Сабақтарға әдістемелік нұсқаулық Орындаушы(лар)



бет5/11
Дата05.12.2023
өлшемі194 Kb.
#485515
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
жай сойлем практика тапс

Тапсырма:

  1. Мәтіннен бір бас мүшелі жай сөйлемдерді (жақсыз сөйлем, белгісіз жақты, жалпылама жақты сөйлем, атаулы сөйлем) табыңыздар. (Үлестірмелі карточка)

  2. Бір құрамды сөйлемдердің бас мүшесін (баяндауыш) дара, күрделі құрылысына қарай айырып, қандай тұлғалы етістіктерден жасалғанын айтыңдар. (Үлестірмелі карточка)

Блиц тест
1. Баяндауышы күрделі етістіктен болған сөйлемді белгілеңіз: А) Қ. Жұбанов –ғылым қайраткері В) Студенттер емтиханға дайындалып жүр С) Өзің білме, білгеннің тілін алма Д) Таспен атқанды аспен ат Е) Білгенің бір тоғыз, білмегенің тоқсан тоғыз.
2. Жақты сөйлемді белгілеңіз: А) Мен келдім В) Студентке сабақтан кешігуге болмайды С) Онымен танысуға болады Д) Айтқанын істемеуге болмайды Е) Мұны айтпауына болмай қалды.
3. Жақсыз сөйлемді белгілеңіз: А) Абайдың да ішек – сілесі қатып еді В) Машинадан түсіп амандастық С) Қар әлі борап тұр Д) Ауызба-ауыз сөйлес Е) Әзілдесіп отырдық
4. Жайылма сөйлемді табыңыз: А) Боран В) Күн шықты С) Күн бозарып тұр Д) Таң сібірлеп атты Е) Орман шалғайда
5. Толымсыз сөйлемді табыңыз: А) Сенің кәрі анаң бар В) Қыстыгүні ұрын бардым С) Көпей есікке қарай тез барды Д) Күңке тез жүгіре жөнелді Е) Мен оған қағазды көрсеттім
6. Әңгіме болып отырған оқиғаны, кісінің, затты тыңдаушының есіне түсіру мақсатындағы қыстырма сөйлемі бар синтаксистік тұлғаны анықтаңыз: А) Сонау бір адырақ көз өкіл келіп еді ғой, соның сөзі дұрыс еді. В) Ұмытпасам, бұл оқиға алдыңғы жылы болып еді С) Қайдам, қолдан келе қойса Д) Айтып қояйын, бұл жолы пайда менікі Е) Айтпақшы, ертең ерте кел.
7. «Өзі» сөзі демеулік қызметте тұрған сөйлемді көрсетіңіз: А) Өзінің мінезі В) Жиынға өзі қатысты С) Өзі келді Д) Біз өзі екі ағайындымыз Е) Өзімдікі дегенде өгіз қара күшім бар
8. Бастауышы етістіктің субстантивтенуі арқылы жасалған сөйлем: А) бір сөйлемде бірнеше пікірді береді В) субьект қимыл мен предикативтің қимылын қатынасқа түсуін білдіреді С) предикативтік емес қатынас түрлерінің бірін көрсетеді Д) субьект зат пен оның сынмен предикативтік қатынасқа түсуін білдіреді Е) атрибуттық қатынасты білдіреді
9. Негізгі тірек мүшесі етістіктің субстантивтенуінен болған атаулы сөйлемді көрсетіңіз: А) Түн В) белес-белес биік қар С) айдала Д) жұмсақ леп Е) сондағы қиналғаным-ай
10. Бастауыш дегеніміз А) зат есім, есімдік, не зат есім орнына жүрген есімше сөздермен байланысып, олардың түрлі сынын, сапасын білдіретін сөйлем мүшесі В) сөйлемде айтылған ойдың кім, не туралы екенін атап, баяндауышы арқылы айтылған қимылдың, сапаның кімге қатысты екенін білдіретін сөйлем мүшесі С) предикативтікі-әрекетті, сапаны білдіретін сөйлем мүшесі Д) қимылдың обьектісін білдіретін сөйлем мүшесі Е) өзге сөзбен тіркесіп, сөйлем мүшесі болатын сөздер
11. Сөйлемде анықтауыш мүше ретінде енген төл сөзді белгілеңіз: А) «Жақсы сөз-жарым ырыс», - деді Әсем В) «Былай тұр», - деген Ызғұттының қатты бұйрығы естілді. С) «Сен қашан келдің?» - деп сұрады әжем Д) Міне, енді дұрыс – деп риза болды Е) «Жақсының жақсылығын айт, нұры тассын», - деді Асылзат
12.Бұйрықты сөйлемді көрсетіңіз А) Жүрегі орнына түсті В) Туу, басым қатып кетті ғой С) Қандай тамаша сөз Д) Өзі барды Е) Егіннің болары болды ғой, онан да шөпті айтсаңшы
13. Сөйлеушінің эмоциясын қоса білдіретін сөйлем А) бұйрықты сөйлем В) лепті сөйлем С) атаулы сөйлем Д) хабарлы сөйлем Е) жай сөйлем
14.Реплика ретіндегі лепті сөйлемді ажыратыңыз: А) Жетіскен екенсің – Жетіскенде қандай В) Сен хатшыны шақырасың ба, айтатыным бар еді. С) Олардың көзіме оттай басылғанын айтсаңшы Д) Сен осы ұсынысты енгізші Е) Тезірек жүріңіз.
15.Болымсыз сөйлемді табыңыз: А) Асан жақсы оқиын десе, қолынан келмейді емес В) Омбылайтын қалың қар жоқ. С) Жазғанында кемшілік жоқ емес Д) Асан кірді Е) Жауабын дұрыс айтты.
6-практикалық сабақ тақырыбы. Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері.Толықтауыш, олар туралы көзқарастар. Анықтауыш, түрлері. Пысықтауыш, олар туралы көзқарастар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет