы əрбір
оқушының өзінің орындалған тапсырманың варианты болуы
керек.
2
кезең.
Жұппен
жұмыс
А <-> Б
В <-> Г
Əрбір қатысушы өзіне партнер таңдайды: мысалы, А Б-мен
жұмыс жасайды, Г В-мен жұмыс жасайды (немесе басқаша).
Тапсырма бұрынғыша қалады. Бұл кезеңнің мақсаты топтық
жұп арасында ортақ шешім қабылдау. Табылған шешім екі
қатысушының да ортақ пікірін білдіруі керек.
Талқылау
уақыты – 10 минут.
3
кезең.
Жұппен
жұмыс
(жалғасы)
А Б
| |
В Г
Жұп ауысады. Жұмыс мазмұны бұрынғыша қалады. Жаңа
жұптар өз шешімдерімен алмасады жəне мəселені
жаңартудың мүмкіндіктері іздестіріледі. Талқылау уақыты –
10 минут. Осылайша, топтағы əрбір
қатысушы басқаның
пікірін тыңдауға мүмкіндік алады, мəселені өзіндік түсінуін
ұсынады, табылған шешімді қорғауға үйренеді.
4
кезең.
Топтық
шешім
қабылдау
А Б
\ /
/ \
В Г
Топ мүшелері бір жерге жиналады. Барлығы шешімдермен
таныс болғандықтан бұл
кезеңнің мақсаты ортақ шешім
қабылдайды. Мұнда зейін тек мазмұндық бөлігіне ғана емес,
сонымен бірге оның орындалу формасына да бөлінеді
(шешім
конспект, сурет, кесте, тақпақ т.б. түрінде болуы
мүмкін). Уақыт – 10 минут.
Сабақ соңында əрбір топ мəселені шешу жолдарын ұсынады. Таңдалған эксперттік
комиссия ұсынылған жобалардың мазмұны мен безендірілуін бағалайды. Жұмыстың
мұндай интерактивті формасы өзара біріккен əрекет
іскерліктерін қалыптастыруға
көмектеседі. Əсіресе бұл халық көп жерде үндемей, тасада қалуға тырысатын ұялшақ
оқушылар үшін өте пайдалы. Микротоптар-микроəлемдер, əдетте
бұл осындай
балалардың жəне жеткіншектердің өзін-өзі бағалауына жағымды əсерін тигізеді.
Достарыңызбен бөлісу: