Сабақтарды қысқа мерзімді жоспарлау бойынша Әдістемелік ұсынымдар по краткосрочному планированию



Pdf көрінісі
бет44/181
Дата27.09.2023
өлшемі6.44 Mb.
#478867
түріСабақ
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   181
final-1

59
40.9
42.2
46.4
15.6
25.1
7
Сабақтың мақсатын 
толықтай ашуға 
мүмкіндік береді 
Сабақтың барысын 
бақылауға мүмкіндік 
береді 
Сабақ барысында 
білім алушылардың іс-
әрекеттерін 
жоспарлауға 
мүмкіндік береді
Сабаққа бөлінген 
уақытты тиімді 
пайдалануға мүмкіндік 
береді
Сабақта күтпеген 
жағдайларды 
болдырмауға 
мүмкіндік береді
Өзімнің кәсіби өсуімді 
бақылауға мүмкіндік 
береді
Сабақ жоспарын 
құрудың ешқандай 
пайдасын көрмеймін


77 
тармақтарының бірін алып тастау туралы не сабақтың тиісті кезеңінде 
сыныптағы жалпы іс-әрекетті ашатын оларды бір тармаққа ауыстыру 
туралы ұсыныстар айтылды. 
Оқушылардың іс-әрекетін жоспарлау кезінде сараланған тәсілді 
қолдануға ерекше назар аударылды. Мәселен, кейбір мектептердің 
мұғалімдері ҚМЖ-ға «ЕББҚ бар оқушылардың іс-әрекеттері» дейтін 
қосымша бағанын қосады. Кейбір мұғалімдер оқушылардың 
жоспарланған іс-әрекеттерін, соның ішінде академиялық үлгерімі төмен 
балалардың немесе ЕББҚ бар оқушылардың оқу әрекетін «оқушының 
әрекеті» тармағына жазғанын атап өтті (15-кесте). 
15-кесте. Фокус-топтық пікірталастардың нәтижелері бойынша 
сабақ жоспарын әзірлеудің пайдасы туралы мұғалімдердің 
пікірлері 

 «Ағымдағы сабақ жоспарының үлгісі түсінікті. Ол бізге кедергі жасамайды. 
Алдыңғы үлгілер ұзағырақ, көп уақытты қажет ететін, ал қазір қысқа және 
ыңғайлы модельге салынған» (респондент N-биология пәнінің мұғалімі) 

«Қысқа мерзімді сабақ жоспарын құру кезінде көбірек шығармашылық 
еркіндік беру керек» (респондент N-бастауыш сынып мұғалімі) 

«Сабақ жоспары болуы керек, бірақ мен ҚМЖ үлгісінің қатаң ережелеріне 
қарсымын... Мен ҚМЖ-дағы «оқушының әрекеті» тармағына қарсымын, себебі 
ол көп уақытты алады және бұл қосымша жұмыс. Оның орнына сабақтың 
кезеңдерінің өзін ғана жазған дұрыс» (респондент N-орыс тілі мен әдебиеті 
пәнінің мұғалімі) 

 «ҚМЖ-да сабақтың кезеңдерінің мазмұнын көрсету әлдеқайда маңызды. 
Ал «педагогтің әрекеті» және «оқушының әрекеті» тармақтары бір-бірімен 
үндеседі, көшіріліп жазылады, сондықтан бұл тармақтың қажеті жоқ» 
(респондент N-математика пәнінің мұғалімі) 

«Мұғалімнің өзі сабақтың барысын жоспарлап, дамытып жатқандықтан, 
ол өз іс-әрекетін қалай және қандай жолмен көрсетуге болатындығын біледі. Өз 
іс-әрекетін жоспарламаса да, мұғалім сабақты қалай жүргізу керектігін біледі, 
сондықтан ҚМЖ үлгісінде тек «оқушының әрекеті» тармағын қалдырған дұрыс 
болар еді. Жоспарлау көп уақытты қажет ететіндіктен, бізге тек 
оқушылардың іс-әрекеттерін жоспарлау оңайырақ болар еді, өйткені 
«оқушының әрекеті» мен «педагогтің әрекеті» бірдей әрекеттерді 
қайталайды» (респондент N – химия пәнінің мұғалімі) 

«Менде 8-сыныпта ЕББҚ бар бала оқиды және мен ҚМЖ – да ол үшін де 
барлық қадамдарды жазып шығамын. Оның сөйлеу қиындықтарына 


78 
байланысты диагнозы бар, сондықтан мен оған тапсырмаларды бейімдеп
сәйкесінше өз бағалау өлшемшарттарым бойынша бағалаймын, мұндай 
балаларды ҚМЖ-ға жазып, жеткілікті көңіл бөлу керек» (респондент N -
ағылшын тілі мұғалімі) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   181




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет