Сабақтарды қысқа мерзімді жоспарлау бойынша Әдістемелік ұсынымдар по краткосрочному планированию


Сабақты тиімді жоспарлау стратегиялары



Pdf көрінісі
бет16/181
Дата27.09.2023
өлшемі6.44 Mb.
#478867
түріСабақ
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   181
final-1

Сабақты тиімді жоспарлау стратегиялары 
Сабақты жоспарлауға қатысты жоғарыда аталған барлық мәселелік 
сұрақтарды ескере отырып, шетелдік зерттеушілер тиімді жоспарлаудың 
әртүрлі стратегияларын ұсынады. 
Осылай, Butt (2008) сабақ жоспарларында болуы міндетті бірнеше 
маңызды тармақтарды ұсынады: 

білім алушыларға түсінікті болатын сабақтың мақсаттары; 

сабақтың нақты және айқын құрылымы; 

сабақтағы негізгі мәселелер мен іс-шаралар туралы қысқаша 
ескертпелер; 

жеке 
тұлғалардың 
немесе 
оқушылар 
топтарының 
қажеттіліктеріне қатысты қысқаша жазбалар (мысалы, ерекше 
білім беруге қажеттіліктері бар оқушылар); 

кез-келген қосымша қолдау / ресурстар қалай қолданылатыны 
туралы ескертулер; 

сабақ барысында туындауы мүмкін сұрақтар мен мәселелерге 
ұсыныстар; 

белгілі бір тақырыпты өту кезінде пайдалануға болатын тиісті 
ресурстарға ұсыныстар; 

білім алушыларға арналған үй тапсырмасын анықтау. 
Milkova (2012) атап өткендей, тиімді сабақ жоспары сабақтың 
барлық жағдайларын сипаттайтын ұзақ құжат ретінде болмауы керек. 
Сонымен қатар, жоспарлау кезінде әр оқушының жауабын немесе 
сұрағын болжау да әрдайым қажет емес. Керісінше, сабақ жоспары 
мұғалімдерге олардың оқу мақсаттарының, оқу міндеттерінің және 


23 
оларға жету құралдарының жалпы сипаттамасын беруі керек. Зерттеуші 
сабақты тиімді жоспарлаудың бірнеше стратегияларын ұсынды. Бұл 
стратегиялар Butt (2008) ұсынған тармақтарға қосымша ретінде 
қолданыла алады, себебі олар мұғалімдерге рефлексия жасауға және 
өздерінің педагогикалық әрекеттері туралы ойлауға көмектесетін 
сұрақтар жиынтығымен бірге жүреді (2-сурет). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   181




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет