Сабақтарды қысқа мерзімді жоспарлау бойынша Әдістемелік ұсынымдар по краткосрочному планированию


-сурет. Сабақ жоспарын дайындау стратегиялары (Milkova, 2012)



Pdf көрінісі
бет17/181
Дата27.09.2023
өлшемі6.44 Mb.
#478867
түріСабақ
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   181
final-1

2-сурет. Сабақ жоспарын дайындау стратегиялары (Milkova, 2012) 
 
Дереккөз: Milkova, S. (2012). Strategies for effective lesson planning. Center for Research on learning 
and Teaching, 1(1), 1-29. 
 
1. Сабақтың мақсаттарын тұжырымдаңыз 
Сабақтың нақты мақсаттарын анықтау мұғалімдерге сабақта 
қолданылатын оқу әрекеттерінің түрлерін анықтауға көмектеседі. 
Жоспарлаудағы бұл қадам мұғалімдердің оқу мақсаттарына жетуді 
қандай жолдармен тексеретінін анықтайды, сондықтан ол сабақты 
жоспарлауда өте маңызды рөл атқарады. 
Сабақта оқу мақсаттарын анықтау үшін мұғалімдер келесі 
сұрақтарға жауап беруі керек: 
- Сабақтың тақырыбы қандай? 
- Мен оқушыларға нені үйреткім келеді? 
1. Сабақтың мақсаттарын 
тұжырымдаңыз
2. Сабақтың тақырыбына 
кіріспе ұйымдастырыңыз
3. Нақты оқу әрекеттерін 
(сабақтың негізгі бөлімін) 
жоспарлаңыз
4. Түсінуді тексеруді 
жоспарлаңыз
5. Өткен сабаққа қорытынды 
және алдағы сабаққа кіріспе 
дайындаңыз
6. Қолжетімді уақыт шеңберін 
орнатыңыз


24 
- Оқушылар сабақтың соңында нені түсініп, не істей алатынын 
қалаймын? 
- Білім алушылардың осы нақты сабақтан не алғанын қалаймын? 
Мұғалімдер сабақтың мақсаттарын тұжырымдағаннан кейін, 
оларды маңыздылық тәртібі бойынша ретке қойып шығу керек. Бұл 
кезең мұғалімдерді оқу уақытын басқаруға және мұғалімдердің уақыты 
аз болған жағдайда маңыздырақ оқу тапсырмаларын орындауға 
дайындайды. Сабақ мақсаттарының маңыздылығын анықтау үшін 
мұғалімдерге келесі сұрақтарды қарастыру ұсынылады: 
- Қандай маңызды ұғымдарды, білім немесе дағдыларды мен білім 
алушылардың үйреніп, қолдана алуын қалаймын?
- Олар неліктен маңызды? 
- Егер менде уақыт жеткіліксіз болса, қандай мақсаттарды 
өткізіп алмау керек? 
- Керісінше, егер менде уақыт аз болса, сабақтың қандай 
мақсаттарын өткізіп жіберуге болады? 
2. Сабақтың тақырыбына кіріспе ұйымдастырыңыз 
Мұғалімдер сабақтың мақсаттарын олардың маңыздылығы 
бойынша тұжырымдағаннан кейін, сабақты тиімді жоспарлаудың келесі 
қадамы - оқушыларға оқу материалын игеруге және алған білімдерін іс 
жүзінде қолдануға бағытталған сабақтағы нақты әрекеттерді әзірлеу.
Бір сыныпта академиялық үлгерімі әртүрлі оқушылар болуы мүмкін 
болғандықтан, мұғалімдер үшін сабақты сабақтың тақырыбы / пәні 
бойынша оқушылардың білімін бағалауға бағытталған сұрақтар немесе 
жаттығулардан бастау маңызды. Мысалы, мұғалімдер сабақ басталғанға 
дейін оқушыларға электронды сауалнама жіберу немесе карточкаларға 
түсініктеме жазуды сұрау арқылы шағын ақпарат жинай алады. Мұндай 
қосымша ақпарат мұғалімдерге сабақ тақырыбы мен қажетті оқу іс-
шаралары туралы, сондай-ақ сабақты жоспарлау және өткізу кезінде 
қандай заттарға назар аудару керектігі туралы түсініктерін 
қалыптастыруға көмектеседі.
Сонымен қатар, оқушылардың қызығушылығын ояту және ойлау 
қабілетін дамыту үшін мұғалімдер жаңа тақырыпқа шығармашылық 
кіріспе жасай алады. Мұғалімдерге сабақты жоспарлау барысында 


25 
оқушыларды сабаққа тарту үшін әртүрлі тәсілдерді қолдану ұсынылады 
(мысалы, жеке әзілдер, тарихи оқиға, ойландыратын дилемма, нақты 
өмірден алынған мысал, қысқа бейнеклиптер, жетекші сұрақтар
практикалық қолдану және т.б.). Осы айтылған ұсыныстарға сүйене 
отырып, мұғалімдер сабаққа кіріспені жоспарлау кезінде келесі 
сұрақтарды ескеруі керек: 
- Мен осы тақырып бойынша білім алушылардың білімі мен 
түсініктерін қалай тексеремін? 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   181




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет