Сабақтар (сағаты) 15 соөЖ (сағаты) 15 СӨЖ (сағаты) 45 Барлық сағаттар 90 Курстың мақсаты


Схоластикалық философияның негізгі бағытындағы жан мен таным



Pdf көрінісі
бет11/60
Дата26.04.2024
өлшемі6.9 Mb.
#499894
түріСабақ
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   60
Снимок экрана 2024—04—18 в 22.58.51

Схоластикалық философияның негізгі бағытындағы жан мен таным
туралы ілім.
Еуропа феодализмінің рухани өміріндегі психологиялық білімнің дамуымен байланысты
болған схоластикалық философияның маңызды бағыты номинализм болды. Жалпы
түсінік дегеніміз -бұл біздің ойлауымызша атаулар, есімдер екені туралы белгілі болған
болатын. Тек нақты заттар шынайы түрде болған. Барлық адам тұлғасынан бөлек
ешқандай адам «идеясы» деген болмаған. Бұл ілім басқа философиялық қозғалыс-
реализммен күрес жағдайында дамыды. Реализмге сəйкес, жалпы түсінік басқа да нақты
заттар секілді өз бетімен болады. Идея дегеніміз-ақыл өнімі жəне ойдың мəнді қасиетін
білдіреді. ХІV ғасырда табиғат əмбебаптығы туралы дауды номинализм жеңді. Бұл
ағымдар схоластика шеңберінде болды. Əмбебаптық туралы логикалық дау формасында
философия мен танымдық психологияның түпкілікті мəселелері қойылды.
Табиғатты, математикалық, астрономиялық зерттеулерінің көзқарасынан мынадай сұрақ
туындады: сенім немесе білім. Осы қарқынды жарыссөзге көрнекті қызмет етуші Альберт
Великий мен Фома Аквинский араласты.
Фома Аквинский (1226-1274) – жүйесі католицизмнің жетекші бағыты болған ең
көрнекті схоласт. Осы ілімнің заманауи ізбасарлары –неотомистер- біздің кезіміздегі
буржуазиялық философияның ең беделді ағымын ұсынады. Фома Аквинский табиғатты
түсіндіруге туындаған талпыныстың жəне өзінің тəжірибесі негізінде діни көзқарасты
қолдау міндетін атқарды. Ол орта ғасырдағы оймен іске асқан барлығының синтезі болып
табылатын жойқын философиялық жүйе құрды. Фома Аквинский жан жалғыз деп оқытты.
Ол тəннен бөлек болмысқа ие деді. Жан тəн қозғалысының қайнар көзі ретінде қызмет
етеді. Жан мен тəн арасындағы арақатынас форма мен материя арақатынасы ретінде
қарастырылады. Бірақ материя мен форма туралы ілім өзгереді. Тəнсіз дүниеде таза
формалар мен материяда ғана жүзеге асатын формалар бар. Адам жаны-сол таза
формалардың кішісі, сондықтан да ол мəңгілік жəне екінші түрдегі формалардың
жоғарғысы. Осындай түсініктің арқасында жан əлемде басты пункт маңызына ие, ал
адамға өзіне болмыстың екі шеңберін біріктіру құрметі берілген. Таза формадағы жан
мəңгілік. Бірақ оның табиғаты толық діни емес. Ол туралы таза рухани үрдіс болып
саналмайтын таным үрдісі куаландырады.
Таным туралы ілімде адамның «табиғи таным»-табиғи ақыл-ой-жəне «жоғары
табиғилық» белгілі. Табиғи таным-сезім мен интеллекттің арқасында ақиқатты тану.
Сыртқы органдар-сезім органдары. Ол қандай да бір заттың əрекеті арқылы сезінеді. Бұл
үрдісті Демокрит ойлағандай материалдық деп санауға болмайды. Сезім қабылдаған
образдар материядан ада болған. Оларда нақты заттардың сезім сапалары ашылады.
Сезіну тəн органының акті болып табылады, яғни көз, құлақ т.с.с Интеллект қандай да бір
тəн органының актісі болып саналмайды. Интеллект арқылы мəнді танимыз. Интеллект


адам тенымын кеңейтеді, сезімді арттырады. Образдан түсінікке ауысу абстракция үрдісі
деп аталады. Адамның ақыл-ойы құдайды тануға бет бұра алады. Құдай танымның
жоғары жəне түпкілікті мақсаты: барлығы да діни ашылу арқылы танылады.
В.В. Зеньковский ашылуды табиғи ақыл-ойдан биік қойса, Аквенат таным үрдісінің
бырыңғай тұтастығын алға тартады. Яғни философия да, білім де сенімсіз қалыптаса
алады.
Туа біткен білімді жоққа шығара отырып, Фома Аквинский құдайдың өзі берген
таным принципі деп атаған туа бітті жалпы кестені мойындады. Ол үлкен сезімдік
материалмен қақтығысқанда əрекет ете бастайды.
Фома Аквинскийдің таным механизмдерінің бірі ретінде сананың арнайы операциясы-
интенционалдықты атап өтуге болады. Адам жанында түйсік пен таным актіне нақты
бағыттылық беріп отыратын қандай да бір күш, интенция, «ішкі сөз» болады.
Интенционалдық та белсенділік жəне таным секілді адамның туа біткен ішкі қасиеті
болып табылады.
Өзін өзі тексеру сұрағы:
1. Дін саласынан, діни түсініктерден арылып шығу барысында психологияда пайда
болған теориялар?
2. Қайта өрлеу кезеңдері қай ғасырдан бастап дамыды?
3. Бэконның ілімі қай ғылымның негізін қалаушы ретінде танылды?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   60




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет