Сабақтарға әдістемелік нұсқаулық Орындаушы(лар)


Меңгеріле байланысқан сөз тіркестері, түрлері. Матаса байланысқан сөз тіркестері. Матаса, жанаса байланысқан сөз тіркестері



бет3/11
Дата05.12.2023
өлшемі194 Kb.
#485515
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
жай сойлем практика тапс

Меңгеріле байланысқан сөз тіркестері, түрлері. Матаса байланысқан сөз тіркестері. Матаса, жанаса байланысқан сөз тіркестері.
Сабақ жоспары.
1. Теориялық сұрақтарға жауап беріңіз.
1.1. Жақты сөйлемнің анықтамасын, жасалу жолын айтыңыз.
1.2. Жақсыз сөйлемнің жасалу жолы.
1.3.Жақты сөйлемнің түрлерін атаңыз.
2. Жаттығулар орындау.
2.1. Көркем әдебиеттен мысалдар теріп, кестені толтырыңыз. Жасалуына тоқталыңыз, синтаксистік талдау жасаңыз.

Жақты

Жақсыз

Жалаң

Жайылма

Дара баяндауышты
















2.2. Түсірілген сөздерді қойып жазыңыз. Сөйлемге синтаксистік талдау жасаңыз. Керек сөздер: мүлкі , қарағайдан, ақ отауы, өмір, көшіп-қонып, ықшам, қайыңнан, бесікті, талдан, гигиеналық..
БЕСІК
Көшпелі ... кешкен қазақ халқының аса қастерлеп ұстаған ... бесіктің қадір-қасиетін кім білмейді? Бесік – өмірге жаңа келген періште-сәбидің ..., оның ер жеткенде алаңсыз балалық шағын есіне түсіретін ардақ тұтар асыл бұйымы емес пе?! Қазақтар бесікті ... , ... , көбіне ... жасайды. ... «тал бесік» деп атаудың сыры осында. Бесік көшіп-қонатын қазақ тіршілігіне өте ыңғайлы. Оны түйе үстіне, өзге жүктермен қоса артып жүре береді. Кейде бала бөленген бесікті де осылай алып жүретін болған. Бұл қазақтың «баланың ұйқысын бұзған періштенің үйін бұзғанмен барабар» деген ұғымына толығымен сай келеді.
Ал бесіктің құрылымы балаға ... тәрбие беруге лайықталған әрі алып жүруге жеңіл, ... және берік. Ол баланың тазалығына өте қолайлы, өйткені арнайы қойылатын түбек пен шүмек баланың дәретін жаймай, таза және ұзақ ұйықтауына жағдай жасайды. Бұл үй шаруашылығымен айналысып жүретін анаға қалай қолайлы болса, ... жүргенде, баланың өзінің де денінің сау болып өсуіне де тиімді.
Глоссарий
Жайылма сөйлем – ойға қатысты барлық сөйлем мүшелері қатысқан сөйлем.
Блиц‑тест
1.Жақсыз сөйлемді көрсетіңіз.
А/ Бүгін менің арманымның орындалған күні.В/ Бота боздап, қозы маңырап сала берді.Г/ Ашулы бәйбіше үйді басына көтерді. Д/ Қара ит иесінің исін сезіп қыңсылай бастады.
2.Жалаң сөйлемді көрсетіңіз.
А/ Олар келді. В/ Әбдірахман оқуын келер жылы жалғастырады. Г/ Оның бойында инабаттылық пен мейірім тұнып тұр. Д/ Көзінің алдына бұрынға Ханзада келе берді, келе берді.
3.Баяндауыштың жасалу формасын көрсетіңіз. Бұл алқаптың шөбін жұлуға болмайды.
А/ барыс септік тұйық райлы етістік +болады. В/ барыс септік тұйық райлы етістік +болады/ екен Г/ шығыс септік тұйық райлы етістік +болады Д/ табыс сетпік тұйық райлы етістік +болады
4.Жақсыз сөйлемді көрсетіңіз..
А/Жайлау кеші В/ Сарыарқа көлі. Г/ Дәмеш баж ете қалды. Д/ Бөтен кісіге сырды жайып салмас болар
Әдебиет
М.Балақаев, Т.Сайрамбаев. Қазіргі қазақ тілі. Алматы, 1997. 151-160--бб
Р.Әмір, Ж.Әмірова Жай сөйлем синтаксисі. Алматы, 1998. 82-94-бб.
Қазақ грамматикасы.Фонетика, сөзжасам, морфология, синтаксис. – Астана, 2002. 592-605-бб.622-625-бб.-бб.
5-практикалық сабақ тақырыбы. Сөйлемді құрайтын элементтер. Сөйлем мүшелерінің зерттелуі. Сөйлем мүшелерінің жасалуы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет