Сабақтарды қысқа мерзімді жоспарлау бойынша Әдістемелік ұсынымдар по краткосрочному планированию


-кесте. Сабақты тиімді жоспарлаудың стратегиялары



Pdf көрінісі
бет19/181
Дата27.09.2023
өлшемі6.44 Mb.
#478867
түріСабақ
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   181
final-1

3-кесте. Сабақты тиімді жоспарлаудың стратегиялары 
Стратегиялар 
Рефлексияға арналған сұрақтар мен идеялар 
Сабақтың 
мақсаттарын 
тұжырымдаңыз 

Сабақтың тақырыбы қандай? 

Мен оқушыларға нені үйреткім келеді? 

Оқушылар сабақтың соңында нені түсініп, не істей 
алатынын қалаймын? 

Білім алушылардың осы нақты сабақтан не алғанын 
қалаймын? 

Қандай маңызды ұғымдарды, білім немесе дағдыларды 
мен білім алушылардың үйреніп, қолдана алуын 
қалаймын?

Олар неліктен маңызды? 

Егер менде уақыт жеткіліксіз болса, қандай мақсаттарды 
өткізіп алмау керек? 

Керісінше, егер менде уақыт аз болса, сабақтың қандай 
мақсаттарын өткізіп жіберуге болады? 
Сабақтың 
тақырыбына 
кіріспе 
ұйымдастырыңыз 

Мен осы тақырып бойынша білім алушылардың білімі 
мен түсініктерін қалай тексеремін? 

Оқушылар қандай жалпы қабылданған идеялармен 
(немесе, мүмкін, қате / біржақты түсініктермен) таныс 
болуы мүмкін және оларды қалай қолдай алады? 


29 

Тақырыпты таныстыру үшін не істей аламын? 
Нақты оқу 
әрекеттерін 
(сабақтың негізгі 
бөлімін) 
жоспарлаңыз 

Тақырыпты түсіндіру үшін не істеуім керек? 

Тақырыпты әртүрлі тәсілдермен / басқаша түрде дамыту 
және көрсету үшін не істей аламын? 

Оқушыларды осы тақырыпты зерттеуге қалай тарта 
аламын? 

Оқушыларға тақырыпты түсінуге нақты өмірден, 
ұқсастықтардан немесе жағдаяттардан қандай қолайлы 
мысалдар көмектесе алады? 

Оқушыларға тақырыпты жақсы түсінуге көмектесу үшін 
не істеу керек? 
Түсінуді тексеруді 
жоспарлаңыз 

Оқушыларға сабақ тақырыбы туралы түсініктерін 
тексеру үшін қандай сұрақтар қоя аламын? 

Оқушылардан сабақ тақырыбын зерттеуге қатысу 
деңгейін тексеру үшін не істей аламын? 

Оқушыларға 
сабақтың 
мақсатына 
жеткен-
жетпегенін тексеру үшін қандай әрекет жасауды 
ұсына аламын? / Сабақ мақсаттарының тізіміме 
қайта 
оралсақ, 
оқушыларға 
мақсаттардың 
әрқайсысына қол жеткізілгенін тексеру үшін 
қандай әрекетті орындауды ұсына аламын?
 
Өткен сабаққа 
қорытынды және 
алдағы сабаққа 
кіріспе 
дайындаңыз 
Мұғалімдерге сабақта өткен материалды қарап, 
сабақтың негізгі кезеңдерін қысқаша баяндау ұсынылады. 
Мұғалімдер оны бірнеше жолмен жасай алады: 
• 
Мұғалімдердің өздері маңызды ойларды мазмұндай 
алады (мысалы, «бүгін біз ... туралы айттық»); 
• 
Мұғалімдер бір немесе бірнеше оқушыдан сабақтың 
негізгі ойларын қысқаша қорытындылауға/баяндауға 
көмектесуін сұрай алады; 
• 
Сондай-ақ мұғалімдер барлық білім алушылардан 
сабақтың ең есте қаларлық деп санайтын негізгі ойларын 
қағазға жазуды сұрай алады. 
Қолжетімді уақыт 
шеңберін 
орнатыңыз 
Төменде сабақтың барлық кезеңдерін жүзеге асыру 
үшін уақытты тиімді бөлудің бірнеше стратегиялары 
келтірілген: 
• 
Оқу әрекеттерінің әрқайсысы қанша уақыт алатынын 
бағалап, содан кейін әрқайсысы үшін қосымша 
уақытты жоспарлаңыз; 


30 
• 
Сабақ жоспарын құру кезінде сабақтың әр кезеңі / 
оқушылар мен мұғалімнің әрекеті қанша уақыт алады 
деп ойлайтыныңызды жазыңыз; 
• 
Оқушылардың қалған/пайда болған сұрақтарына 
жауап беруге және негізгі ойларды қорытындылауға 
сабақтың соңында бірнеше минут бөліңіз; 
• 
Егер сізде уақыт қалған жағдайда, сабақтың өткен 
немесе алдағы тақырыбы бойынша қосымша 
талқылауды жоспарлаңыз; 
• 
Икемді болыңыз - сабақ жоспарын сыныптың 
қажеттіліктеріне сәйкес бейімдеуге дайын болыңыз 
және тиімдірек болып көрінетін бөлімдерге назар 
аударыңыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   181




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет