21
студент-практиканттардың сабақтарды тиімді жоспарлауына кедергі
келтіреді.
Мысалы, болашақ мұғалімдердің
сабақ жоспарын құрудағы
тәжірибесінің болмауы университеттегі оқу барысында алған білімінің
жеткіліксіз деңгейде болғанын көрсетеді. Осы себепке байланысты,
көптеген студенттер сабақ жоспарларының мазмұнын анықтау
үдерісінде қателіктер жібереді
(Lestari & Siwi, 2022). Студенттердің
сабақты жоспарлау бойынша жеткілікті
білімі мен тәжірибесінің
болмауымен қатар, бұл қиындықтар сабақтың мақсаттарын құруға және
сыныптағы оқу іс-шараларын ұйымдастыруға да әсер етеді.
Lestari және
Siwi (2022) жүргізген зерттеудің қатысушылары да
жоспарланған оқу мақсаттарына жету үшін оқу іс-шараларын қалай
өткізу керектігін білмейтіндерін атап өтті. Сонымен қатар, сабақ
жоспарларын әзірлеу үдерісін түсінудегі қиындықтар көптеген студент-
практиканттардың ҚМЖ-да көрсеткендері іс жүзінде болып жатқан
оқиғалардан
өзгеше болғандықтан, өздерінің әзірленген сабақ
жоспарын сыныпта қолдана алмауына әсер етті.
Alanazi (2019) зерттеуінің нәтижелері де студенттерге мектептерде
тәжірибелік қызметін бастамас бұрын жоғары оқу орындарында
көптеген теориялық сабақтар қажет екенін растады. Педагогикалық
мамандықтардың түлектері әдетте бірден мектептерге сабақ беруге
баратындықтан, оларда сабақ өткізу тәжірибесі мен жалпы іс-тәжірибесі
жетіспейді, ал бұл кейін оқушылардың оқу нәтижелеріне әсер етеді.
Сонымен қатар, студенттердің жоспарлау және сараланған тәсілді
қолдану дағдыларының болмауы университетте
оқу барысында оқыту
және жоспарлау әдістері туралы тиісті ақпарат пен білім алмағанын
көрсетеді
(Alanazi, 2019).
Студент-практиканттар үшін келесі қиындық – оқушылардың білім
алу қажеттіліктерін анықтау болып табылады. Педагогикалық тәжірибе
барысында көптеген студенттер сабақты жоспарлау кезінде
оқушылардың жағдайлары мен ерекшеліктерін түсінуде қиындықтарды
кездестірді. Мұндай белгісіздік сабақта оқушылардың ұсынылған
материалдарды түсінбеуіне және сабақ кезінде олардың белсенділік
танытпауына әкеледі
(Lestari & Siwi, 2022). Сол себепті, болашақ
педагогтердің оқу қызметін жоспарлау және ұйымдастыру бойынша
22
көрсетілген білімнің жетіспеушілігін ескере отырып, зерттеушілер
жоғары оқу орындарында тиісті практикалық курстар мен пәндерді
енгізуді ұсынды.
Сабақты жоспарлаудың тиімділігіне басқа да факторлар теріс әсер
етеді, мысалы: сабақтың мақсаттарын
орындауға және жетуге оқу
уақытының жетіспеушілігі, сыныпта үлгерімі төмен оқушылардың көп
болуы, институционалдық қолдаудың болмауы және формативті бағалау
әдістері мен тәсілдері туралы білімдегі олқылықтардың болуы
(Crawford
& Jenkins, 2018; Kristanto & Mariono, 2017; Xu & Shi, 2018).
Достарыңызбен бөлісу: