Сабақтарға әдістемелік нұсқаулық Орындаушы(лар)



бет2/11
Дата05.12.2023
өлшемі194 Kb.
#485515
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
жай сойлем практика тапс

Етістікті сөз тіркестері дегеніміз – басыңқы сыңары етістіктен жасалатын сөз тіркестері
Берік меңгеру – меңгеретін сөз бен меңгерілетін сөздің аралығындағы ішкі мағыналық байланысқа құрылатын, бағыныңқы сыңарының белгілі бір тұлғада (септік жалғауында) тұруы басыңқы сыңардың тікелей лексика-грамматикалық мағынасына байланысты болатын меңгеру түрі.
Әлсіз меңгеру – бағыныңқы компоненттің белгілі бір септік жалғауында тұруы басыңқы компоненттің тікелей лексика-грамматикалық мағынасына тәуелді болмай, жалпы айтылмақшы ойға, сөйлемнің мазмұнына, басқаша айтқанда, меңгеруші сыңардың қосалқы грамматикалық мағынасына қатысты болатын меңгеру түрі.
Меңгеру – сөз тіркесінің құрамындағы бағыныңқы сыңардың атау мен іліктен басқа септіктердің бірінде тұрып басыңқымен байланысуы.
Ортақ меңгеру – бағыныңқы сыңарлары барыс, табыс, жатыс, көмектес жалғаулы зат есім, есімдік, сан есім, есімше, үстеу сөз таптары болатын толықтауыштық, пысықтауыштық қатынаста жұмсалатын басыңқы сыңары үнемі күрделі болатын меңгеріле байланысқан сөз тіркестері.

  1. Тапсырма. Т.Сайрамбаевтің «Сөз тіркесі мен жай сөйлем синтаксисі» (Алматы: «Рауан», 1991) оқулығынан «Қазіргі қазақ тіліндегі салт-сабақты етістіктердің меңгеруі туралы» тақырыбын (158-174-бб аралығын) конспектілеп, мазмұндаңыз.

  2. Блиц-тест

  1. Толымды матаса байланысқан сөз тіркесін белгілеңіз: А) үйдің іші В) столдың үсті С) сайдың маңы Д) кітаптың мұқабасы Е) ағаш жапырағы

  2. Басыңқы сыңары етістіктен жасалатын сөз тіркесі – А) етістікті сөз тіркесі В) есімді сөз тіркесі С) үстеулі сөз тіркесі Д) ортақ басыңқы сыңарлы сөз тіркесі Е) зат есімді сөз тіркесі

  3. Бағыныңқы сыңарлары барыс, табыс, жатыс, көмектес жалғаулы зат есім, есімдік, сан есім, есімше, үстеу сөз таптары болатын толықтауыштық, пысықтауыштық қатынаста жұмсалатын басыңқы сыңары үнемі күрделі болатын меңгеріле байланысқан сөз тіркестері – А) меңгеріле байланысқан сөз тіркесі В) ортақ меңгеріле байланысқан сөз тіркесі С) әлсіз меңгеріле байланысқан сөз тіркесі Д) берік меңгеріле байланысқан сөз тіркесі Е) зат есімді сөз тіркесі

  4. Сөз тіркесінің құрамындағы бағыныңқы сыңардың атау мен іліктен басқа септіктердің бірінде тұрып басыңқымен байланысуы – А) меңгеру В) қабысу С) жанасу Д) матасу Е) қиысу

  5. Толымсыз матаса байланысқан сөз тіркесін белгілеңіз: А) меңгерудің ережесі В) қабысудың анықтамасы С) сөздердің жанасуы Д) кісі сөзі Е) адамның ойыны

Әдебиеттер
М.Балақаев, Т.Сайрамбаев. Қазіргі қазақ тілі. Алматы, 1997.41-б,65-68-бб.,83-98-бб.
Қазақ грамматикасы.Фонетика, сөзжасам, морфология, синтаксис. – Астана, 2002. 592-605-бб.622-625-бб.-бб.
Сайрамбаев Т. Сөз тіркесі мен жай сөйлем синтаксисі. - Алматы: «Рауан», 1991. 158-174-бб
Қосымша әдебиеттер
С.Хасанова, Т.Әбдіғалиева, Қ.Қасабекова, Б.Шалабаев. Кестелі грамматика. Алматы, 1996.49-75-бб.
3-практикалық сабақ тақырыбы. Сөз тіркесін топтау. Сөз тіркесінің құрылысы туралы. Сөздердің тіркесу қабілеті.
Сабақ жоспары:

  1. Теориялық сұрақтарға жауап дайындау:

1 Меңгеріле байланысқан есімді сөз тіркестері, түрлері.
2. Қиыса байланысқан сөз тіркестерінің сипаты мен оған қатысты көзқарастар.
3. Меңгеру және оның түрлері.
4. Меңгеріле байланысқан етістікті сөз тіркестері, түрлері
5 Ортақ меңгеріле байланысқан сөз тіркестері
6. . Қиысу және оның түрлері.
2. Жаттығулар орындау.
2.1 Көп нүктенің орнына төменде берілген сөздерден тиісті бағыныңқы сыңарларын тауып, функциясын түсіндіріңіз.
Керекті сөздер: жарық, құдыретіне, күш, дүние болғалы, сұлулыққа, асқаралы, асқар, анадан, әйелден.
Осынау ... дүниеде анадан абзал, анадан ардақты кім бар екен. Дүние... ешкімнен тайсалмаған, ештеңеден жеңілмеген екі алып .. бар. Оның бірі – ақылдылық, екіншісі – батырлық. Алайда осы екі алыптың өзі ... бір күштен жеңілген. Оның аты – ана құдыреті. Әйел нәзіктігі. Бір ғана құдыретіне - ...бас иген күлкісі көп, ұйқысы жоқ сергек сезімге табынған. Ол қасиет ..., ... табынған. Дүниедегі жарық пен жақсылық атаулы әйелдің ақ сүтінен жаралғаны хақ. Бүкіл жер дүниені тітіркенткен, айбынынан ай жасырынған айтушы әміршілер де ана ... қарсы келе алмады емес пе? Ендеше ана алдында ... тау да аласа.
2.2. Төмендегі сөз тіркестерін түр-түріне ажыратып, әрқайсысын бөлек-бөлек топтап жазыңдар.
Бабымен пісіру, өнегелі бала, сыр жасырмау, ақыл айту, әсем әуен, киелі сөз, нардан жығылу, сұлуды сүймек үшін, ойнақтаған бота, өтіріктің өрісі, намысына тию.
2.3. Сөйлемдердегі анықтауыштық, толықтауыштық, пысықтауыштық қатынастағы сөз тіркестерін тауып, сөздердің байланысу тәсілдері мен формасын ажыратыңыздар.
Кешкі салқынға еті шімірігіп қалтырап кеткен құдықшы орнынан тұрып, қосқа беттеді. Табадағы қызыл шоққа бөксесін тығып, ызыңдай әндеткен шұнақ шүмек жез шәйнектің күрең шайы күні бойы дамыл көрмеген құдықшының денін жайып барады.
Бақылау сұрақтары

  1. Сөз тіркестерінің байланысу формалары дегеніміз не?

  2. Қиысу дегеніміз не, жақтық қиысу мен көптік, мағыналық қиысулардың айырмасы неде?

  3. Ортақ меңгерудің ерекшелігі неде?

  4. Сөз тіркесінің қандай түрлері болады?

  5. Салаласа байланысқан сөз тіркестері мен сабақтаса байланысқан сөз тіркестерінің ерекшелігі неде?

Глоссарий
Сөздердің өзара байланысу тәсілдері негізінде қалыптасқан синтаксистік байланыс жүйесі сөздердің байланысу формалары деп аталады.
Сөз тіркесіндегі сөздердің қосымшалар арқылы байланысуы – синтетикалық байланыс деп, ал қосымшаларсыз, орын тәртібі, интонация, шылаулар арқылы байланысуы аналитикалық байланыс болады.
Тапсырма
С.Аманжоловтың «Қазақ әдеби тілі синтаксисінің қысқаша курсы» (Алматы, 1994. 143-148-бб) еңбегінен § 13-16 конспектілеңіз.
Блиц-тест

  1. Сөз тіркесі болу шарттарының бірі – А) екі сөздің болуы В) синтаксистік қатынаста болмауы С) тек пысықтауыштық қатынаста тұруы Д) толық мағыналы екі сөздің тіркесуі Е) қарама-қарсы мағыналы сөздердің тіркесуі

  2. Сөз тіркесі бола алмайтын тіркесті белгілеңіз: А) ауыл арасы В) жақсы оқушы С) білімді жігіт Д) көргенге қуану Е) үмітпен тірлік ету

  3. Етістікті сөз тіркесін белгілеңіз: А) келген адам В) көрмені аралау С) ақпа құлаққа айтсаң, ағып кетер Д) үкілі үміт Е) көзді ашып-жұмғанша

  4. Күрделі сөз тіркесін белгілеңіз: А) көз қуанышы В) ғылыми зерттеу С) асығып-аптығып жету Д) ақыл-кеңес Е) досымен кездесу

  5. «Етістік – зат есім» үлгісіндегі сөз тіркесін белгілеңіз: А) қалған көңіл В) ауыр жүк С) биік шың Д) терең құз Е) көңілсіз құлақ, ойға олақ.

Әдебиеттер
М.Балақаев, Т.Сайрамбаев. Қазіргі қазақ тілі. Алматы, 1997.41-б,65-68-бб.,83-98-бб.
Қазақ грамматикасы.Фонетика, сөзжасам, морфология, синтаксис. – Астана, 2002. 592-605-бб.622-625-бб.-бб.
Қосымша әдебиеттер
С.Хасанова, Т.Әбдіғалиева, Қ.Қасабекова, Б.Шалабаев. Кестелі грамматика. Алматы, 1996.49-75-бб.
4- практикалық сабақ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет