14-сурет. «Сабақтан кейін өзіндік рефлексия жүргізу сіз үшін қиындық тудырады ма?» деген сұраққа жауап берген мұғалімдердің үлесі /білім беру ұйымының орналасқан жері/ % Дереккөз: Республиканың 300 мектебінде Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА жүргізген онлайн-
сауалнама нәтижелері, 2023 ж.
Сабақтың әртүрлі кезеңдері бойынша әдістемелік қолдау немесе біліктілікті арттыру курстарының қажеттілігі Мұғалімдердің сабақтарды жоспарлау және өткізу бөлігінде
қосымша әдістемелік қолдау қажеттіліктерін анықтау үшін
респонденттерге сұрақ қойылды: «Сізге сабақтың әртүрлі кезеңдерін
ұйымдастыру бойынша қандай әдістемелік қолдау немесе біліктілікті
арттыру курстары қажет
(оқу бағдарламасының мақсаттарын сабақтың мақсаттарына түрлендіру / сабақтың басында сұрақ немесе мәселе қою / бағалау өлшемшарттары мен дескрипторларды әзірлеу / тапсырмаларды құрастыру / критериалды бағалау әдістері мен тәсілдерін қолдану / сабақтың әртүрлі кезеңдерінде білім алушылар арасында рефлексия ұйымдастыру / сабақтан кейін өзіндік рефлексия жүргізу)?». Сауалнама мұғалімдерге қиындық тудыратын сабақтарды
жоспарлау кезеңдері бойынша әдістемелік қолдау қажет екенін көрсетті.
Мәселен, әрбір үшінші мұғалімге оқу бағдарламасының
мақсаттарын сабақтың мақсаттарына түрлендіру (36,1%), жиынтық
бағалау үшін тапсырмалар жасау (30,9%) және жоғары тәртіп
дағдыларын өлшеуге тапсырмалар жасау (29,6%) сияқты бағыттар
бойынша әдістемелік қолдау қажет.
21.2
63.6
13.4
1.8
22.1
56.7
19
2.1
Иә
Жоқ
Ішінара
Жауап беруге қиналамын
қала
село
96
Әрбір
бесінші
мұғалім
бағалау
өлшемшарттары
мен
дескрипторларды әзірлеу дағдыларын жетілдіру (22,8%) және
критериалды бағалаудың әртүрлі әдістері мен тәсілдерін қолдану (19,1%)
бөлігінде қосымша қолдау қажеттігін атап өтті (15-сурет).