Сабақтар (сағаты) 15 соөЖ (сағаты) 15 СӨЖ (сағаты) 45 Барлық сағаттар 90 Курстың мақсаты



Pdf көрінісі
бет5/60
Дата26.04.2024
өлшемі6.9 Mb.
#499894
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   60
Снимок экрана 2024—04—18 в 22.58.51

6. ДƏРІСТЕР КЕШЕНІ
№ 1 дəріс
Тақырып Кіріспе. Психология тарихы курсына шолу. Ежелгі Шығыстағы психологиялық
ой-пікір.
Мақсаты: Психология тарихы курсына шолу жəне ежелгі Шығыстағы психологиялық ой-
пікір жөнінде білім беру.
Дəрістің мазмұны:
1. Психология тарихы курсы туралы түсінік,пəнінің мақсат, міндеттері мен ғылыми
мəселелері, зерттеу əдістері.
2. Ежелгі Египет, Үнді жерлеріндегі алғаш психика туралы пайда болған көзқарастар.
3. Ежелгі шығыс ғұламаларының ой пікірлері.
Психология тарихы пəні туралы айтқанда, ең алдымен психология жəне психология
тарихы ғылымдары арасындағы айырмашылықты көрсету керек. Психология тарихы 
əртүрлі тарихи психологиялық теориялардың, ғылыми білімдердің, түсініктердің
қалыптасуы мен даму кезеңдерін зерттейді. Сондықтан психология тарихы пəнінің іртүрлі
проблемасын білуіміз үшін, жаңа жағдайлардағы психологиялық білімдердің прогресіне
назар аударуымыз керек.
Психология тарихы пəнінің негізгі міндеттері – ғылымының зерттеу пəнін түсінумен
тығыз байланысты. Өйткені тарихи психологияда алдымен «жан» мəселесін зерттеу жолы
арқылы «сананы» зерттеу жəне одан соң адамның мінез құлқын түсінуге байланысты
проблемалар біртіндеп өрбіген болатын. Осыдан ғылымның басты міндеті болып:
1. психика туралы ғылыми білімінің пайда болуы мен одан əрі дамуын талдау,
адам психикасы туралы түсініктердің қалыптасу кезеңін зерттеу.
2. тарихи ғылымның басқа ғылымдармен өзара байланысын түсіну, зерттеу.
3. əлеуметтік мəдени аспектілердің психология тарихы пəнімен байланысын
түсіну жəне əлеуметтік, мəдени, идеологиялық ықпалдардың əсерінен болатын
білімдердің, түсініктердің ғылыми шығармашылыққа, қоғамның талаптары мен
сұраныстарына деген байланысын зерттеп білу.
4. психология тарихындағы жеке тұлғалардың рөлі, жеке даму жолы.
Психология тарихындағы негізгі идеялардың тарихзи даму себептері мен қозғаушы
күштері болып басқа ғылымдар сияқты психология тарихы да қоғамдық тарихи
прогреспен, қоғамның дамуымен тығыз байланысты. Мəселен Л.С.Выготский психология
тарихындағы заңдылықтардың дамуы мен идеялардың шығуын жəне өзара алмасуының
арасындағы байланысты, ұғым, классификация, түсініктердің пайда болуын үш себеп
арқылы түсіндіреді:
1. ғылымның əр замандағы, дəуірдегі əлеуметтік мəдени негізбен байланысы.
2. ғылымның таным заңдылығы мен жалпы шарттарымен өзара байланысты
болуы.
3. ғылымның обьективті талаптармен байланысты болуы.
Психология тарихында қолданылатын негізгі ғылыми зерттеу əдістері болып:
• теориялық реконструкция
• өткен материалдың ғылыми жүйесін сыни талдау жəне түсіндіру
• нақты программаларды жасау
• психологиялық тарихи білімдерді негіздеу жəне жүйелеу.
Ежелгі Египетте «Менористтік теология ескерткіші» табылған. Онда əлемді
жаратушы Птах деген құдай делінген. Птах адамның жүрегі мен тілін басқарып отырады.
Сезім мүшелеріне ол өзі мүмкіндік береді. Сезім мүшелері жүрекке ақпарат жеткізеді.
Осы ежелгі папируста: «кез келген сананы шарты бұл денелік ағзаның негізі болып
табылатын – жүректің қызметі» дейді. Тіл – жүректің ойлаған нəрсесін қайталайды.
Психиканы бақаратын жүрек деп есептеген. Шығыс елдерінде – психиканы қызметі
шешуші рөлде қан айналымы басқарады деп айтады.
Б.э.д. 8ғ. Қытайда «Ішкі дене жайлы» кітап деген табылады. Онда былай
делінген: «дененің патшасы жүрек, ол өмірдің негізі – ауа тəрізді ЦИ» деген. Ағзадағы
басқа бөліктермен араласы отырып ЦИ физиологиялық функциялармен бірге психиканың
функциясын атқарады дейді. Ол адамға сөйлеу жəне ойлау қабілеттерін береді. Ой –
жүректе, сезім – бауырды шоғырланған дейді.
Ежелгі үнді дəрігерлерінің пікірінше:«психикалық іс əрекеттің негізгі ағзасы
– жүректе орналасқан» деп есептейді.
Қытай жəне үнді дəрігерлері темпераменттің 3 негізін айтты: Ци, Өт, Шырын.
Қытай дəрігерлері адам типтерін былайша бөледі: «Егер өт қан басым болса батыл
болады. Егер ЦИ басым келсе, адам қызу, қозғалғыш, ұшқалақ болады. Егер шырын басым
болса – жай, баяу болады».
Б.э.д. 1 мың жылдықты ортасында философиялық мектептер қалыптасты. Мұнда да


«жан» мəселесі қарастырылады. Оны этика мəселесі тұрғысында қараған, яғни адам өалай
бақытқа жете алады, жүрісі, тұрысы т.б. психологиялық ерекшеліктерімен байланысып
қарастырылған.
Үнді ғұламаларының пікірінше «жан көшіп қонып жүреді. Істеген
қылығына байланысты ол бір нəрсеге қонады» дейді. Жан мəңгі өмір сүреді.
Карма Нирванаға жету (азат болу) деген бар. Б.э.д. 6ғ. Үндістанда буддизм
(жайнизм) діні пайда болады. Жайнизм діні бойынша «тəн жанды тұсауда ұстап отыратын
дене» делінген. Буддизм – «жан ерекше мəнге ие емес. Жан, психика – қайталанбас сəт,
күй деп түсіндірілген. Олар ауыспалы деп сипатталады».
Ежелгі үнді мəдениетінің пікір бойынша психикалық əрекеттердің басты ағзасы
жүректе делінген. Тек жүрек – орталық. Ауа «жан» процестеріне ие, ал тірі нəрселердің
барлығы орталықпен байланысты.
Кейіннен пайда болған философиялық мектептер (Санкхья, Веданта, Иога, Миманса,
Ньяя) «жанды» метафизика, этикалық тұрғыдан зерттеген.
Веданта – Упанишада мектебінің идеалисттік тенденциясын дамыта отырып,
«Нағыз Мен» ерекше интуитивті сана. Онда субьект пен обьект, ішкі мен сыртқының
айырмашылығы жоқ деген.
Иога – шындыққа жету үшін оған кедергі келтіретін «психикалық
əркеттердің» барлығын басу керек дейді. Иога мынадай тəсілдер жүйесін ойлап тапқан: 1.
Дене функцияларының реттеушісін; 2 Ішкі психикалық актілер – зейін мен ойлауды
қосады.
Өзін өзі тексеру сұрағы:
1. Ежелгі Үнді психологиясының ерекшеліктері қандай?
2. Аристотельдің психология бойынша қарастырған ілімін атаңыз?
3. Антикалық кезеңдегі психология дамуының нəтижесіқандай болды?


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   60




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет