Сабақтар (сағаты) 15 соөЖ (сағаты) 15 СӨЖ (сағаты) 45 Барлық сағаттар 90 Курстың мақсаты



Pdf көрінісі
бет20/60
Дата26.04.2024
өлшемі6.9 Mb.
#499894
түріСабақ
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   60
Снимок экрана 2024—04—18 в 22.58.51

№8 дəріс
Тақырып ХІХ ХХ ғ.ғ.шеберіндегі теориялық тұжырымдамалар мен негізгі ғылыми
бағыттар
Мақсаты: ХІХ ХХ ғ.ғ.шеберіндегі теориялық тұжырымдамалар мен негізгі ғылыми
бағыттар жөнінде білім беру.
Дəрістің мазмұны
1. Э.Б.Титченердің құрылымдық психологиясы мен Ф. Брентано психологиясы.
2.К.Штумпа, В.Джеймстің функционализмдік психологиясы.
3.В.Джеймстің тұлға теориясы жалпы психологиялық идеясы.
Құрылымдық психология бағыты 
Вундт психологиясы бағытының басты
«мұрагері» немесе тікелей оның мектебімен байланысты мектептің бірі болды.
Құрылымдық психология бағытының өкілдері өздерін бұл мектептің негізгі лидерлеріміз
деп санады жəне олардың ойынша психологияның басты міндеті сана құрылымын
эксперименталды зерттеу деп білді. Құрылымдық ұғымы – олардың элементтері мен
байланыстары деп түсіндірілді, сондықтан да мектептің бар күші психиканың бастапқы
бөліктерін (санамен байланысты) анықтап, оларды құрылымдық негіздеу тəсілін жасау
бағытында болды. Осындай идеяның, бағыттың негізін салған Вундт еді. Алайда,
кейіннен Вундттың мектебі мен бағдарламасы құрдымға кетіп, оның мектебінде білім мен
тəжірибе алған шəкірттері, ғалымдар бас тартады. Бірақ, бір ғана ағылшын шəкірті Эдвард
Титченер бұл болған жайтқа қарамастан Вундттың идеясы мен ғылыми жетістіктеріне
сеніп, тек Вундт ғана психологияны нағыз ғылымға айналдыра алады деді.
Оксфордта философияны оқып бітірген Э.Титченер (1867-1922) төрт жыл бойына
физиология пəнінің оқытушысы болып қызмет атқарған. 90ж. Англияда ол
эксперименталды психологиямен айнылыса алмаған соң Лейцигке кетеді. Вундттың
қасында екі жыл болып, ол өз еліндегі психология ғылымының «пионері» болуға
ұмтылғанмен, бұл ойы жүзеге аспады. Сол себепті Титченер АҚШ қа кетеді. Онда 1893ж.
Корнельск университетінде жұмыс атқарады. Осында 35жыл жұмыс жасап, Лейпциг
лабораториясынан бар игерген, жинақтаған тəжірибесі мен білімін өзінің шəкірттерімен
бөлісіп, бағдарламаны құрудың негізін салуға тырысты. Титченер «Экспериментальная
психология» (1901-1905) еңбегін жариялайды, бұл оны атақты психологтар дəуірінің
қатарына жетікізген болатын.
Титченер бойынша психологияның алдында «не?», «қалай?», «не үшін?» деп
аталатын үш сұрақ бар.
Бірінші сұрақтың жауабы – бұл аналитикалық қатардағы міндеттерді шешу:
зерттелетін пəн қандай элементтерден құралғандығын анықтауды талап етеді. Осы
элементтер қалай комбинацияланатындығын қарастыра отырып, ғылым ситездік міндетті
шешеді. Психология қатысты бұл мəселе сананың қарапайым элементтері анықтап,
олардың байланысындағы реттілікті ашу (мыс., тон немесе түстер контрастының өзара
байланыс заңы).
Титченердің айтуынша «не үшін?» деген сұраққа психолог психикалық процестермен
параллельді термин нерв жүйесі процестерімен түсіндіре отырып жауап береді деді.
Титченер сана өз құбылыстарынан тыс жасырынған, өзіндік құрылым мен
материалдан тұрады. Бұл материяда элементтердің үш категориясы ажыратылды: түйсік
(сапасы, қарқындылығы, нақтылығымен сипатталатын қарапайым процесс ретінде),
бейне, сезім. Бұл үш элементке қатысты, байланысты қарсы пікірлердің бірінде
қабалдамады. Вюрцбург мектебі сананың сезімдік бірліктеріне қатысты тағы да бір
сезімнен тыс, бейнелерден еркін, тəуелсіз бірлік – «таза ой» қосылу керек дегенде
Титченер ол көзқарасты қабылдамай, өзінің «мағынаның контекстік теориясын» қарсы
қояды.
Қандай да бір обьекті туралы пікірлер, ойлар Титченер бойынша сезімтал
элменттердің жиынтығынан құрылады. Кейін олардың белгілі бір бөлігі санадан шығып,
тек негізгілері қалуыда мүмкін. Егер сыналушылар қандй да бір интеллектуалды
тапсырмаларды шешуде сүйеніш болатын, мағынаның сезімталдық бейнелік құрамын
саналы ұғынбайтын болса, онда ол жеткілікті түрде интроспекция əдісіне
жаттықпағандығынан болады.
Осылайша Титченер интроспекцияның эсперимент, математикамен байланысы


болатынан жəне ақырында психологияны жаратылыстану ғылымдарының стандартына
жақындатынынан үмітін үзген жоқ. Дегенменде, Титченердің өмір бойғы зерттеулерінің
нəтижелері мен мектебі біртіндеп құлдырай бастады. Тарихшы Р.Уотсонның
пайымдауынша «соңғы 15жыл ішінде титченер лабораториясының жұмысы мен оның
зерттеулері көлемі мен ғылымилығы жағынан еш нəтижелер бермеді». Титченер
мектебінің құлдырауының себебін психологияның дамуындағы обьективті жағдайдардан
іздеу қажет. 30 жылд. оның тəрбиелеген көп шəкірттері белсенді түрде жұмыстанып
жатқанымен, ешкім құрылымдық психология бағдарламасы бойынша зерттеулер жасаған
жоқ.
Алғашқы кезден бастап психологияның дербес ғылым ретінде пайда болуы, оның пəнін,
əдісін, міндетін түсінудің əр түрлі тəсілдері белгіленді. Эдвард Титченер (1867-1927)
жəне оның қасында жіктелген АҚШ-тағы Корнелль университетінің психологтары
арқылы Вундтың дəстүрлері дамыды. Бұл университет Титченердің күш салғаны
арқасында ірі психологиялық орталық болып жəне де ең алғаш рет АҚШ-тағы
эксперименталды психологияның бастауын алды. Негізінен Титченер вундтың психология
пəнін тікелей тəжірибесін ғылым ретінде түсінуді бөліп қарастырады. Өзінің
психологиясын ол құрылымды психология деп атады, сонымен қатар өзінің тəсілін
американдық психология функционализміне қарсы қойды. Оның көз қарасына сəйкес,
материя санасының бөлек элементтердің жиынтығы ретінде, жəне де өзінің табиғатына
сəйкес өте қарапайым, талдауға именбейтін – құрылымын психология зерттеуі қажет.
Сананы элемент терминдеринде үйрету, яғни барлық функциональды қарым-қатынас,
олардың мінез-құлқындағы өзгешелігі, тек қана күйгелек субстартпен байланысы:
физиологиялық негіздер психикалық процесстерді түсіндіреді деп, есептеген. Осыдан
психологияның үш түрлі мақсаты. Ол «нақты болып жатқан жан жағдайын талдап, оны
қарапайым құрылымды бөліктерге жіктеп; қалай бұл құрылымды бөліктердің біріккенін,
олардың комбинациясын басқаратын заңдылықтарды тауып, бұл заңдылықтарды
физиологиялық ұйымдастыру байланысына алып келуге» ұмтылады.
Сана ерекше ішкі дүниені қалыптастырады. Тек қана аналитикалық интроспекция əдісі
арқылы оған енуге болады. Осындай оның түсіну ерекшелігіне қарай, сана көріністерінде
заттар мағынасы ашылады, яғни психологиялық факттар емес, аналитикалық
интроспекция дұрыс психологиялық факттар материалын береді; интроспективті
есептемеден Титченер барлығын шығаруды талап еткен, физикалық табиғатқа
ынталандыру қатынасы да жатады, сондықтанда бұл сəттер өзін өзі бақылауда
ашылмайды. Өзіне өзі есеп берудегі өзгешелік «сананың таза мазмұнын» қалдыру,
өйткені ол тек қана интроспективті қабылдануы мүмкін.интроспективті есеп беруде
зерттелуші писхикалық құбылыстарды «ұмытлу қателігін» болдырмау əрекетін
ауыстырып алмау қажет. Мысалы, «жол түзеу емес» деп айтудың орынына , «менің
аяғымдағы табанымның қысымы əр түрлі болып келеді» деп психолог айтуы қажет, яғни
өзінің тікелей сезімін айтуы қажет. Карнеллден алысырақ мұндай ацырмашылықтарды
ажыратқандар аз болатын, бірақ Титченер бұган принципиалды мағына берді. Өзін өзі
бақылаудағы талаптар жүзеге асырылды: сыртқы əсерлерді болдырмау үшін, жақсы
жағдай жасалуы қажет,сананың барысын мұқият қадағалау, оның құбылыстармен сөзбен
жеткізу, алаңдап кетпеуге тырысу, тапсырмаға іштей еніп кету қажет жəне т.б.
Аналитикалық интроспекция əдісі сананың өзіндік аумағымен шектелген. Əркімге тек
өзінің ғана жан дүниесі белгілі. Жануарлардың, балалардың, психикалық ауру адамдардың
психикасын сонымен қатар əлеуметтік-психологиялық процесстерді өзін өзі бақылау
мəліметімен ұқсастыра зерттеуге болады, себебі сезу бəрінде бірдей. Титченер жеке дара
дифференциалды психология идеясын қолдамады. Бірқатар сөз сөйлеуде, көбінесе
мақалаларда «Құрылымды психологияның постулаттары» (1898), «Интроспекция
схемасы» (1912), Титченер аналитикалық интроспекция идеясын дамытып, оның
сенімсіздігіне байланысты бұл əдісті əділетті шабуыдан қорғады. Титченер секілді
интроспекция анықтамасын, стимулға сілтеу жолы арқылы бағалауға болмайды, өйткені
ол стимулға сəйкес келу емес, сананың мазмұнына қызығушылық танытады.
Аналитикалық интроспекцияны қорғауда Титченер нағыз қайсырлылық танытады.
Титченер сананың алғашқы элементтері ретінде түйсік, бейне, сезімдерді бөліп
көрсетеді.Түсік интенсивтілік, ұзақтылық жəне анықтылық сапаларына ие. Қабылдаудың
элемент белгілерінен тұрады. Бейнелер-түйсіктің əуелгі ізі, аз ғана анықтылығымен
ерекшеленеді. Ес пен қиялдың көріністерінен элемент белгілері құрылады. Сезім-
махаббат пен жек көрушілік, қуаныш пен қайғы; шынайылық пен ұзақтылық сапаларына
ие. Бұл жан дүниенің қозғалыстары элементтері. Писхологияның міндеттері осылайша
жасалады, экспериментті қолдана отырып осы элементерді көрсетеді, өзін өзі бақылау
мəліметін анықтайтын, физиологияны қолдана отырып олардың басты бейнесін түсіндіру,
жəне де болашақ белгілі түрде жіктеліп, бөлінгенде, олар біздің санамыз тұратын əр түрлі
қиын процесстерді құрады. Қарастырылған осы үшеуінен басқа, зейін мен ойлау
сенсорлы табиғатқа ие болып, жаңа элементарлы процестерден тұрмайды.Титченер
вюрцбург психологтарымен қалыпсыз ойлау сұрағымен санасып, мəнмəтіндік мағына
теория маңыздылығын алға тартады. Титченер жүйесі интроспективті психиканы
түсіндірудің шоғырланған көрінісін ұсынады. Мұнда психика саналылық аясында
шектеліп жəне сананың өзіндік тұйықтылығымен зерттеледі. Титченер жүйесі америкалық


психологияда ерекше орын алып, жəне де оның қосым ша бөлігі емес оның негізгі
мектебі болып саналды. Американдық психологтарды адамгершілік қасиеттері мен жеке
дара ерекшеліктері қызықтырды. Боринг жазғандай «Титченерді қызықтырған ақыл, ал
американдықтарды - ақылдар». Бұл психология шын мəнінде оқшаулануда болды. Осы
бағытқа реакция функционализм болды. Американдық психологияда құрылымды жəне
функционалды тəсіл болып сипатталса еурапалық ғылым да осыдан: функционалды
психология идеясының қайнар көзі болып австралиялық философ жəне психолог
Ф.Брентано акт психологиясы болып саналады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   60




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет