39
•
ЭЫДҰ елдерімен салыстырғанда Қазақстан мұғалімдері сабақтарды
жоспарлауға және дайындауға көбірек уақыт жұмсайды (Қазақстанда – 9,5 сағат,
ЭЫДҰ елдерінде – 6,7 сағат, айырмашылығы – 2,8 сағат). Қызметтің бұл түрі оқытудан
кейінгі мұғалімдер үшін ең үлкен жүктеме болып табылады.
•
Кейбір елдердің мемлекеттік оқу стандарттарына сәйкес мұғалімдер
бірлескен педагогикалық қызметті дамытуы керек. Мұғалімдердің
осындай жалпы
жұмысы оқытудың тиімділігіне және өз қызметін объективті түрде бағалауға ғана
емес, сонымен қатар сабақтарды дайындауға және жоспарлауға кететін уақытты
қысқартуға да көмектеседі.
•
Мұғалімдердің сабақты бірлесіп жоспарлауы тәжірибе, білім,
әдістемелік
әзірлемелер мен идеялармен алмасуға бағытталғандықтан, Жапония, Қытай
(Шанхай), Англия, Финляндия, АҚШ (Бостон және Чикаго)
сияқты елдердің
мектептерінде бірлескен сабақ жоспарлары мен педагогикалық ресурстарды әзірлеу
бойынша жоспарланған мұғалімдердің кездесулері жүзеге асырылады.
•
Жапония мен Шанхайда (Қытай) мұғалімдердің бірлескен жоспарлау
тәжірибесі «сабақты зерттеу», сабаққа қатысу және бақылау мәдениеті аясында
жүзеге асырылады. Осылайша, бұл тәжірибе мұғалімдерге оқытудың әртүрлі
стратегиялары мен әдістерін бағалауда ғана емес, сонымен қатар озық тәжірибені
таратуға көмектеседі және сапалы сабақтар өткізу
бойынша мұғалімдердің
жауапкершілігін арттырады.
•
Финляндияда мұғалімдердің сабақтарды жоспарлау бойынша бірлескен
жұмысы тек бір мектеп деңгейінде ғана емес, сонымен қатар барлық мектептер мен
оқу-әдістемелік ұйымдарында білім беру жүйесіне оң өзгерістер енгізу мақсатында
озық тәжірибелер таратылады.
•
Бостонда (АҚШ) параллель сыныптарда сабақ беретін барлық мұғалімдерге
сабақ жоспарларын бірге әзірлеуге мүмкіндік беріледі. Бұл тәжірибені жүзеге асыру
үшін мектептер сабақ кестесін арнайы барлық параллельдегі мұғалімдер бір уақытта
бос болатындай етіп құрайды. Осылайша, бірлескен жұмыс пен белгілі бір сыныпта
сабақ беру тәжірибесімен бөлісу арқылы мұғалімдер оқушылардың арнайы бір
тобына әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолдану туралы көбірек біле алады. Сондай-ақ,
мұндай жұмыс түрі сабақты жоспарлауда сараланған
тәсілді дамытудың бастапқы
нүктесі бола алады.
40
Сабақты жоспарлаудың халықаралық тәжірибесін зерделеу үшін
келесі өлшемшарттар (критерийлер) бойынша елдер таңдалды:
1. Жақындағы экономикалық серіктестер мен көрші елдер – Ресей
Федерациясы (РФ), Беларусь Республикасы, Қытай Халық Республикасы.
2. Халықаралық салыстырмалы зерттеулерде (PISA, TIMMS, PIRLS,
ICILS және басқалары) тұрақты жоғары нәтижелер көрсететін ЭЫДҰ-ға
мүше және серіктес елдер – Финляндия, Эстония, Оңтүстік Корея, ҚХР,
Сингапур.
3. Сабақты жоспарлау және білім беру саласындағы басқа да
зерттеулер тақырыбында көптеген зерттеулер жүргізілген елдер – АҚШ,
Ұлыбритания, Сингапур, Финляндия. Осылайша, осы 3 өлшемшартқа
сәйкес
келетін бірнеше ел таңдалып, сондай-ақ ЭЫДҰ елдеріндегі
ерекше жағдайлар да қарастырылды.
Достарыңызбен бөлісу: