Сабақтарға әдістемелік нұсқаулық Орындаушы(лар)



бет9/11
Дата05.12.2023
өлшемі194 Kb.
#485515
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
жай сойлем практика тапс

Баяндауыш ─ сөйлемде грамматикалық жағынан бастауышқа бағынып, оның іс-әрекет, қимылын, түрліше дәрежедегі заттық, сапалық қасиеттерін білдіріп тұратын негізгі мүше.
Бастауыш ─ сөйлемде айтылатын ойдың негізі, баяндауыш арқылы айтылған қимыл-әрекеттің иесі (субъект), баяндауышпен предикаттық қатынаста жұмсалып, оны өзіне бағындыра отырып, сөйлемнің негізін құрайтын тұрлаулы мүше.
Тапсырма. Көркем әдебиеттен 10 сөйлем теріп синтаксистік талдау жасаңыз.
Блиц тест құрастырыңыздар.
Әдебиет
М.Балақаев, Т.Сайрамбаев. Қазіргі қазақ тілі. Алматы, 1997. 151-160--бб
Р.Әмір, Ж.Әмірова Жай сөйлем синтаксисі. Алматы, 1998. 82-94-бб.
Қазақ грамматикасы.Фонетика, сөзжасам, морфология, синтаксис. – Астана, 2002. 592-605-бб.622-625-бб.-бб.
11- практикалық сабақ тақырыбы. Анықтауыш, жасалуы, түрлері, тұлғалары. Толықтауыш, жасалуы, түрлері, тұлғалары. Пысықтауыш, жасалуы, түрлері.
Сабақ жоспары:

  1. Теориялық сұрақтарға жауап дайындау:

  1. Анықтауыштың сипаттамасы, түрлері

  2. Сын есімдерден болған анықтауыштар

  3. Сан есімдер мен сілтеу есімдіктерінен болған анықтауыштар

  4. Есімшелерден болған анықтауыштар

  5. Зат есімдерден болған анықтауыштар

  6. Күрделі және үйірлі анықтауыштар

  7. Анықтауыштың сөйлемдегі орны

  8. Пысықтауыштың анықтамасы, түрлері

  9. Мезгіл пысықтауыштар және олардың жасалуы

  10. Мекен пысықтауыштар және олардың жасалуы

  11. Мақсат пысықтауыш және оның жасалуы

  12. Себеп пысықтауыш, оның жасалуы

  13. Амал пысықтауыштар, жасалуы, түрлері

  14. Пысықтауыштың сөйлемдегі орны.

  15. Толықтауыш және оның түрлері, жасалуы.

  16. Толықтауыштың сөйлемдегі орны.

  1. Жаттығулар орындау

2.1 Сөйлемді сөйлем мүшелеріне ажыратып талдаңыз, сөйлем мүшесінің әрқайсысына сипаттама беріңіз, жасалу жолын түсіндіріңіз.
Бұл жағдай өзгелерден гөрі Есейді қуантты. Ерте келгеніме өкініп тұрған мен жоқ. Шаймерденнің кездескеніне Азамат балаша қуанды. Елеусіздің ән салуға даусы жоқ. Осы ел біледі ғой, Қайырбек партизан болып ертеде қандай жорық шеккенін. Сізде қағаз ақша жоқ па қалам, сауыт сатып алатын? Қысылғаныңа көрінсін Кәкітай «Шоңның» деген сөз жоқ. – Мен білсем осы төрттікті өлең қып тұрған – жалғыз менің ұйқасым.
Жасыратыны жоқ қызыл кеп теңестірмесе, Шопан тұқымы бізді күні бүгінде қорғалатып ұстап отыр. Сонымен қысқасын айтқанда, Балжан мен Шүкей бір-біріне ғашық болды. Маған қызығы, әрине, ас емес. Жә, тапқаның мен танығаныңды сен мәлім етші, балам. Менің тапқаным бәрі осы қағазда, Ызқұтты аға осыны жаныңа сақтағайсың.
Бақылау сұрақтары:

  1. Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері дегеніміз не?

  2. Анықтауыш дегеніміз не?

  3. Толықтауыш дегеніміз не?

  4. Пысықтауыш дегеніміз не?

  5. Тура толықтауыш дегеніміз не?

  6. Жанама толықтауыш дегеніміз не?

  7. Зат есімдерден болған анықтауыштардың ерекшеліктері?

  8. Тәсілдік амал пысықтауыш болатын қандай сөз таптары? Мысал келтіріңіз.

  9. Сапалық амал пысықтауыш болатын қандай сөз таптары? Мысал келтіріңіз.

Глоссарий
Амал пысықтауыш – қимылдың қандай тәсілдермен атқарылуын білдіретін пысықтауыш.
Тура толықтауыш – табыс септігінде жұмсалатын толықтауыш түрі.
Толықтауыш – қимыл процесінің объектісі болатын тұрлаусыз мүше.
Тапсырма. Көркем әдебиеттен 10 сөйлем теріп синтаксистік талдау жасаңыз.
Блиц-тест
1) Бастауыш – А) сөйлемде айтылатын ойға негіз болатын, баяндауыш арқылы айтылған қимылдың не басқа сапаның иесі болатын мүше В) предикативтік іс-әрекетті, сапаны білдіретін сөйлем мүшесі С) етістіктен болған сөйлем мүшесіне қатысып, іс-қимылдың түрлі сапасын, мезгілін, мекенін білдіретін мүше Д) сөйлемде зат есім, есімдік немесе зат есім орнына жүрген есімше сөздермен байланысып, олардың түрлі сынын, сапасын білдіретін сөйлем мүшелері Е) етістіктен, есімнен болған мүшемен байланысып, істің, сапаның, заттың объектісін білдіретін сөйлем мүшесі.
2) Предикативтік іс-әрекетті, сапаны білдіретін сөйлем мүшесі – А) бастауыш В) баяндауыш С) анықтауыш Д) толықтауыш Е) пысықтауыш
3) Етістік арқылы айтылған іс-әрекеттің, қимылдың мақсатын білдіретін пысықтауыш – А) мақсат В) мезгіл С) сын-қимыл Д) себеп Е) мекен
4) Мекен үстеулерінен жасалған мекен пысықтауышты сөйлемді табыңыз: А) Шаң шудаланып ілгері жылжыды. В) Кеңшілікте отырып әңгімелесті. С) Қараңғыда жолды әзер тапты. Д) Келеріңде соны ерте кел. Е) Барғанда хабарлай сал.
5) Үйірлі анықтауышы бар сөйлемді табыңыз: А) Көктемдегі қызғалдақтай қызық заман. В) Ән салған – анау қара шашты жігіт. С) Жасқанар кісіні көрмедім. Д) Көкорай шалғын адамның тізесінен келеді. Е) Төрде көзі жасаураған кісі отыр екен.
Әдебиет
М.Балақаев, Т.Сайрамбаев. Қазіргі қазақ тілі. Алматы, 1997. 151-160--бб
Р.Әмір, Ж.Әмірова Жай сөйлем синтаксисі. Алматы, 1998. 82-94-бб.
Қазақ грамматикасы.Фонетика, сөзжасам, морфология, синтаксис. – Астана, 2002. 592-605-бб.622-625-бб.-бб.
12- практикалық сабақ тақырыбы. Оқшау сөздер, түрлері
Сабақ жоспары:

  1. Теориялық сұрақтарға жауап дайындау:

1. Оқшау сөздер туралы жалпы түсінік
2. Қаратпа сөздер
3. Қыстырма сөздер
4. Одағай сөздер
2. Жаттығулар орындау.
2.1 Сөйлемге синтаксистік талдау жасаңыздар
Азығымен жер мүсінді, Еңбегімен ер мүсінді. Бәріне пәтер керек. Қуаныштымын, екеуіңе де барынша ырзамын. Ішінде қазақтан төртеуміз. - ... Ағылшындар тұсында алғанымыздан қалдырғанымыз көп болатын. Кең жазық маңдайында ажым аз. ... Андрей Жабай қартпен шүйіркелесе кетті. Түстен бері осы қонақтар Абайдың үстіне келіп, сәлем берісіп, түстік астан, күндізгі шайдан ішісті. – Мен осы колхозға мүшемін бе, шеттен келген кірмемін бе?.. – Мен саған кіммін? Іс жүзіндегі жайларынан бәрі де әдемі. Өнер, білім бар жұрттар тастан сарай салғызды... Аңшылар он күннен бері бүркітпен, тазымен көп түлкі алды. Оныншы төртіншіден озып кетті. Ғылымның пайда болуы, дамуы мен өркендеуі қоғамның даму процесімен тікелей байланысты. ...Жабай Апақтың бетінен сүйді де, үйге қарай беттеді. Қазіргі оқылғаннан сіз ойлаған адамды таппадым. Бірақ осындай көрнекті өріске қадам басқан бір-екі кісі оқығандарында болған екен. Түпсіз терең жүректе жарқыраған шындық бар. Мен бұл хатты біреуден беріп жіберем. Ояу отырмысың, қалғып кеттің бе, оған оның бәрібір. Үй іші сол 1992 жылғысынан өзгермеген.

    1. . Текстен қаратпа сөздерді тауып, тиісті үтірлерді қойып, себебін түсіндіріңдер.

  • Нұрбала жеңгей мынадай қызыл қуырдақ болып тұрса, алыссынбай-ақ келіп тұрар едім... – деп Молдақым көзін қысыңқырай күліп, шыны аяғын төңкеріп кейін шегінді.

- Шұбар жолдас оқу қалай? – деп Әбдіжан өзіне еркелене келіп сәлем берген баланың басынан ұстап жылылық етті.
-Жақсы аға мен Шұбар емес, Нұрманмын.
-Әке мына қозыларың не, қойныңа не салдың? Аяқ танып енесіне ере алмайтын әлде шала ма? – деп Нұрман қабағын түйе әкесінің қойнындағы қозыларды қолына алып көре бастады.
-Шырағым-ау немене сенің билерің де қозы тапқан ба? – деген Сейдахметтің қалжың сұрағына Жоламан күліп.
-Шопан ағай Құм текейдің жылқысы қоздамағанымен, қараған тобылғысы қоздайтын болған білем.
Бақылау сұрақтары

  1. Қаратпалы сөйлемдердің ерекшелігі неде?

  2. Қаратпа сөздердің анықтамасы қандай?

  3. Жайылма қаратпалардың ерекшелігі неде?

  4. Одағай сөздер деп қандай сөздерді айтамыз?

  5. Қыстырмалы сөйлемдердің ерекшелігі неде?

Глоссарий
Қаратпа сөз дегеніміз – басқа біреудің назарын аудару мақсатымен соған қаратыла айтылған сөз немесе сөз тіркесі.
Сөйлемдегі ойға, оның айтылу тәсіліне айтушының қалай қарайтынын білдіретін оқшау сөз қыстырма деп аталады.
Тапсырма
Р.Әмірдің «Жай сөйлем синтаксисі» оқулығынан «Қыстырма сөз, сөйлемдер » (Алматы, 1998. 99-102-бб) тақырыбынан конспектілеңіз.
Әдебиеттер
М.Балақаев, Т.Сайрамбаев. Қазіргі қазақ тілі. Алматы, 1997. 213-219-бб.
Р.Әмір.Жай сөйлем синтаксисі. Алматы, 1998. 99-102-бб.
Қосымша әдебиеттер
С.Хасанова, Т.Әбдіғалиева, Қ.Қасабекова, Б.Шалабаев. Кестелі грамматика. Алматы, 1996.
13- практикалық сабақ. Сөйлем мүшелерінің орын тәртібі. Сөйлемнің бірыңғай мүшелері.
Сабақ жоспары.
1. Теориялық сұрақтарға жауап беріңіз.
1.1. Сөйлем мүшелерінің орын тәртібі туралы зерттеулер.
1.2. Сөйлемнің тұрлаулы мүшелерінің орын тәртібі.
1.3. Сөйлем мүшелерінің орын тәртібінің өзгеруі.
1.4. Сөйлемнің бірыңғай мүшелерінің тыныс белгісі.
1.5. Жалаң сөйлемдер.
1.6. Жайылма сөйлемдер.
2. Жаттығулар орындау.
2.1. Сөйлемнің тұрлаулы мүшелерін табыңыз. Сөйлем мүшелерінің орын тәртібін түсіндіріңіз.
Отан – алтын бесік
Отбасына, дос‑жаранға, қоршаған әлем, жан‑жануарларға Отанына, туған жеріне деген ыстық ықыластан басталған махаббат сезімі сыйластықпен ұласса, ол – адамның рухани деңгейінің биіктігі. Бауыржан Момышұлы «Опасызда Отан жоқ» десе, қарт Жамбыл:
Отаным десем, ойыма,
Шалқыған байтақ жер келер.
Отаным десем, ойыма,
Көгілдір тартқан көл келер.
Баурайы байлық, қойны құт,
Отаныма ешқашан
Мекен де болмас тең келер»‑
деп, ел, туған жер құдыретін шалқи жырлаған. Тылсым дүние төсінде еркін тыныстап жатқан ерікті елге деген сый, махаббат сезімі әрдайым осылай тасқындаса керек. «Алтын ұяң Отан қымбат... Туып өскен елің қымбат, кіндік кескен жерің қымбат» /Қазыбек би/.
Туған жердің қадірін білмеген, оны құрметтемеген адамды ел азаматы деп айтуға болмайды. Батыр бабаларымыз туған жердің бір уыс топырағын жау қолына бермес үшін қасық қаны қалғанша күресті. Адамның тәні мен жанының тілегі, мақсаты бір болып, бір игілікке жұмылғанда ғана оның әрекеті өнегелі болады, олай болмағанда, рухани әлем мен әрекет арасында қайшылық туып, адам баласы қаскүнемдік іс істеп, сый‑құрметтен айырылады.
А.Мұсабекова.
2.2. Көркем әдебиеттен бірыңғай мүшелері бар сөйлемдер теріп жазып, бірыңғай сөйлем мүшелері және олардың сөз табына қатысын талдаңыз.
2.3. Бастауышы, баяндауышы актуалды позицияға ауысқан сөйлемдерге көркем әдебиеттен мысалдар жазыңыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет