76
5-сурет.
«Сабақ жоспарын құрудың қандай пайдасын көресіз?»
сұрағына жауап берген педагогтердің үлесі/ %
Дереккөз: Республиканың 300 мектебінде Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА жүргізген онлайн-
сауалнама нәтижелері, 2023 ж.
Фокус-топтық пікірталастарды талдау көрсеткендей, мұғалімдердің
көпшілігі ҚМЖ-ны құрудың артықшылықтары туралы келіседі. №130
бұйрыққа сәйкес мұғалімдер қолданатын сабақ жоспарының үлгісіне
келетін болсақ, мұғалімдердің
бір бөлігі оның құрылымының
қисындылығы мен анықтығын атап өтті, ал
екінші бөлігі оны
оңтайландыру және жетілдіру идеяларын ұсынды.
Осылайша, сабақ жоспарын әзірлеу кезінде мұғалімдерге
академиялық еркіндік беру қажеттілігі туралы пікірлер айтылды.
Сонымен қатар, фокус-топтық
пікірталастардың нәтижелері
бойынша ҚМЖ-ны толтыруда ең үлкен қиындықтарды «педагогтің
әрекеті» және «оқушының әрекеті» тармақтары тудыратыны анықталды.
Көптеген
мұғалімдер
осы
тармақтар
үшін
әдіснамалық
айырмашылықтарды түсінетініне қарамастан, іс жүзінде оларды толтыру
кезінде ақпараттың нақты қайталануы орын алады. Осыған байланысты
ҚМЖ-дағы «педагогтің әрекеті» және «оқушының әрекеті»
Достарыңызбен бөлісу: