Сабақтарды қысқа мерзімді жоспарлау бойынша Әдістемелік ұсынымдар по краткосрочному планированию


Сабақтың әртүрлі кезеңдерін жоспарлау



Pdf көрінісі
бет45/181
Дата27.09.2023
өлшемі6.44 Mb.
#478867
түріСабақ
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   181
final-1

Сабақтың әртүрлі кезеңдерін жоспарлау 
Мұғалімдерге «Сабақты жоспарлаудың төмендегі кезеңдерінің 
қайсысы бойынша Сізде қиындық туындайды?» деген сұрақ келесі жауап 
нұсқаларымен (мұғалімдер бірнеше жауап нұсқаларын таңдай алады) 
қойылған болатын: оқу бағдарламасының мақсаттарынан сабақ 
мақсатын тұжырымдау; оқушыларды оқу іс-әрекетіне ынталандыру
оқушылардың білімін өзектендіру (өткен материалды қайталау); мақсат 
қою, сабақтың басында сұрақ / мәселе қою; мәселенің шешу жолдарын 
табу, мәселені шешу; мәселені шешуді тексеру және білімді бекіту; 
оқушылардың өзіндік жұмысы; әртүрлі деңгейдегі үй тапсырмалары; 
оқушылардың білімін бағалау (мұғалімнің бағалауы, өзін-өзі бағалау 
және өзара бағалау); оқушылардың сабақтағы рефлексиясы; сабақты 
жоспарлауда қиындықтар жоқ; жауап беруге қиналамын / басқа. 
Сауалнама нәтижелері бойынша мұғалімдердің шамамен 40% - ы 
сабақты жоспарлауда қиындық көрмейтінін атап өтті. Сонымен бірге
сауалнамаға қатысқан әрбір бесінші мұғалім оқу бағдарламасының 
мақсаттарына сүйене отырып, сабақтың мақсаттарын тұжырымдау қиын 
деп жауап берді (22%). Бұл нәтижелер мұғалімдердің сабақта мақсат қою 
дағдыларын күшейту және оқытылатын пән бойынша оқу 
бағдарламасының мазмұнымен жұмыс істеу қажеттілігін көрсетеді
өйткені сабақтың мақсаты - кез-келген сабақтың негізгі жүйе құраушы 
элементі болып табылады. Оқушылардың білім беру қызметінің 
тиімділігі және тұтастай алғанда білім беру үдерісі элементтерінің 
сабақтастығы көбінесе сабақтың дұрыс құрастырылған мақсатына 
байланысты. 
Респонденттер сабақтың келесі кезеңдерін жоспарлаудағы 
қиындықтар туралы да атап өтті: оқушыларды оқу іс-әрекетіне 
ынталандыру (16,5%), мәселенің шешу жолдарын іздеу, мәселені шешу 
(14%), сараланған тәсілді ескере отырып, әр түрлі деңгейдегі үй 


79 
тапсырмаларын жоспарлау (13,4%) және оқушылардың білімін бағалау 
(13%). 
Сабақты жоспарлау кезінде мұғалімдердің ең аз кездестіретін 
қиындықтары өзіндік жұмысты ұйымдастыру, сабақта оқушылардың 
рефлексиясы, сондай-ақ өткен материалды қайталау (білім 
алушылардың білімін өзектендіру) сияқты әрекеттерді қамтиды (6-сурет). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   181




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет